Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РЭС сборник.docx
Скачиваний:
202
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
447.77 Кб
Скачать

1 Түсіндірме жазба

Бұл үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және 1306000 «Радиоэлектроника және байланыс» мамандығының орта буынды 1306113 «Техник-электроник» біліктілігіне (ҚР МЖМБС 4.05.048-2008) арналған білім беру бағдарламасы негізінде құрастырылды.

Бұл пәнде құрылымдық және қызметтік сызбалардағы шартты графиктік белгілеулері, приборлардың шартты-графиктік белгілеулері оқытылады.

Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау мақсатында, үлгілік оқу бағдарламасын іске асыруда дәстүрлі оқу жүйесін, жаңа технологияларды (модульдік, кредиттік және т.б.); дидактикалық және көрнекі құралдар: плакаттар, модельдер, оқу бейнефильмдер, электрондық оқулықтар, оқу және оқу-әдістемелік құралдар қолдануға ұсынылады.

«Сызу» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасын құрастыруда оқытуды ұйымдастырудың келесі түрлері: лекциялар, семинарлар, тәжірибелік сабақтар(зертханалық жұмыстар), бақылау жұмыстары және басқалар ұсынылады.

Теориялық білімдерді бекіту және қажетті тәжірибелік дағдылар мен біліктілікті қалыптастыруда пән бағдарламасында зертханалық жұмыстар өткізу қарастырылған.

«Сызу» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы білім беру мекемелері үшін жұмыстық оқу бағдарламасын құрудың негізі болып табылады.

Жұмыстық оқу бағдарламасын құруда білім беру мекемесі құқылы:

  • циклға бөлінген оқу уақыты көлемін сақтай отырып, үлгілік оқу жоспарында пәнді оқытуға бөлінген оқу уақыты көлемін 10-20% аралығында өзгертуге (ҚР МЖМБС 4.05.048-2008 «Орта білім. Техникалық және кәсіптік. Негізгі ережелер»);

  • оқудың жалпы сағат көлемін бөлімдер мен тақырыптарға бөлуге(пәнді оқытуға бөлінген жалпы бюджеттік сағат көлемінде);

  • бағдарлама материалдарын оқытуда бірізділікті сақтай отырып өзгертуге;

  • жекелеген тәжірибелік және зертханалық жұмыстарды мазмұндас жұмыстармен алмастыруға;

Бөлімдер мен тақырыптардың тізімі аймақтық компоненттердің енгізілуі есебінен, жұмыс берушінің талабы және жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып өзгертілуі мүмкін.

2 Пәнді оқытудың жоспарланған нәтижесі

Стандартта және білім бағдарламасында жоспарланған оқу нәтижесі

Үлгілік оқу бағдарламасында жоспарланған нәтиже

Білім алушылар келесі құзыреттіліктерге ие болулары керек:

Базалық құзыреттілік:

БҚ 4. Өз қызметін және оның нәтижесін талдау мен бағалау;

БҚ 6. Қойылған мақсатқа сәйкес өз қызметін жоспарлау мен нақты шешімді орындау;

Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар

біледі:

- құрылымдық және қызметтік сызбалардағы шартты - графиктік белгілеулерді;

- приборлардың шартты - графиктік белгілеулерін;

- МЕСТ КҚБЖ - нің негізгі талаптарын, сызба геометриясының заңдарын, әдістерін және негіздерін;

меңгереді:

- приборлардың принципиалды, қызметтік сызбаларын тұрғызуды;

дағдыланады:

- АвтоКадта приборлармен жабдықтардың детальдарымен механизмдерінің элементарлы құрылымдық және функционалдық сызуын.

құзыретті:

- схемалардың графикалық шартты белгілерін білуі.