Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РЭС сборник.docx
Скачиваний:
202
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
447.77 Кб
Скачать

3.2 Пәннің үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны

1 Бөлім Күшейткіш және радио бөлшектердің көрсеткіштерін

бақылау

1.1 тақырып Күшейткіштің жұмыс режимін тұрақты ток бойынша өлшеу

Күшейткіштің жұмыс режимін тұрақты ток бойынша бақылау қажеттілігі. Күшейткішті тексеру процессіндегі өлшенетін кернеу, оны өлшеу тізбегі, өлшеуіш аспаптарға қойылатын талаптар.

Кернеу картасы, оның тағайындалуы.

Өлшеу қортындысын бағалау.

1.2 тақырып Күшейткіштің негізгі көрсеткіштерін өлшеу

Күшейткіштің негізгі көрсеткіштерін өлшеудің құрылымдық схемасы. Сигнал көзі мен жүктеме эквиваленттерін таңдау және тағайындау.

Өлшеу жүргізу кезіндегі іс-қимыл тізбегі.

Алынған қортындыны бағалау.

1.3 тақырып Радиобөлшектердің ақаулары және тексеру әдістері

Тестер омметрімен жұмыс жасау ережесі.

Омметрмен тұрақты және айнымалы резисторларды тексеру, конденсаторларды үзілуімен тесілуіне тексеру, диодтарды, транзисторларды және тиристорларды тексеру тәртібі.

2 бөлім Күшейткішті қалпына келтіру және ақауларын анықтау

әдістері

2.1 тақырып Дыбысөндіріпшығару жабдықтарының диагностикасы

Дыбыс өндіріп шығару жабдықтарының диагностикасын әртүрлі деңгейде өткізу үшін құрылымдық схеманы әзірлеу. Диагностика үшін аспаптар мен құрал-саймандар.

2.2 тақырып Дыбысөндіріпшығару жабдықтарын жөндеу

Ақауды іздеудің әдісі мен тәсілдері: ақауы бар блокты анықтау; ақауы бар каскадты іздеп табу; ақауы бар элементтің схемасын, өткізгішін немесе пайкасын нақтылау. Ақаулардың сыртқы белгілерін талдау.

Баспа платасын және бөлек радиобөлшектерін қарау.

Құрал-саймандармен тексеру, жасау тізбегі.

2.3 тақырып Күшейткішті жөндеуден кейінгі реттеу және қалпына келтіру.

Дыбыстехникалық жинақтарына техникалық қызмет көрсетуді

ұйымдастыру

Күшейткіштің негізгі көрсеткіштерін өлшеу, оларды талдау және керекті реттеулер. Тұрақты ток бойынша бөлек каскадтардың жұмыс режимдерін тексеру.

Дыбыстехникалық жинақтарына техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру.

3 бөлім Киноқондырғының дыбыс техникалық жабдықтарын

пайдалану

3.1 тақырып Дыбысөндіріпшығару трактсын қалпына келтіру және

Бақылау

Дыбыс өндіріп шығару трактсының бөлек элементтерінің сыртқы қараулары. Кинопроектордағы дыбыс оқу жүйесінің реттеулері. Дауыстары бойынша посталарға баланстар жасау қажеттілігі. Баланстарды орындау тәртібі және жабдықтар. Киноқондырғы күшейткішінің орташа күшейту коэффициенті және керекті реттеулері.

3.2 тақырып Дыбыс өндіруші трактының сапалы көрсеткіштерін тексеру әдістері

Дыбыс өндіріп шығару трактысын бақылауға арналған дыбыстық бақылау фильмдері:фильмдердің тағайындалуы және тізбесі фильмдер құрамына кіретін фонограммалар.

Дыбыс өндіріп шығару трактсын бақылау фильмдерінің көмегімен бақылау әдістері.

3.3 тақырып Техникалық қызмет көрсету және қосу-қалпына келтіру жұмыстар

Техникалық қызмет көрсету мақсаты, өткізу мерзімі. Қосу-қалпына келтіру жұмыстары: жұмыс мақсаты, өткізу кезеңдері, орындаушы.Әр этапта техникалық қызмет көрсету этаптары тізімін орындау.

4 бөлім Теледидарды пайдалану

4.1 тақырып Теледидарларды қалпына келтіруге арналған бақылау-өлшегіш аспаптары

Теледидарды қалпына келтіру және тексеру кезіндегі қолданылатын аспаптар: ампервольтомметр, осциллограф, дыбыстық және жоғарғы жиілікті генераторлар, сынық сигналдарының генераторлары, милливольтметр. Теледидарды қалпына келтіруге арналған сынақ сигналдары: торлы кеңістік, жарықтылықты кемітетін тік градациалық жолақтың сигналы, жарықтылықты кемітетін тік түрлі-түсті жолақтың сигналы, ақ кеңістік, түрлі-түсті кеңістік сигналы.

Әмбебап электронды сынақ кестесі (УЭИТ) және оны теледидарды тексеруге және реттеуге қолдану.