Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РЭС сборник.docx
Скачиваний:
202
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
447.77 Кб
Скачать

3. Тақырыптық жоспар және пән мазмұны

3.1 Пәннің оқу бағдарламасының тақырыптық жоспары

Бөлімдер мен тақырыптардың атауы

Күндізгі оқыту нысаны кезіндегі оқу уақытысының көлемі (сағ)

1306113 техник-электроник

Негізгі орта білім

жалпы орта білім

1

Кіріспе

+

+

2

1. Бөлім Күшейткіштер теориясы

3

1.1 тақырып Күшейткіштің тағайындалуы

+

+

4

1.2 тақырып Күшейткіштің негізгі көрсеткіштері

+

+

5

2. Бөлім Кері байланыс

6

2.1 тақырып Күшейткіштегі кері байланыстар

+

+

7

3. Бөлім Транзистордың қорек тізбегі және оның схемадағы жұмысы

8

3.1 тақырып Схемадағы транзистор жұмысы

+

+

9

3.2 тақырып Транзистордың динамикалық сипаттамалары

+

+

10

3.3 тақырып Транзистордың жұмыс режимдері

+

+

11

3.4 тақырып Қорек тізбегінің схемасы және тыныштық нүктесін тұрақтандыру

+

+

12

4. Бөлім Кернеуді және қуатты күшейту каскадтары

13

4.1 тақырып Алдын-ала күшейту каскады

+

+

14

4.2 тақырып Қуатты күшейту каскады

+

+

15

4.3 тақырып Тұрақты тоқ күшейткіштері

+

+

16

4.4 тақырып Жиіліктік сипаттаманы дәлелдеу

+

+

17

4.5 тақырып Күшейтуді және тембрды реттегіштер

+

+

18

5. Бөлім Телевизиялық дыбыс күшейткіштері

19

5.1 тақырып Аралықтық жиілікті дыбыс күшейткіші

+

+

20

5.2 тақырып Интегралды күшейткіштер

+

+

21

5.3 тақырып Күшейткіштің кіріс тізбектері

+

+

22

5.4 тақырып Күшейткіштегі паразиттік байланыстар

+

+

23

Бақылау жұмысы

+

+

24

6. Бөлім Дыбыс өндіріп шығару аппаратурасы

25

6.1 тақырып Акустикалық аспаптар

+

+

26

6.2 тақырып «Дыбыс –Т» тұрақты аппаратурасы

+

+

27

6.3 тақырып Көп каналды дыбысөндіріпшығаратын санды жүйесі

«Сандық Долби»

+

+

Барлығы пән бойынша

94

94

3.2 Пәннің оқу бағдарламасының мазмұны

Кіріспе

Пән тапсырмасы. Күшейткіш құрылғысы туралы түсінік.

1. Бөлім Күшейткіштер теориясы

1.1 тақырып Күшейткіштің тағайындалуы

Құрылымдық, функционалды, электрлік және электрлі принципиалды схемалары, каскад туралы түсінік. Күшейткіштің құрылымдық схемасы және каскадтың қызметі. Сигнал туралы түсінік.

Күшейткіштердің классификациясы, киноқондырғының дыбыс өндіріп шығару трактысындағы күшейткіштің орны.

1.2 тақырып Күшейткіштің негізгі көрсеткіштері

Күшейткіштің негізгі көрсеткіштері және оларды анықтау, жиілікті бұрмаланудың пайда болу себебі және оның дыбыс сапасына әсері.

Ауысудың бұрмалануы, олардың пайда болуының себептері және олардың берілетін импульс сигналдарының пішініне әсері.

Қисық сызықты бұрмалану, олардың себебі және дыбыс сапасына әсері. Жиілікті және қисық сызықты бұрмалануды азайту тәсілдері.

Күшейткіште меншікті және бөгде шудың пайда болу себептері, амплитудалық сипаттама туралы түсінік.

2. Бөлім Кері байланыс

2.1 тақырып Күшейткіштегі кері байланыстар

Кері байланыстар туралы түсінік және оның классификациясы. Схемадағы байланыстар түрлері және анықтау тәсілдері.

Кері байланыс коэффициенті туралы түсінік.

Күшейткіш көрсеткіштеріне теріс кері байланыстардың әсері.

3. бөлім Транзистордың қорек тізбегі және оның схемадағы жұмысы

3.1 тақырып Схемадағы транзистор жұмысы

Транзисторларды қосу схемасы, күшейту каскад элементтерінің тағайындалуы, каскадтың принципиалдық жұмысы, ортақ эмиттерлі, коллекторлы, базалы каскадтарының қасиеттері.

Схемадағы база, коллектор токтарының жүру жолдары және динамикалық режимде схемадағы токтармен кернеу өзгерісінің кестесі.

Зертханалық жұмыстар

1-2 Ортақ эмитті каскад

Ортақ эмитті каскад.

Ортақ коллекторлы каскад.

3. 2 тақырып Транзистордың динамикалық сипаттамалары

Негізгі түсінік және анықтама. Шығыс, кіріс және тура динамикалық сипаттама туралы түсінік.

Тұрақты және айнымалы тоқ үшін динамикалық сипаттама.

3.3 тақырып Транзистордың жұмыс режимдері

Ығысу туралы түсінік, режим түрлері, олардың қасиеттері және қарастырылған немесе басқа каскадта режимдерді қолдану.

ПӘК байланысы және жұмыс нүктесін таңдаудағы қисық сызықты бұрмаланулар.

3.4 тақырып Қорек тізбегінің схемасы және тыныштық нүктесін

тұрақтандыру

Транзистордың температуралық тұрақсыздығы. Транзистордың базасына ығысу беру тәсілі.

Тұрақтандырылған ығыстыру және оның кемшілігі, автоматты ығыстыру, параметрлік тұрақтандыру туралы түсінік, берілген немесе басқа ығысу түрлерін қолдану.

4. бөлім Кернеуді және қуатты күшейту каскадтары

4.1 тақырып Алдын-ала күшейту каскады

Каскадтар арасындағы байланыс түрлері. Транзисторлы резистор каскадының схемасы, схемадағы физикалық процесстер және сыйымдылықпен байланысқан резисторлы каскадтың эквивалент схемасы.

Күрделі эмитті қайталағыштың схемасы.

Динамикалық жүктеме туралы түсінік. Схема элементтерінің тағайындалуы, оның жұмыс принципі, қасиеті және қолдануы.

Зертханалық жұмыс 3 Резисторлы каскадпен жұмыс

Резисторлы каскадты күшейтуін тексеру.

4.2 тақырып Қуатты күшейту каскады

Каскадтарға қойылатын талаптар. Кино және бейне қондырғының күшейткіштерінде қолданылатын қуатты күшейту каскадтарындағы транзисторларының екі тактылы схемасы.

Схема элементтерінің қызметі, жүктемені қосу тәсілі және қорек каскадтары. Схеманың жұмыс принципі, оның жетістігі және кемшілігі, қолданылуы.

4.3 тақырып Тұрақты тоқ күшейткіштері

Тура гальваникалық байланысты екі каскадты күшейткіш схемасы, гальваникалық байланыстың жетістігі және кемшілігі. Гальваникалық байланысты күшейткіштің бастапқы режимін тұрақтандыру.

Дифференциялды каскадтың схемасы және жұмыс принципі, оның жетістігі, кемшілігі және қолданылуы.

Гальваникалық байланысты көп каскадты күшейткіштерді тұрғызу ерекшеліктері.

4.4 тақырып Жиіліктік сипаттаманы дәлелдеу

Жиіліктік сипаттаманы дәлелдеудің керектігі.

Көрермен залының акустикалық жағдайына, сигнал көзіне, фонограмма жағдайына, түріне байланысты күшейткіштің АЖС талап етілген пішіні.

Дәлдеу жүргізу принципі. ТБК қолданып және оларсыз дәлдеудің қарапайым схемасы.

Кең жолақты күшейткіштердегі дәлдеу схемалары.

Зертханалық жұмыстар 4-5 Жиіліктік сипаттаманы дәлелдеу

Теріс кері байланыссыз жиіліктік сипаттаманы дәлдеу.

Теріс кері байланысты қолданып жиіліктік сипаттаманы дәлдеу.

4.5 тақырып Күшейтуді және тембрды реттегіштер

Қондырғы жән шығарылған дыбыс реттегішті қосатын орны және қызметі. Кино- және бейнеаппаратурадағы қолданылатын күшейтуді реттегіш схемасы, олардың жетістігі және кемшілігі.

5. бөлім Телевизиялық дыбыс күшейткіштері

5.1 тақырып Аралықтық жиілікті дыбыс күшейткіші

Аралықтық жиілікті дыбыс күшейткіштерінің тағайындалуы, құрылымының тұрғызылуы. АЖДК-ның айырмашылық ерекшеліктері.

Бейне күшейткішінің тағайындалуы, оған қойылатын негізгі талаптар, БК тұрғызылу принципі.

5.2 тақырып Интегралды күшейткіштер

Интегралды микросхеманың көмегімен шешілетін негізгі тапсырмалар. Интегралды микросхеманың қолданылатын аймағы, ИМС-ті қолданып күшейткіштерді тұрғызу.

5.3 тақырып Күшейткіштің кіріс тізбектері

Кіріс тізбегінің қызметі және сигнал көзінің күшейткіш элементтерімен байланыс түрі, әр түрлі деңгейдегі сигнал көздерін күшейткіштің көздеріне қосу тәсілі.

Фотодиодты күшейткіш кірісіне қосу схемасы, оның қасиеті және қолданылуы. Кіріс тізбегін экрандау қызметі.

5.4 тақырып Күшейткіштегі паразиттік байланыстар

Паразиттік байланыстар түрлері: сыйымдылық, индуктивтілік,

гальваникалық. Паразиттік байланыстардың күшейткіштік әсері және оларды әлсірету тәсілдері.

Генерацияның бар болуын анықтау тәсілдері.

6 бөлім Дыбыс өндіріп шығару аппаратурасы

6.1 тақырып Акустикалық аспаптар

Дыбыс зорайтқыштардың қызметі, негізгі сипаттамалары және классификациясы. Электродинамикалық дыбыс зорайтқыштары жұмыс принципі, дыбыс зорайтқыштардың диффузорлы және рупорлы бастарының құрылысы.

Екі жолақты дыбыс зорайтқыштарын қолданудың керектігі. Микрофондардың қызметі, негізгі сипаттамалары және классификациясы, динамикалық микрофонның құрылысы және жұмысы.

6.2 тақырып «Дыбыс –Т» тұрақты аппаратурасы

Аппаратураның тағайындалуы, құрамы және техникалық сипаттамалары.

Аппаратураның функционалды және құрылымдық схемалары, алдын-ала және соңғы күшейткіштер схемасына жалпы шолу.

Әр түрлі режимдерде сигналдық жүруі.

УП 49, УОЗІ(33), УП 41, УП 8, УО 16 (18), УК 6 күшейткіштерінің электрлік принципиалдық схемасы.

Зертханалық жұмыстар 6-7

«Дыбыс –Т» тұрақты аппаратурасы

«Дыбыс Т2-25» тұрақты аппаратурасын оқып үйрену.

6.3 тақырып Көп каналды дыбысөндіріп шығаратын санды жүйесі «Сандық Долби»

Жүйесінің тағайындалуы, құрамы және техникалық сипаттамалары. Аппаратураның функционалды және құрылымдық схемалары. Алты каналдық сандық дыбыс фонограммасының берілген перфорациясының арасындағы аралықта блоктар түрінде орналасуы.

Дыбыстық процессормен қуатты күшейткіштің жұмыс принципі.

Дыбыс зорайтқыштардың (сол жақтағы, орталық және оң жақтағы алдыңғы сабуфер, артқы канал, оң жән сол жақтағы артқы) орналасуы.

4. Оқытудың жоспарланған нәтижесін бақылау

«Аудиосигналдардың күшейткіштері» пәні бойынша бақылау жұмысы, сынақ, тестілеу, емтихан қарастырылған.

Бақылау жұмысы осы пәнді оқытуға бөлінген уақыт есебінен, емтихандар оқу жоспарының кестесі бойынша аралықты аттестациядағы бөлінген мерзімде өткізіледі.

Тест тапсырмалары бөлімдер, тақырыптар бойынша күрделілігі негізгі үш деңгейде (ең төмен, орташа, күрделі) болу керек.

Тестке келесі бөлімдер бойынша сұрақтар енгізілуі тиіс:

1- бөлім Күшейткіштер теориясы

10%

2 -бөлім Кері байланыс

5%;

3 -бөлім Транзистордың қорек тізбегі және оның схемадағы жұмысы

20%

4- бөлім Кернеуді және қуатты күшейту каскадтары

30%;

5- бөлім Телевизиялық дыбыс күшейткіштері

20%

6 бөлім Дыбыс өндіріп шығару аппаратурасы

15%.