Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РЭС сборник.docx
Скачиваний:
202
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
447.77 Кб
Скачать

6.3. Тақырып Кешенді кинотехнологиялық жабдықтарды монтаждау ережесі

Монтаждау жұмысын ұйымдастыру процесі. Монтаждау бригадасының құрамы. Киноқондырғының жабдықтарын жобасымен танысу. Монтаждау жұмысын құрастыру графигі.Монтаждау жұмысын өткізу периоды: дайындау, монтаждау, іске қосу.

6.4. Тақырып Кинотеатрдағы кешенді кинотехнологиялық жабдықтарды монтаждау

Негізгі және қосалқы жабдықтардың киноқондырғылардың монтаждау ережесін орындау: электр бөлгіш, күшейткіштік, жарық баяулатқыш құрылғылары; экран алдындағы механизмдер, қашықтан басқару құралдары және кинокөрсетуді автоматтандыру.

Зертханалық жұмыстар тізімі:

  1. Бөлгіш құрылғыларын үйрену;

  2. Жарық баяулатқыштың жұмысын тексеріп монтаждауды оқыту

  3. МПЗ-1 экран алдындағы механизмді монтаждауды оқыту

  4. «Дыбыс Т-2-25-2» немесе «Дыбыс Т2-50-2» кешенін монтаждауды оқыту.

  5. Екі посттық киноқондырғыны монтаждауды оқыту

  6. 16КПЗ (АЗШ) және ЗПКУ өртке қарсы компелтісін кедергі құрылымын оқып үйрену

  7. Залдың кезекші жарығын басқару тізбегін монтаждауды оқыту. Екі 55-ПДУ – дан және екі кинопроектор арқылы кезекші жарық магнитін басқару жібергіші арқылы схемасын құру.

  8. Бейнемагнитафон және екі монитордың құрамындағы бейне кешенді монтаждауды оқыту

  9. Кинотехнологиялық жабдықтың сымының қимасын есептеу. Сымдар мен кабельдердің маркасын таңдау.

Бөлім 7. Кинотеатрлардың инженерлік коммуникациясы

Кинотеатрдың электр жабдықтары негізгі түсініктері мен талаптары. Желдеткіш қондырғыларының электр жабдықтары, қашықтан қосылу құрылғылары және желдеткіш құрылғыларының сигнализацияларының электр қозғағышы арқылы жұмысы.

7.1. Тақырып Кинотеатрдағы инженерлік коммуникация және оның ерекшеліктері

АТС-тан телефондау(автоматты телефон желісі, қалалық жергілікті.). Радиофикация (қалалық).

Өрт – күзет сигнализациясы (ӨКС).

Санитарлы – техникалық жабдықтар. Негізгі түсініктері мен талаптары. Ғимаратты жылыту жүйесі.

Желдету жүйесі.

Ауаны желдету қондырғылары

Бөлім 8. Мәжіліс залдары

8.1. Тақырып вкс жүйесінің мүмкіндігі және маңызы

Мәжіліс жүйесінің байланыстары, мәжіліс жүйесінің стандартты жабдықтарынығ комплектісі. Мәжіліс жүйесінің қосымша мүмкіндіктері. Мәжіліс жүйесіне сигналды жүйе және автоматты көрсеткіші бар технологиялық телевидения камераларын синхронды аударып жүйеге қосу. Сандық және аналогты мәжіліс жүйелері. Сандық басқармасы бар аналогты мәжіліс жүйелері. Beyer dynamic MCW Digital сымсыз мәжіліс жүйелері.

8.2. Тақырып Мәжіліс залының негізгі жабдықтары

Мәжіліс залдың жабдықтары. Жұмыс тәртіптері. Барлық жабдыктарды кешенді басқару. Мультимедиа проекторлары: оған қосылатын мүмкіндіктері мен қорек көздері.

Бөлім 9 . Мәжіліс залын және кинотеатрды жобалау әдісі

Көрермен залының жоспары мен қимасын құрастыру.Жабдықтардың комплектісін тандау.

Кино түсіру кешенін қамтамасыз ету үшін бөлмелерді жоспарлау.

9.1 Тақырып Мәжіліс залын және кинотеатрды жобалау әдісі, есептеу принципы

Дыбыс шығару,негізгі және қослақы жабдықтардың сыртын принципиалды электр схемаларын жалғауды құрастыру.

Кино қондырғыларын монтаждау схемасы және оны есептеу.

Курстық жобаның тақырыптары төмендегідей болуы мүмкін:

  1. «Кинотеатрдың кинотехнологиялық жабдықтары»

  2. «Мәжіліс залдың технологиялық жабдықтары».

  3. «Кинотеатрды қайта жабдықтау».

Курстық жобалар әр студентке жеке техникалық тапсырма бойынша беріледі.

Әр студентке жеке берілген техникалық тапсырма бойынша курстық жобалау мәліметінде кинотеатр типі,көрермен залының сыйымдылығы,өлшемі,көрермен залын дайындауды көрсету.

Курстық жобаның мазмұны

Түсіндірме жазба мен графикалық бөлімдегі кинотеатрдың кинотехнологиялық бөлігін жобалау. Графикалық бөлімге кіреді:

  1. Көрермен залының кескіні және көрермен орындары,кіру,шығу есіктері,технологиялық жабдықтар,кинотехникалық параметрлер,электр желілерін салу, көрермен залында орналасқан жабдықтарға қосу жоспары (қосылғыш ВРГ, МПЗ, экранды дыбыс күшейткіш). Масштаб 1:100 немесе 1:50

  2. Жабдықтар мен аппаратуралардың кино көрсету кезіндегі бөлме кескінімен жоспарлау (масштаб 1:20)

  3. Каналдарды созу мен арықтарда трубаларды қаралай төсеу схемасы (масштаб 1:20)

  4. Сыртқы электрлік принципиальды қосу схемасыи ( электракустикалық және басқа жабдықтарды бөлу).

  5. Киноқұрылғыларын монтаждау схемасы (масштаб 1:20)

  6. Стандартқа сай емес жабдықты сызу

Түсіндірме жазбада жазылуы тиіс:

  • Кино және бейне қондырғылардға жалпы сипаттама беру;

  • Кино және бейне көрсетілімді технологиялық бөлмемен қамтамасыз етуді залды жоспарлау шешімімен байланыстырып есептеу,түсіндіру;

  • Технологиялық жабдықтардың негізгі және қосалқы түрін таңдау негізі,техникалық мәліметін келтіру;

  • Принципиальдық және монтаждау схемасын стандарт емес жерлерін түсіндіру;

  • Жабдықтарды орнықтыру кезінде электр монтаждау материалдарын таңдау,керекті сымдардың санын белгілі талаптар арқылы есептеу ерекшелігінің нұсқауы;

  • Қорғануды жерлендіру жүйесін есептеу,тұсіндіру;

  • Еңбек қорғау мен техника қауіпсіздігі сұрақтары.

  1. Оқытудың жоспарланған нәтижесін бақылау

«Кинотеатрлар мен бейнезалдар» пәні бойынша бағдарламалық материалдың мазмұнының қалыптасу деңгейін анықтау және бағалау мақсатында, негізгі нысандар бақылау жұмысы,тестілеу,емтихан,курстық жұмыс өткізуді қарастырады.

Бақылау жұмыстары, пәнді оқуға бөлінген жалпы бюджеттік уақыт есебінен өткізіледі , емтихан - атестаттауға бөлінген мерзімде өткізіледі.

Тесттік тапсырмалар келесі бөлімнен тұрады:

Бөлім 1. Киножелінің сипаттамасы

5%

Бөлім 2. Кинокөрсетілім сапасы

10%

Бөлім 3. Кинотеатрдың демонстрациялық кешендері

15%

Бөлім 4. Кинотеатрларды электрмен қамтамасыздандыру

10%

Бөлім 5. Кинотеатрдың кинотехнологиялық жабдықтары

15%

Бөлім 6. Кинотехнологиялық жабдықтарды монтаждау

20%

Бөлім 7. Кинотеатрдағы инженерлік коммуникациясы

5%

Бөлім 8. Мәжіліс залы

10%

Бөлім 9. Мәжіліс залдың және кинотеатрдың жобалау методикасы

10%