Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РЭС сборник.docx
Скачиваний:
202
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
447.77 Кб
Скачать

Мазмұны

бет

1.

Түсіндірме жазба

4

2.

Пәнді оқытудың жоспарланған нәтижелері

6

3.

3.1

3.2

Тақырыптық жоспар және пән мазмұны

Пәннің тақырыптық жоспары

Пәннің үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны

7

7

8

4.

Оқытудың жоспарланған нәтижесін бақылау

12

5.

Әдебиеттер тізімі және оқыту құралдары

12

1. Түсіндірме жазба

«Аудио-теле- және бейне жабдықтарды пайдалану» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша 1306000 - «Радиоэлектроника және байланыс» мамандығының техникалық және кәсіптік білім беру деңгейі 1306113 «Техник-электроник» біліктілігіне сәйкестендірілген үлгілік оқу жоспарымен білім беруді оқыту бағдарламасына сәйкес (№150 24 сәуір 2013 жыл ) негізінде құрастырылды.

Осы үлгілік оқу бағдарламасы «Аудио-теле- және бейне жабдықтарды пайдалану» пәні бойынша мемлекеттік талаптарға сәйкес дайындау үшін техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында негізгі оқу жұмыс бағдарламасы болып табылады.

Бөлімдер мен тақырыптар оқытуға міндетті болып саналады сондықтан қысқарылуына қарай өзгертілуі мүмкін емес.

«Аудио-теле- және бейне жабдықтарды пайдалану» пәні болашақта еңбек қызметіне қажетті кәсіби білімдерді қалыптастыратын арнайы пән болып табылады.

«Аудио-теле- және бейне жабдықтарды пайдалану» пәні оқыту кезінде алған білімдерін жетілдіру үшін төмендегідей пәндерге жүгінеді:

  • электротехника;

  • электроика және импульсті техника;

  • электрорадио өлшеуіш;

  • аудио және бейнеқондырғылардың электр қорегі;

  • аудиосигналдардың күшейткіші;

  • теледидар;

  • бейнетехника және т.б.

Тақырыпты түсіндіруде терминология бірлігін, белгіленуін, КҚБЖ (конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі), ТҚБЖ (технологиялық құжаттардың бірыңғай жүйесі), ТППБЖ (технологиялық пакет программаларының бірыңғай жүйесі), ССТ (салалық стандарт), КСТ (кәсіпорын стандарты), ТШ (техникалық шарттар), ӨЖ (өлшеу жүйелері) әрекеттік стандарттармен сәйкес Халықаралық жүйеде өлшеу бірлігін, нормативті құжаттарды сақтау керек.

Білім алушылардың оқу материалын сапалы игеру үшін техникалық және аудиовизуалды, мультимедиялық оқыту құралдарымен өткізу, автоматты технологиялық жүйелердің өндірістегі жағдайда тәжірибелік білімдерін нығайту үшін, техникалық жабдықтар мен машиналардың құрылысын анықтауда анықтамалық, техникалық, нормативтік құжаттар мен әдебиеттерді, виртуальды кітапхананы, Интернетті, EDIUS,VIDEO STUDIA-9-11, ADOBE PRIMER, Компас График V 11 жүйелерін және кинематографиялық программаларды кеңінен қолданылуы керек.

Пәнді оқыту тәжірибелік бағытта және жұмыс берушілердің талаптарына сай тығыз байланыста өткізілуі керек.

Үлгілік оқу бағдарламасын құруда білім беру мекемесі құқылы:

  • циклға бөлінген оқу уақытының көлемін сақтай отырып, үлгілік оқу жоспарында пәнді оқытуға бөлінген оқу уақыты көлемін 25% аралығында өзгертуге (ҚР ЖҚ №1080 23.08.2012 жылғы);

  • оқудың жалпы сағат көлемін бөлімдер мен тақырыптарға бөлуге(пәнді оқытуға бөлінген жалпы бюджеттік сағат көлемінде);

  • бағдарлама материалдарын оқытуда бірізділікті сақтай отырып өзгертуге;

  • жекелеген тәжірибелік және зертханалық жұмыстарды мазмұндас жұмыстармен алмастыруға;

Бөлімдер мен тақырыптардың тізімі аймақтық компоненттердің енгізілуі есебінен, жұмыс берушінің талабы мен жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып өзгертілуі мүмкін.