Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РЭС сборник.docx
Скачиваний:
202
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
447.77 Кб
Скачать

Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі

Техникалық және кәсіптік білім

Тіркеу №_____

____________2013ж

Үлгілік оқу бағдарламасы кинотеатрлар мен бейнезалдар

(мамандық бойынша пән атауы)

1306000 Радиоэлектроника және байланыс

(Жіктеуіш бойынша мамандықтың атауы және коды)

Астана 2013

Авторлар:

  1. Майлыбаев Н.А.– Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы

Сарапшылар:

  1. М.А.Чингужинов – ЖШС «Silk Wai City» директоры

  2. В.С.Долгов – «Алматыкино» коммунальды мемлекеттік мекеменің директоры

  3. А.Б.Сабитов – ЖШС «Киномонтаж» директоры

Бағдарлама Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінің жанындағы «Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар» профильді Оқу - әдістемелік бірлестікте қаралды және құпталды

2013 жылғы ____________ № ___ хаттамасы

Оқу – әдістемелік бірлестік

төрағасы. з.ғ.к. __________ Н.Жабыкбаев

Бағдарлама ҚР БҒМ техникалық және кәсіптік білім беру мәселелері бойынша Республикалық оқу - әдістемелік кеңесінде қаралды және мақұлданды

2013 жылғы _________________ № ______ хаттамасы

Республикалық оқу - әдістемелік

кеңесінің төрағасы ___________ Қ.Бөрібеков

Үлгілік оқу бағдараламасының сапасын арттыру туралы ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді мына мекен -жайға хабарлауларыңызды сұраймыз:

Тастақ 1, 1В үй, Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі. Тел 8(727)3967258, 2768598, 3967251, факс 2768693

E – mail: maia_61_12@ mail.ru

Мазмұны

бет

1.

Түсіндірме жазба

4

2.

Пәнді оқытуда жоспарланған нәтижелер

6

3.

3.1

3. 2

Тақырыптық жоспар және пән мазмұны

Пәннің тақырыптық жоспары

Пәннің үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны

7

7

8

4.

Оқытудың жоспарланған нәтижесін бақылау

14

5.

Әдебиеттер және оқыту құралдары тізімі

14

1. Түсіндірме жазба

«Кинотеатрлар мен бейнезалдар» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша 1306000 - «Радиоэлектроника және байланыс» мамандығының техникалық және кәсіптік білім беру деңгейі 1306113 «Техник-электроник» біліктілігіне сәйкестендірілген (№ 150 24 сәуір 2013 жыл) білім беру бағдарламасы негізінде құрастырылды.

Пәннің негізгі тапсырмасы кинотеатр және бейнезалдар конференция залдарының техналогиялық сұрақтарына үйрету, киноқондырғыларын және конференция залдарының құрылғыларын монтаждау тәсілі бойынша тәжірибе жинау, кинотеатр және конференцция залдардың технологиялық жобасының кинотехнологиялық бөліктері бойынша құжаттамасын құру.

Пәнді оқып білу кезінде осы «Кинотеатрлар мен бейнезалдар» үлгілік оқу бағдарламасы жоғары сапалы кинофильмдерді көрсетуді қамтамасыз ету және көрермендер залын жоспарлауды есептеу үшін, көрермендерге қызмет ету мәдениетін жоғарылатуда ерекше көңіл бөлу, сауатты түрде бақылауды, кинотехнологиялық құрылғылардың сыртқы құрылысының принципті электрлік схемаларын оқуға оларға керекті материалдарды монтаждауға,таңдауға үйретеді.

«Кинотеатрлар мен бейнезалдар» пәні келесідей пәндердің білімдеріне, біліктіліктеріне және дағдыларына негізделеді:

- «Электротехника»;

-«Киножобалау техникасы»;

-«Қорек көздері»;

- «Аудиосигналдардың күшейткіштері»;

-«Автоматты реттеу және басқар жүйелері».

«Кинотеатр және бейнезалдар» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы иновациялық студенттердің танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған оқыту түрлерін (ойын түрінде,байқау) қарастырады.

Білім алушылардың оқу материалын сапалы игеру үшін техникалық және аудиовизуалды, мультимедиялық оқыту құралдарымен өткізу, автоматты технологиялық жүйелердің өндірістегі жағдайда тәжірибелік білімдерін нығайту үшін, техникалық жабдықтар мен машиналардың құрылысын анықтауда анықтамалық, техникалық, нормативтік құжаттар мен әдебиеттерді, виртуальды кітапхананы, Интернетті, EDIUS,VIDEO STUDIA-9-11, ADOBE PRIMER, Компас График V 11 жүйелерін және кинематографиялық программаларды кеңінен қолданылуы керек.

Үлгілік оқу бағдарламасын құруда білім беру мекемесі құқылы:

-циклға бөлінген оқу уақытының көлемін сақтай отырып, үлгілік оқу жоспарында пәнді оқытуға бөлінген оқу уақыты көлемін 25% аралығында өзгертуге (ҚР ЖҚ №1080 23.08.2012 жылғы);

  • оқудың жалпы сағат көлемін бөлімдер мен тақырыптарға бөлуге(пәнді оқытуға бөлінген жалпы бюджеттік сағат көлемінде);

  • бағдарлама материалдарын оқытуда бірізділікті сақтай отырып өзгертуге;

  • жекелеген тәжірибелік және зертханалық жұмыстарды мазмұндас жұмыстармен алмастыруға;

Бөлімдер мен тақырыптардың тізімі аймақтық компоненттердің енгізілуі есебінен, жұмыс берушінің талабы мен жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып өзгертілуі мүмкін.