Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РЭС сборник.docx
Скачиваний:
202
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
447.77 Кб
Скачать

1 Түсіндірме жазба

«Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша 1306000 - «Радиоэлектроника және байланыс» мамандығының техникалық және кәсіптік білім беру деңгейі 1306113 «Техник-электроник» біліктілігіне сәйкестендірілген үлгілік оқу жоспарымен білім беруді оқыту бағдарламасына сәйкес (№ 150 24 “сәуір” 2013 жыл ) негізінде құрастырылды.

Осы үлгілік оқу бағдарламасы «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пәнінің бағдарламасы арнайы пәндерде,қызмет бабында кездесетін терминологиялық кәсіби сөздерді терминдерді оқытуды қарастырады.

Кәсіптік–техникалық білім беру оқу орындарына бұл пәнді оқыту негізіне мекемелер мен ұйымдардың басқару қызметін құжаттау, құжаттарды ұйымдастыру көзделген.

«Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізудің мемлекеттік, әлеуметтік маңыздылығын, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет ету екендігін ұғындыру. Кәсіби маман иелері іс қағаздарын рәсімдеу, толтыру әдістері, жазылу стилі, қызметі, мақсаты, білім негіздерімен қаруланып, қазақ тілінің қоғам дамуындағы рөлінің күшеюіне олардың септігі тиюін қамтамасыз ету.

Осы үлгілік оқу бағдарламаны қолдану барысында оқу орындары төмендегідей мүмкіндіктерді пайдалана алады:

  • теориялық және тәжірибелік сабақтарды басқадай қажетті оқу материалдарымен толықтырып, өзгертіп оқы-туға, бірақ белгіленген сағатты міндетті түрде игеруі тиіс.

Оқу жұмыс бағдарламасын құруда білім беру мекемесі құқылы:

  • циклға бөлінген оқу уақытының көлемін сақтай отырып, үлгілік оқу жоспарында пәнді оқытуға бөлінген оқу уақыты көлемін 25% аралығында өзгертуге (ҚР ЖҚ 1080 23.08.2012 жылғы);

  • оқудың жалпы сағат көлемін бөлімдер мен тақырыптарға бөлуге(пәнді оқытуға бөлінген жалпы бюджеттік сағат көлемінде);

  • бағдарлама материалдарын оқытуда бірізділікті сақтай отырып өзгертуге;

  • жекелеген тәжірибелік және зертханалық жұмыстарды мазмұндас жұмыстармен алмастыруға;

Бөлімдер мен тақырыптардың тізімі аймақтық компоненттердің енгізілуі есебінен, жұмыс берушінің талабы мен жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып өзгертілуі мүмкін.

2 Пәнді оқытуда жоспарланған нәтиже

Үлгілік оқу жоспарында және білім беру бағдарламасында жоспарланған құзыреттілік

Үлгілік оқу бағдар-ламасында жоспарланған оқыту қорытындысы

Студенттер келесі құзыреттіліктерге ие болулары керек:

Базалық

БҚ4 Еңбек жолында өзінің білімділігімен іскерлігін жаңалату;

Пәнді оқыту барысында студенттер төмендегідей құзыреттіліктерге ие болады:

білеуі керек:

-іс қағаздар жүргізу облысында 2 тілді терминді кореспонденций түсінігі;

меңгеруі керек:

-кәсіби қызметінде негізгі құжатты жасау;

дағдысын қалыптастыру:

-компьютер техникасын қолданып құжаттармен жұмыс істеу;

құзыретті:

-құжаттарды рәсімдеу құру

-жалпы ережесін құжат айналымының реті: