Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РЭС сборник.docx
Скачиваний:
202
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
447.77 Кб
Скачать

Мазмұны

бет

1.

Түсіндірме жазба

4

2.

Пәнді оқытуда жоспарланған нәтиже

5

3.

3.1

3.2

Тақырыптық жоспар және пән мазмұны

Пәннің тақырыптық жоспары

Пәннің үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны

6

6

7

4.

Оқытудың жоспарланған нәтижесін бақылау

11

5.

Әдебиеттер және оқыту құралдары тізімі

11

1. Түсіндірме жазба

«Аудио және бейнеқондырғылардың электр қорегі» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша 1306000 - «Радиоэлектроника және байланыс» мамандығының техникалық және кәсіптік білім беру деңгейі 1306113 «Техник-электроник» біліктілігіне сәйкестендірілген үлгілік оқу жоспарымен білім беруді оқыту бағдарламасына сәйкес (№150 24 сәуір 2013 жыл ) негізінде құрастырылды.

Аудио және бейнеқондырғылардың электр қорегі пәнін оқыту мына пәндерге жүгінеді:

- Электротехника;

- Электроника;

- Электрорадиөлшеуіштер;

- Аудиосигналдардың күшейткіштері;

- Теледидар;

- Бейнетехника;

- Кинотеатрлар мен мәжіліс залдар;

-Кинопроекциялық техника.

«Аудио және бейнеқондырғылардың электр қорегі» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы аудио және бейнеаппаратуралар мен киножабдықтардың, құрылғылардың электр қорегін дұрыс қолдануды, стабилитрондардың, шектеуліктердің, түзеткіштердің жұмыс істеу принциптерін, интегралды тұрақтандырғыштар кернеуінің принципиалды және кинематикалық схемаларын, қазіргі заманғы киножабдықтарының реттеуші қорек көздерін пайдалану дағдысын қалыптастырады.

Білім алушылардың оқу материалын сапалы игеру үшін пәнді оқытуда техникалық және анықтамалық әдибеттерді, нормативтік құжаттарды, виртуальды кітапхананы, Интернетті, EDIUS,VIDEO STUDIA-9-11, ADOBE PRIMER, Компас График V 11 жүйелерін және кинематографиялық программаларды кеңінен қолдану керек.

Үлгілік оқу бағдарламасын құруда білім беру ұйымы құқылы:

  • циклға бөлінген оқу уақытының көлемін сақтай отырып, үлгілік оқу жоспарында пәнді оқытуға бөлінген оқу уақыты көлемін 25% аралығында өзгертуге (ҚР ЖБ №1080 23.08.2012ж);

  • оқудың жалпы сағат көлемін бөлімдер мен тақырыптарға бөлуге(пәнді оқытуға бөлінген жалпы бюджеттік сағат көлемінде);

  • бағдарлама материалдарын оқытуда бірізділікті сақтай отырып өзгертуге;

  • жекелеген тәжірибелік және зертханалық жұмыстарды мазмұндас жұмыстармен алмастыруға;

Бөлімдер мен тақырыптардың тізімі аймақтық компоненттердің енгізілуі есебінен, жұмыс берушінің талабы мен жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып өзгертілуі мүмкін.

2. Пәнді оқытуда жоспарланған нәтижелер

Үлгілік оқу жоспарында және білім беру бағдарламасында жоспарланған құзыреттер

Үлгілік оқу бағдарламасында жоспарланған оқыту қорытындысы

Студенттер келесідей құзыреттіліктерге ие болады

Базалық құзыреті:

БҚ1 Жұмыс орнын ұйымдастыру

БҚ2 Өмір сүру қауіпсіздік техника ережелерін сақтау;

БҚ3 Қойылған мақсат бойынша өз жұмысын жоспарлау;

БҚ4 Еңбек жолында өзінің білімділігімен іскерлігін жаңалату;

БҚ5.Технологиялық процесстерінде қарастырылған іс әрекеттерін жасау;

БҚ6.Ең таңдаулы тәсілдермен құралдардың қызметін жұзеге асыру;

БК7 Жоғары білімділігі бар мамандардың жетекшілігімен жұмыс атқару;

Пәнді оқыту барысында студенттер төмендегідей құзыреттерге ие болады:

біледі:

- аудио техникалық құрылғылардың қосалқылары және құрылғылардың негізгі блоктарын;

меңгереді:

-электр құралдарының электрлік схемаларын оқуды;

дағдысын қалыптастырады:

-бөлшектермен блоктардың істен шығу себебін анықтауды;

құзыретті:

  • -технологиялық процесстерінде қарастырылған іс әрекеттерін жасау.

Кәсіби құзыреті:

  1. Кино, теле және бейнежабдықтардың жаңа шығарылған түрлерінен хабардар болу;

  2. Бақылау- өлшеу құралдарының көмегімен бөлшектердің қолдану мерзімін бақылау;

  3. Электрлік схема мен шамаларын оқу, өлшеу және есептеу

  4. Жұмыс бабында электронды есептеуіш машина құрылғыларын және бағдарламалық қамтамасыздандыру ;

  5. Жүйе мен блоктардың жұмыс істеу режиміне тексеру жүргізу;

КҚ3.11.6 Кино‑, теле‑ және бейне жабдықтарының техникалық қалпын анықтау және оларға кішігірім жөндеу жүргізу;

біледі:

- аудиотехникалық аппараттардың түрлерінің техникалық көрсеткіштерін

меңгереді:

-аспап параметрінің есебін жүргізуді;

дағдысын қалыптастырады:

-аспаптардың тұрақтылық сатысын анықтауды.

құзыретті:

-жүйе мен блоктардың жұмыс істеу режиміне тексеру жүргізу;