Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РЭС сборник.docx
Скачиваний:
202
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
447.77 Кб
Скачать

Мазмұны

бет

1.

Түсіндірме жазба

4

2.

Пәнді оқытуда жоспарланған нәтиже.

5

3.

3.1

3. 2

Пәннің тақырыптық жоспары және мазмұны

Пәннің тақырыптық жоспары

Пәннің үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны

6

6

7

4.

Оқытудың жоспарланған нәтижесін бақылау

10

5.

Әдебиеттер және оқыту құралдары тізімі

10

1 Түсіндірме жазба

«Конструкциялық материалдар және машина бөлшектері» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша 1306000 - «Радиоэлектроника және байланыс» мамандығының техникалық және кәсіптік білім беру деңгейі 1306113 «Техник-электроник» біліктілігіне сәйкестендірілген үлгілік оқу жоспарымен білім беруді оқыту бағдарламасына сәйкес (№ 150 24 “сәуір” 2013 жыл ) негізінде құрастырылды.

Осы үлгілік оқу бағдарламасы «Конструкциялық машиналар және машина бөлшектері» пәннің негізгі тапсырмасы – білім алушыларға теориялық білім және практикалық дағдыларды, қажетті электрқоректендіру құрылғыларына сауатты эксплуатациялар, аудиовизуальды техниканы қолдануды үйрету.

«Конструкциялық материалдар мен машина бөліктері» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасын құрастыруда оқытуды ұйымдастырудың келесі түрлері: лекциялар, семинарлар, тәжірибелік сабақтар (зертханалық жұмыстар), бақылау жұмыстары және басқалар ұсынылады.

Теориялық білімдерді бекіту және қажетті тәжірибелік дағдылар мен біліктілікті қалыптастыруда пән бағдарламасында зертханалық жұмыстар өткізу қарастырылған.

Оқу орнының спецификациясы бойынша және мамандардың тапсыруы мен оқу бағдарламасының бөлімдері мен тақырыптары кеңейтілуі немесе өзгеруі мүмкін. Аудиовизуальды және кинопроекционды техникалық қорек көзін үйренетін бөлімі зауыттық сипатқа сай және кейінгі шыққан құрылғының принципиалды сызбасы да базалануы керек. Бұл материал жүйелі түрде жаңа жоба мен екінші санатты электрқоректену көзі аймағында қаралып, өзгеруі қажет.

Жұмыстық оқу бағдарламасын құруда білім беру мекемесі құқылы:

  • циклға бөлінген оқу уақытының көлемін сақтай отырып, үлгілік оқу жоспарында пәнді оқытуға бөлінген оқу уақыты көлемін 25% аралығында өзгертуге (ҚР ЖҚ 1080 23.08.2012 жылғы);

  • оқудың жалпы сағат көлемін бөлімдер мен тақырыптарға бөлуге(пәнді оқытуға бөлінген жалпы бюджеттік сағат көлемінде);

  • бағдарлама материалдарын оқытуда бірізділікті сақтай отырып өзгертуге;

  • жекелеген тәжірибелік және зертханалық жұмыстарды мазмұндас жұмыстармен алмастыруға;

Бөлімдер мен тақырыптардың тізімі аймақтық компоненттердің енгізілуі есебінен, жұмыс берушінің талабы мен жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып өзгертілуі мүмкін.

2 Пәнді оқытуда жоспарланған нәтижесі

Үлгілік оқу жоспарында және білім беру бағдарламасында жоспарланған құзыреттілік

Үлгілік оқу бағдарламасында жоспарланған оқыту қорытындысы

Білім алушылар келесі құзыреттіліктерге ие болулары керек:

Базалық құзыреті:

БҚ1 Жұмыс орнын ұйымдастыру

БҚ2 Өмір сүру қауіпсіздік техника ережелерін сақтау;

БҚ3 Қойылған мақсат бойынша өз жұмысын жоспарлау;

БҚ4 Еңбек жолында өзінің білімділігімен іскерлігін жаңалату;

БҚ5 Технологиялық процесстерінде қарастырылған іс әрекеттерін жасау;

БҚ6 Ең таңдаулы тәсілдермен құралдардың қызметін жұзеге асыру;

БК7 Жоғары білімділігі бар мамандардың қол басшылығымен жұмыс атқару;

Пәнді оқыту барысында студенттер төмендегідей құзыреттіліктерге ие болады:

біледі:

-бөлшектердің істен шығу себептерін анықтау және жөндеу;

меңгереді:

бөлшектер мен блоктардың істен шығу себептерін анықтауды;

дағдысын қалыптастырады:

детальдардың жұмыс істеу принципі;

құзыретті:

-бақылау өлшеу аспаптар көмегімен деталдардың қажалуын көзбен бақылап анықтау

Кәсіби

  1. Кино, теле және бейнежабдықтардың жаңа шығарылған түрлерінен хабардар болу;

  2. КҚ3.11.2 Бақылау- өңдеу құралдарының көмегімен бөлшектердің қолдану мерзімін бақылау;

  3. КҚ3.11.3 Электрлік схема мен шамаларын оқу, өлшеу және есептеу

  4. КҚ3.11.4 Жұмыс бабында электронды есептеуіш машина құрылғыларын және бағдарламалық қамсыздандыруларды қолдану;

  1. КҚ3.11.5 Жүйе мен блоктардың жұмыс істеу режиміне тексеру жүргізу;

КҚ3.11.6 Кино‑, теле‑ және бейне жабдықтарының техникалық қалпын анықтау және оларға кішігірім жөндеу жүргізу;

біледі:

-машина элементтерін есептеу;

меңгереді:

-бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен бөлшектердің жұмыс істеу жарамдылығын визиуалды бақылауды;

дағдысын қалыптастырады: -құрал- жабдықтардың жоспарлы-ескерту жөндеудің графигін құруды.

құзыретті:

-кино-,теле және бейне жабдықтарының техникалық жағдайын анықтап кішігірім жөндеу жұмыстарын жүргізу.