Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РЭС сборник.docx
Скачиваний:
202
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
447.77 Кб
Скачать

Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі

Техникалық және кәсіптік білім

Тіркеу №_____

____________2013ж

Үлгілік оқу бағдарламасы электротехника

(мамандық бойынша пән атауы)

1306000 Радиоэлектроника және байланыс

(Жіктеуіш бойынша мамандықтың атауы және коды)

Астана 2013

Авторлар:

1. Молдакулова М.К

Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы

2. Тулекова Г.Қ

Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы

3. Есбосынова А.Б

Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы

Сарапшылар:

1. М.А.Чингужинов

ЖШС «Silk Wai City» директоры

2. В.С.Долгов

«Алматыкино» коммунальды мемлекеттік мекеменің директоры

3. А.Б.Сабитов

ЖШС «Киномонтаж» директоры

Бағдарлама Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінің жанындағы «Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар» профильді Оқу - әдістемелік бірлестікте қаралды және құпталды

2013 жылғы ___________ № ___ хаттамасы

Оқу – әдістемелік бірлестік төрағасы. з.ғ.к. __________ Н.Жабыкбаев

Бағдарлама ҚР БҒМ техникалық және кәсіптік білім беру мәселелері бойынша Республикалық оқу - әдістемелік кеңесінде қаралды және мақұлданды

2013 жылғы ______________ № ______ хаттамасы

Республикалық оқу – әдістемелік кеңесінің төрағасы ___________ Бөрібеков

Үлгілік оқу бағдараламасының сапасын арттыру туралы ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді мына мекен -жайға хабарлауларыңызды сұраймыз:

Тастақ 1, 1В үй, Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі. Тел 8(727)3967258, 2768598, 3967251, факс 2768693

E – mail: maia_61_12@ mail.ru

Мазмұны

бет

1.

Түсіндірме жазба

4

2.

Пәнді оқытуда жоспарланған нәтиже

5

3.

3.1

3. 2

Пәннің тақырыптық жоспары және мазмұны

Пәннің тақырыптық жоспары

Пәннің үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны

5

5

6

4.

Оқытудың жоспарланған нәтижесін бақылау

10

5.

Әдебиеттер және оқыту құралдары тізімі

10

1 Түсіндірме жазба

«Электротехника» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша 1306000 - «Радиоэлектроника және байланыс» мамандығының техникалық және кәсіптік білім беру деңгейі 1306113 «Техник-электроник» біліктілігіне сәйкестендірілген үлгілік оқу жоспарымен білім беруді оқыту бағдарламасына сәйкес (№ 150 24 сәуір 2013 жыл ) негізінде құрастырылды.

Осы үлгілік оқу бағдарламасы «Электротехника» айнымалы, бірфазалы, үшфазалы тоқтардың, конденсаторлардың тізбектері, магниттік тізбектердің заңдары, трансформаторлардың, жетектердің, қондырғылардың, қорек көздерінің, электрлік жүйелердің, генераторлардың жұмыс істеу принциптері қарастырылған.

Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау мақсатында, үлгілік оқу бағдарламасын іске асыруда инновациялық оқу жүйесін, жаңа технологияларды (модульдік, кредиттік және т.б.); дидактикалық және көрнекі құралдар: плакаттар, модельдер, оқу бейнефильмдер, электрондық оқулықтар, оқу және оқу-әдістемелік құралдар қолдануға ұсынылады.

«Электротехника» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасын құрастыруда оқытуды ұйымдастырудың келесі түрлері: лекциялар, семинарлар, тәжірибелік сабақтар(зертханалық жұмыстар), бақылау жұмыстары және басқалар ұсынылады.

Теориялық білімдерді бекіту және қажетті тәжірибелік дағдылар мен біліктілікті қалыптастыруда пән бағдарламасында зертханалық жұмыстар өткізу қарастырылған.

«Электротехника» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы білім беру мекемелері үшін жұмыстық оқу бағдарламасын құрудың негізі болып табылады.

Жұмыстық оқу бағдарламасын құруда білім беру мекемесі құқылы:

  • циклға бөлінген оқу уақыты көлемін сақтай отырып, үлгілік оқу жоспарында пәнді оқытуға бөлінген оқу уақыты көлемін 25% аралығында өзгертуге (ҚР ЖҚ №1080 23.08.2012 жылғы);

  • оқудың жалпы сағат көлемін бөлімдер мен тақырыптарға бөлуге(пәнді оқытуға бөлінген жалпы бюджеттік сағат көлемінде);

  • бағдарлама материалдарын оқытуда бірізділікті сақтай отырып өзгертуге;

  • жекелеген тәжірибелік және зертханалық жұмыстарды мазмұндас жұмыстармен алмастыруға;

Бөлімдер мен тақырыптардың тізімі аймақтық компоненттердің енгізілуі есебінен, жұмыс берушінің талабы мен жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып өзгертілуі мүмкін.