Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РЭС сборник.docx
Скачиваний:
202
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
447.77 Кб
Скачать

Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі

Техникалық және кәсіптік білім

Тіркеу №_____

____________2013ж

Үлгілік оқу бағдарламасы электроника және импульсті техника

(мамандық бойынша пән атауы)

1306000 Радиоэлектроника және байланыс

(Жіктеуіш бойынша мамандықтың атауы және коды)

Астана 2013

Авторлар:

1. Молдакулова М.К

Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы

2. Токтыманова А.Н

Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы

Сарапшылар:

1. М.А.Чингужинов

ЖШС «Silk Wai City» директоры

2. В.С.Долгов

«Алматыкино» коммунальды мемлекеттік мекеменің директоры

3. А.Б.Сабитов

ЖШС «Киномонтаж» директоры

Бағдарлама Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінің жанындағы «Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар» профильді Оқу - әдістемелік бірлестікте қаралды және құпталды

2013 жылғы __________ № ___ хаттамасы

Оқу – әдістемелік бірлестік төрағасы. з.ғ.к. __________ Н.Жабыкбаев

Бағдарлама ҚР БҒМ техникалық және кәсіптік білім беру мәселелері бойынша Республикалық оқу - әдістемелік кеңесінде қаралды және мақұлданды

2013 жылғы _______________ № ______ хаттамасы

Республикалық оқу - әдістемелік кеңесінің төрағасы ___________ Қ.Бөрібеков

Үлгілік оқу бағдараламасының сапасын арттыру туралы ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді мына мекен -жайға хабарлауларыңызды сұраймыз:

Тастақ 1, 1В үй, Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі. Тел 8(727)3967258, 2768598, 3967251, факс 2768693

E – mail: maia_61_12@ mail.ru

Мазмұны

бет

1.

Түсіндірме жазба

4

2.

Пәнді оқытуда жоспарланған нәтиже

5

3.

3.1

3. 2

Пәннің тақырыптық жоспары және мазмұны

Пәннің тақырыптық жоспары

Пәннің үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны

6

6

7

4.

Оқытудың жоспарланған нәтижесін бақылау

11

5.

Әдебиеттер және оқыту құралдары тізімі

11

1 Түсіндірме жазба

«Электроника және импульсті техника» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша 1306000 - «Радиоэлектроника және байланыс» мамандығының техникалық және кәсіптік білім беру деңгейі 1306113 «Техник-электроник» біліктілігіне сәйкестендірілген үлгілік оқу жоспарымен білім беруді оқыту бағдарламасына сәйкес (№ 150 24 “сәуір” 2013 жыл ) негізінде құрастырылды.

Осы үлгілік оқу бағдарламасы «Электроника және импульсті техника» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы пәннің ролі мен маңыздылығын, бәсекеге қабілетті 1306113 «техник - электроник» талабына сай кадрлар даярлауда, жартылай өткізгіш , электрвакумдық, электронды – оптикалық, фотоэлектр аспаптарын, импульсті техниканы және микроэлектрониканың элементтерін оқытады.

Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау мақсатында, үлгілік оқу бағдарламасын іске асыруда дәстүрлі оқу жүйесін, жаңа технологияларды (модульдік, кредиттік және т.б.); дидактикалық және көрнекі құралдар: плакаттар, модельдер, оқу бейнефильмдер, электрондық оқулықтар, оқу және оқу-әдістемелік құралдар қолдануға ұсынылады.

«Электроника және импульсті техника » пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы оқу орындарында оқу жұмыс бағдарламасын құрастыруға негіз болып табылады.

Жұмыстық оқу бағдарламасын құруда білім беру мекемесі құқылы:

  • циклға бөлінген оқу уақытының көлемін сақтай отырып, үлгілік оқу жоспарында пәнді оқытуға бөлінген оқу уақыты көлемін 25% аралығында өзгертуге (ҚР ЖҚ 1080 23.08.2012 жылғы);

  • оқудың жалпы сағат көлемін бөлімдер мен тақырыптарға бөлуге(пәнді оқытуға бөлінген жалпы бюджеттік сағат көлемінде);

  • бағдарлама материалдарын оқытуда бірізділікті сақтай отырып өзгертуге;

  • жекелеген тәжірибелік және зертханалық жұмыстарды мазмұндас жұмыстармен алмастыруға.

Бөлімдер мен тақырыптардың тізімі аймақтық компоненттердің енгізілуі есебінен, жұмыс берушінің талабы мен жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып өзгертілуі мүмкін.

  1. Пәнді оқытуда жоспарланған нәтиже

Үлгілік оқу жоспарында және білім беру бағдарламасында жоспарланған құзыреттілік

Үлгілік оқу бағдарламасында жоспарланған нәтижесі

Студенттер келесідей құзыреттіліктерге ие болады

Базалық құзыреті:

БҚ1 Жұмыс орнын ұйымдастыру

БҚ2 Өмір сүру қауіпсіздік техника ережелерін сақтау;

БҚ3 Қойылған мақсат бойынша өз жұмысын жоспарлау;

БҚ4 Еңбек жолында өзінің білімділігімен іскерлігін жаңалату;

БҚ5 Технологиялық процесстерінде қарастырылған іс әрекеттерін жасау;

БҚ6 Ең таңдаулы тәсілдермен құралдардың қызметін жұзеге асыру;

БК7 Жоғары білімділігі бар мамандардың қол басшылығымен жұмыс атқару;

Пәнді оқыту барысында студенттер төмендегідей құзыреттерге ие болады:

біледі:

  • электрприборлардың конструкциясын, қолдану аясын;

меңгереді:

-анықтамалық әдебиетті қолдануды приборларды маркасы арқылы анықтауды;

дағдысын қалыптастырады:

-приборлар параметрлеріне есептеу жүргізуді приборлардың сенімділік деңгейін анықтауды;

құзыретті:

аспаптардың параметірлік есептерін өндіру

Кәсіби құзіреттілік

  1. Кино, теле және бейнежабдықтардың жаңа шығарылған түрлерінен хабардар болу;

  2. Бақылау- өңдеу құралдарының көмегімен бөлшектердің қолдану мерзімін бақылау;

  3. Электрлік схема мен шамаларын оқу, өлшеу және есептеу

  4. Жұмыс бабында электронды есептеуіш машина құрылғыларын және бағдарламалық қамсыздандыруларды қолдану;

  5. Жүйе мен блоктардың жұмыс істеу режиміне тексеру жүргізу;

КҚ3.11.6 Кино‑, теле‑ және бейне жабдықтарының техникалық қалпын анықтау және оларға кішігірім жөндеу жүргізу;

Пәнді оқыту барысында студенттер төмендегідей құзыреттіліктерге ие болады:

білуі керек:

- қосылу және қорғау аппаратураларының жұмыс істеу принциптері;

меңгеруі керек:

-техникалық сипаттамасына қарай қажетті приборларды таңдауды;

дағдысын қалыптастырады:

-дифференциялды және интегралды тізбектердің жұмысын түсінуді.

құзыретті:

-аспаптардың техникалық сипаттамасын дұрыс таңдау