Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РЭС сборник.docx
Скачиваний:
202
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
447.77 Кб
Скачать

Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі

Техникалық және кәсіптік білім

Тіркеу №_____

____________2013ж

Үлгілік оқу бағдарламасы есептеуіш техника

(мамандық бойынша пән атауы)

1306000 Радиоэлектроника және байланыс

(мамандық бойынша пән атауы)

Астана 2013

Авторлар:

1. Ибраимова А.Б

Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы

2. Усентаева Э.К

Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы

3. Токенова Д.Д.

Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы

Сарапшылар:

1.М.А.Чингужинов

ЖШС «Silk Wai City» директоры

2. В.С.Долгов

«Алматыкино» коммунальды мемлекеттік мекеменің директоры

3. А.Б.Сабитов

ЖШС «Киномонтаж» директоры

Бағдарлама Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінің жанындағы «Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар» профильді Оқу - әдістемелік бірлестікте қаралды және құпталды

2013 жылғы __________ № ___ хаттамасы

Оқу – әдістемелік бірлестік төрағасы. з.ғ.к. _______Н.Жабыкбаев

Бағдарлама ҚР БҒМ техникалық және кәсіптік білім беру мәселелері бойынша Республикалық оқу - әдістемелік кеңесінде қаралды және мақұлданды

2013 жылғы ____________ № ______ хаттамасы

Республикалық оқу – әдістемелік кеңесінің төрағасы _Қ.Бөрібеков

Үлгілік оқу бағдараламасының сапасын арттыру туралы ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді мына мекен -жайға хабарлауларыңызды сұраймыз:

Тастақ 1, 1В үй, Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі. Тел 8(727)3967258, 2768598, 3967251, факс 2768693

E – mail: maia_61_12@ mail.ru

Мазмұны

бет

1.

Түсіндірме жазба

4

2.

Пәнді оқытуда жоспарланған нәтиже

5

3.

3.1

3. 2

Пәннің тақырыптық жоспары және мазмұны

Пәннің тақырыптық жоспары

Пәннің үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны

6

6

7

4.

Оқытудың жоспарланған нәтижесін бақылау

11

5.

Әдебиеттер және оқыту құралдары тізімі

12

1 Түсіндірме жазба

«Есептеуіш техника»пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша 1306000 - «Радиоэлектроника және байланыс» мамандығының техникалық және кәсіптік білім беру деңгейі 1306113 «Техник-электроник» біліктілігіне сәйкестендірілген үлгілік оқу жоспарымен білім беруді оқыту бағдарламасына сәйкес (№ 150 24 “сәуір” 2013 жыл ) негізінде құрастырылды.

Осы үлгілік оқу бағдарламасы «Есептеуіш техника» пәні бойынша міндетті мазмұнына және дайындау деңгейіне қойылатын мемлекеттік талаптарды жүзеге асыруға арналады және кәсіптік білім ұйымдарының оқу жұмыс бағдарламасын құрастыруға негіз болып табылады.

Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау мақсатында, үлгілік оқу бағдарламасын іске асыруда дәстүрлі оқу жүйесін, жаңа технологияларды, дидактикалық және көрнекі құралдар: плакаттар, модельдер, оқу бейнефильмдер, электрондық оқулықтар, оқу және оқу-әдістемелік құралдар қолдану ұсынылады..

«Есептеуіш техника» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы білім беру мекемелері үшін жұмыстық оқу бағдарламасын құрудың негізі болып табылады.

Жұмыстық оқу бағдарламасын құруда білім беру мекемесі құқылы:

  • циклға бөлінген оқу уақытының көлемін сақтай отырып, үлгілік оқу жоспарында пәнді оқытуға бөлінген оқу уақыты көлемін 25% аралығында өзгертуге (ҚР ЖҚ 1080 23.08.2012 жылғы);

  • оқудың жалпы сағат көлемін бөлімдер мен тақырыптарға бөлуге(пәнді оқытуға бөлінген жалпы бюджеттік сағат көлемінде);

  • бағдарлама материалдарын оқытуда бірізділікті сақтай отырып өзгертуге;

  • жекелеген тәжірибелік және зертханалық жұмыстарды мазмұндас жұмыстармен алмастыруға;

Бөлімдер мен тақырыптардың тізімі аймақтық компоненттердің енгізілуі есебінен, жұмыс берушінің талабы және жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып өзгертілуі мүмкін.

Есептеуіш техника құралдарының тұрақты және қарқынды дамуы пәннің мазмұнына үнемі өзгерістер енгізуді қажет етеді.