Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РЭС сборник.docx
Скачиваний:
202
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
447.77 Кб
Скачать

Мазмұны

бет

1.

Түсіндірме жазба

4

2.

Пәнді оқытуда жоспарланған нәтиже

5

3.

3.1

3. 2

Пәннің тақырыптық жоспары және мазмұны.

Пәннің тақырыптық жоспары

Пәннің үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны

6

6

7

4.

Оқытудың жоспарланған нәтижесін бақылау

9

5.

Әдебиеттер және оқыту құралдары тізімі.

9

1 Түсіндірме жазба

«Электрорадиоматериалдар мен радиоэлементтер» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша 1306000 - «Радиоэлектроника және байланыс» мамандығының техникалық және кәсіптік білім беру деңгейі 1306113 «Техник-электроник» біліктілігіне сәйкестендірілген үлгілік оқу жоспарымен білім беруді оқыту бағдарламасына сәйкес (№ 150 24 “сәуір” 2013 жыл ) негізінде құрастырылды.

Осы үлгілік оқу бағдарламасы «Электрорадиоматериалдар мен радиоэлементтер» пәнде радиотехникалық материалдарды, техникалық және эксплутациялық сипаттамалар мен олардың қолданылуын оқытуды қарастырады..

«Электрорадиоматериалдар мен радиоэлементтер» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасын құрастыруда оқытуды ұйымдастырудың келесі түрлері: лекциялар, семинарлар, тәжірибелік сабақтар(зертханалық жұмыстар), бақылау жұмыстары және басқалар ұсынылады.

Теориялық білімдерді бекіту және қажетті тәжірибелік дағдылар мен біліктілікті қалыптастыруда пән бағдарламасында зертханалық жұмыстар өткізу қарастырылған.

«Электрорадиоматериалдар мен радиоэлементтер» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы білім беру мекемелері үшін жұмыстық оқу бағдарламасын құрудың негізі болып табылады.

Жұмыстық оқу бағдарламасын құруда білім беру мекемесі құқылы:

  • циклға бөлінген оқу уақытының көлемін сақтай отырып, үлгілік оқу жоспарында пәнді оқытуға бөлінген оқу уақыты көлемін 25% аралығында өзгертуге (ҚР ЖҚ 1080 23.08.2012 жылғы);

  • оқудың жалпы сағат көлемін бөлімдер мен тақырыптарға бөлуге(пәнді оқытуға бөлінген жалпы бюджеттік сағат көлемінде);

  • бағдарлама материалдарын оқытуда бірізділікті сақтай отырып өзгертуге;

  • жекелеген тәжірибелік және зертханалық жұмыстарды мазмұндас жұмыстармен алмастыруға;

Бөлімдер мен тақырыптардың тізімі аймақтық компоненттердің енгізілуі есебінен, жұмыс берушінің талабы мен жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып өзгертілуі мүмкін.

  1. Пәнді оқытуда жоспарланған нәтиже

Үлгілік оқу жоспарында және білім беру бағдарламасында жоспарланған құзыреттілік

Үлгілік оқу бағдарламасында жоспарланған нәтижесі

Студенттер келесідей құзыреттіліктерге ие болады

Базалық құзыреті:

БҚ1 Жұмыс орнын ұйымдастыру

БҚ2 Өмір сүру қауіпсіздік техника ережелерін сақтау;

БҚ3 Қойылған мақсат бойынша өз жұмысын жоспарлау;

БҚ4 Еңбек жолында өзінің білімділігімен іскерлігін жаңалату;

БҚ5 Технологиялық процесстерінде қарастырылған іс әрекеттерін жасау;

БҚ6 Ең таңдаулы тәсілдермен құралдардың қызметін жұзеге асыру;

БК7 Жоғары білімділігі бар мамандардың қол басшылығымен жұмыс атқару;

Пәнді оқыту барысында студенттер төмендегідей құзыреттіліктерге ие болады:

білуі керек:

  • материалдардың

негізгі физика-химиялық, механикалық және техналогиялық қасиеттерін анықтауды;

меңгеруі керек:

  • материалдар түрлерін анықтауды;

дағдысын қалыптастырады:

-қорытпалардың құрылысы және түрлері

құзыретті:

- радиодетальдардың жарамдылығын анықтау үшін элементтік базасының өлшеуіш құралдардың көмегімен бақылау.

Кәсіби құзыреті:

  1. Кино, теле және бейнежабдықтардың жаңа шығарылған түрлерінен хабардар болу;

  2. Бақылау- өңдеу құралдарының көмегімен бөлшектердің қолдану мерзімін бақылау;

  3. Электрлік схема мен шамаларын оқу, өлшеу және есептеу

  4. Жұмыс бабында электронды есептеуіш машина құрылғыларын және бағдарламалық қамсыздандыруларды қолдану;

  5. Жүйе мен блоктардың жұмыс істеу режиміне тексеру жүргізу;

КҚ3.11.6 Кино‑, теле‑ және бейне жабдықтарының техникалық қалпын анықтау және оларға кішігірім жөндеу жүргізу;

білуі керек:

  • қорытпа түрлерін анықтауды және айыруды;

  • өткізгіштерді, диэлектрліктерді, жартылай өткізгіштерді және ферроматнетиктерді жіктеуді;

  • материалдардағы жүретін негізгі физикалық процестерді түсінуді;

меңгерді:

  • қорытпа түрлерін анықтауды;

дағдысын қалыптастырады:

-негізгі физикалық процессі,материалдағы өзгерістер;

құзыретті:

  • электор өлшемдерінің праметірлерінің радиотехникалық құралдары.