Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
учебник меру.doc
Скачиваний:
1988
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
4.8 Mб
Скачать
      1. Интерферонның индукторлары (интерфероногендер)

Интерферон индукторлары – ол табиғи және синтетикалық текті зат; ол адам ағзасында меншікті интерферондардың өндірілуін ынталандырады. Ол қорғаныстық тосқауыл құруға, сол арқылы ағзаның бактериялар мен вирустарымен зақымдалуын болдырмауға жүзеге асырады. Сонымен қатар иммундық жүйе жағдайын реттейді, қатерлі жасушалардың өсуін баяулатады. Перспективті интерфероноген болып, акридонсірке қышқылының төмен молекуларлық туындылары, сонымен қоса әр түрлі флуоренон туындылары болып табылады. Интерферон индукторларының әйгілі дәрілік препараттары мысалы, циклоферон және тилорон болып келеді.

Циклоферон (Cycloferonum), N-метилглукамин акридонацетат (ХПА). Интерферон синтезінің индукторы. Иммунды белсендіруші, вирусқа қарсы және ісінуге қарсы әсер көрсетеді. Препараттың әсер ету механизмі оның лимфоидты элементері бар ағзалар мен тіндерде (ішектің шырышты қабаты, көкбауыр, бауыр, өкпе) биік титрлі эндогенді альфа және бета интерферон түзілуін баяулату қабілеттілігіне негізделеді. Циклоферон гранулоциттің түзілуін ынталандыру арқылы, жілік майы бағаналы жасушаларын белсендіреді, Т-лимфоцит және табиғи киллер жасушаларын белсендіреді. Т-хелпер және Т-супрессорлық жасушалар субпопуляциялары арасындағы байланысты реттейді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. АИВ-инфекциясы, тұмау, жедел респираторлы аурулар, А,В және С вирусты гепатиттер, нейроинфекциялар, жедел ішек инфекциялары, екіншілік иммунотапшылық, саңырауқұлақ инфекциялары, хламидиялық инфекциялар, дәнекер тіндердің жүйелік аурулары (ревмотоидты артрит, жүйелі қызыл жегі), буынның дегенеративті-дистрофиялық аурулары, бейспецификалық бактериялы вагиниттер және вагиноздар. Ішке бір реттік мөлшері 300-600 мг (2-4 ішекте еритін таблеткалар № 10) тағайындалады. Курстық мөлшері 3-6г (20-40 таблеткада) кесте бойынша 28 тәулікке дейін және басқа.

Кері көрсеткіштері. Декомпенсация фазасындағы бауыр циррозы, жүктілік, лактация, 4 жасқа дейінгі балаларға, дәрілік препараттың қоспаларына жоғары сезімталдық,

Жанама әсерлері. Мүмкін: аллергиялық реакциялар.

Шығарылу түрі. 12,5% 2 мл егуге арналған ампуладағы ерітінді; 250 мг ампуладағы және флакондағы егуге арналған лиофилизирленген ұнтақ; ішекте еритін таблеткалар N. 10; 5% 5 және 30 мл линимент.

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol. Cycloferoni 12,5% - 2 ml

D.t.d N. 10 in аmp.

S. 1 – 2 мл бұлшық етке қолдануға арналған күніне 1 рет.

#

Тилорон (Tiloronum), амиксин, лавомакс. Тилорон – вирусқа қарсы және иммуномодуляторлық дәрі. Ішек эпителий жасушаларының, гепатоциттермен, Т-лимфоциттермен және гранулоциттермен интерферондардың (альфа-, бета-, гамма-) түзілуін тежейді. Жілік майы майның бағаналы жасушаларын белсендіреді, гуморальды иммунитетті ынталандырады, IgM, IgA, IgG өндірілуін жоғарлатады, антидене түзілуіне ықпал көрсетеді, иммунодепрессияға дейін төмендетеді. Т-хелперлер/Т-супрессорлар қатынасын қалпына келтіреді. Вирусқа қарсы механизмінің әсері инфицирленген жасушаларды вирус-спецификалық ақуыз трансляциясын баяулатауға байланысты, нәтижесінде вирус репликациясын босатады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. А, В және С вирусты гепатит; ұшықтық және цитомегаловирусты инфекциялар, инфекциялы-аллергиялық және вирусты энцефаломиелиттің (шашыранды склероз, лейкоэнцефалит, увеоэнцефалит және т.б.) кешенді терапияның құрамында, урогенитальды және респираторлы хломидоз; тұмау және ЖРВИ емдеуі мен алдын алу шараларында. Ішке қолданылатын мөлшері 125-250 мг. Тәулігіне және алдын алу шаралары үшін 125 мг 1 рет аптасына (60 және120 мг таблетка № 6 және 10).

Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдық, жүктілік, лактация, 7-14 жасқа дейінгі балалар.

Жанама әсерлері. Деспептикалық көріністер, қысқа мерзімді қалтырау, аллергиялық реакциялар.

Шығарылу түрі. 60 және 125 мг таблеткалар N. 6, 10.

Полудан (Poludanum), полиадениал қышқылы+полиудил қышқылы. Полудан вирусқа қарсы және иммунды белсендіруші әсер көрсетеді. Ағзадағы тіндер мен жасушаларда (көбінесе альфа интерферон, аз дәрежеде интерферон бета) эндогенді интерферондардың өндірілуін ынталандырады, интерферондардың пайда болуы, жасушаларда вирустардың көбеюіне кедергі жасайды, офтальмо ұшықты науқастарда төмендеген, табиғи киллер жасушалардың белсенділігін, сонымен қоса басқа да иммунокомпетентті жасушаларды күшейтеді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Көздің вирус аурударыда: кератоиридоциклит, аденовирусты және ұшықтық конъктивит, кератит, стромалық жүйке невриттері (вирустық этиология). Субкнъюктивальды енгізулер кезінде ампула құрамын 1 мл суда ерітіп және 100 мкг (0,5 мл) күнара немесе күн сайын енгізеді.

Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдық, қабақтың алдыңғы бетінде кератоиридоциклиттердің шығуы, конъюктивиттер, конъюктива себулерінде патогенді микрофлора кезінде және тістер инфекциясы кезінде қолдануға болмайды.

Жанама әсерлері. Көз тамшылары: аллергиялық реакциялар (қалтырау, конъюктивальды инфекцияның күшюі, төменгі алдыңғы қатпарда жеке фолликулалардың болуы). Субконъктивальды енгізу: төменгі қабықтың ісінуі, коньктивальды инфекцияның күшеюі. Көздің алдыңғы камерасына енгізу кезінде: көз ішілік қысымның қысқа уақытқа көтерлуі, көздің алдыңғы камерасында геморрагияның пайда болуы.

Шығарылу түрі. 100 ЕД (0,2 мг) ампуладағы көз тамшысы ретінде, субконъюнктивалды және интраназальды қолданатын лиофилизирленген ұнтақ.

Рецепт үлгісі. Rp.: Poludani 100 ЕД

D.t.d N. 2 in аmp.

S. Тәулігіне 2 тамшыдан интраназальды 5 рет.

#