Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
учебник меру.doc
Скачиваний:
1988
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
4.8 Mб
Скачать
      1. Антиденелер препараттары

Антитимоцитарлы иммуноглобулин (Immunoglobulinum antithymocytfrum), тимоглобулин. Қоян қан сары суынан алынатын, адамның Т-лимфоцитімен иммунизирленген, поликлональды антиденелердің иммунодепрессивті препараты (лимфоциттерге, оның ішінде Т-лимфоциттерге қарсы белсенді антидене).

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Жүрек, бүйрек, ұйқы безі және бауырды ауыстырып отырғызу салдарынан туындайтын трансплантант босап шығу реакциялары кезінде. Апластикалық қаназдық. Трансплантанттың босап шығу реакциясын алдын алу үшін – көктамырға тәулігіне 1,25-2,5 мг/дене салмағына 1-3 апта аралығында. Апластикалық қаназдық кезінде тәулігіне 2,5-5 мг/дене салмағына 5 күн бойы.

Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдық, жүктілік, лактация кезеңі, вирустық, саңырауқұлақтық және бактериялық жедел жұқпалы ауруларда.

Жанама әсерлері. Гипертермия, тромбоцитопения, нейтропения, сарысулық ауру, анафилаксиялық реакция – көбінесе инфузиядан кейін немесе сол сәтте пайда болады.

Шығарылу түрі. 25 мг флакондағы көктамрыға егуге арналған лиофизирленген ұнтақ.

Рецепт үлгісі. Rp.: Immunoglobulinі antithymocytаri 0,025

D.t.d N. 20

S. 1,25 – 2,5 мг/кг тәулік ішінде.

#

Даклизумаб (Daclizumabum), зенапакс. Даклизумаб - иммунодепрессивті ИЛ-2 рецепторларына қарсы моноклональды антидене. ИЛ-2 рецепторлары антагонист болып табылады: белсендірілген Т-жасушаларында экспрессияланады, ИЛ-2 жоғары аффинді рецепторлық комплекстің альфа-суббірлігімен (Tac) жоғары арнайы байланысады. ИЛ-2 лимфоциттердің белсенділігін және трансплантанттың иммунды реакциясын тежейді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Бүйректің аллотрансплантантының алдын алу негізінде. Көктамыр арқалы 1 мг/дене салмағына еріткіште енгізіледі.

Кері көрсеткіштері. Даклизумабқа сезімталдықтың жоғарлауы.

Жанама әсерлері. Ауыр аллергиялық рекциялар, бас ауыру, бас айналу, ұйқысыздық, дірілдеу, тырыспа, диспепсиялық құбылыстар және т.б пайда болуы мүмкін.

Шығарылу түрі. 0,5% 5 мл флакондағы инфузияға арналған, қосымша еріткіші бар ұнтақ.

Рецепт үлгісі. Rp.: Sol.Daclizumabi 0,5% - 5 ml

D.t.d N. 10

S. Тәулігіне көктамырға 1 мг/кг 1 рет.

#

    1. Иммунды белсендіруші дәрілер

Иммунды белсендіруші дәрілер деп – гуморальды және жасушалық иммунды жауапты жоғарлататын дәрілік заттар. Иммунды белсендіруші дәрілердің негізгі ерекшелігі оның әсері ауру қоздырғышы мен патологиялық ошағында емес, ал моноциттер популяциясына бей арнайы ынталандырушы әсер етеді (макрофагтар, Т- және В-лимфоциттер мен олардың субпопуляциялары). Оларды иммунды жетіспеушілік жағдайларда, созылмалы баяу ағымды инфекцияларда және де кейбір ауруларда қолданады. Иммунды белсендіруші дәрілерге жататындар:

1. Шығу тегі эндогенді полипептидтер және де олардың аналогтары (тималин, тактивин, миелопид, иммунофен және т.б.).

2. Синтетикалық препаратттар (левамизол, полиоксидоний).

3. Шығу тегі микробтық препараттар және олардың аналогтары (бронхомунал, рибомунал, продигиозан, ликопид).

4. Интерферондар (ИФН). Олардың белсенді компоненттері бойынша ИФН-α, ИФН-β және ИФН-γ және әртүрлі алу тәсілдері бойынша табиғи (ИФН-α , ИФН-β және ИФН-α-n1) және рекомбинантты (ИФН-α-2a , ИФН-α-2b және ИФН-α1b).

5. Интерферон индукторы (интерфероногендер), эндогенді ИФН синтезін күшейтуші препараттар (Тилорон, полиаденил қышқылы, меглумин акридонацетаты).

6. Интерлейкиндер (ИЛ-2 адамдық рекомбинантты, ИЛ-1 адамдық рекомбинантты).

7. Иммуноглобулин препараттары (IgG адамдның қалыпты иммуноглобулинді жіктері, адамның қалыпты иммуноглобулині (IgG + IgA + IgM), цитомегаловирусқа қарсы иммуноглобулин, гепатит В-ға қарсы иммуноглобулин).