Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
учебник меру.doc
Скачиваний:
1988
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
4.8 Mб
Скачать

10.2.1. Стероидты емес қабынуға қарсы қышқылдар тобының дәрілері

10.2.1.1 Салицил қышқылының туындысы

Ацетилсалицил қышқылы (Acidum acetysalicylicum), аспирин. Ацетилсалицил қышқылы қабыну ошағындағы жүріп жатқан үрдістерге әсер етеді: капиллярлар өткізгіштігін төмендетеді, гиалуронидаза белсенділігін төмендетеді, АТФ түзілуін тежеу жолымен қабыну ошағының үрдісін энергетикалық қамтамасыз етуін шектейді. Қабынуға қарсы әсер ету механизмінің негізіне простогландин биосинтезін баяулату жатады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Ауыру сезімін басатын және қызуды басатын дәрі ретінде (қызбамен жүретін ауруларда, бас ауыру, бас сақинасы, невралгияда және т.б.) күніне 0,25-0,5-1 г 3-4 рет; балаларға жасына сай 0,1 -ден 0,3 г дейін бір реттік мөлшерде тағайындайды. Ревматизм, инфекционно-аллергиялық миокардитте, ревматоидты полиартритте ересектерге ұзақ уақыт тәулігіне 2-3 г (кейде 4 г), ал балаларға туған жыл санына тәулігіне 0,2 г тағайындайды. 1 жастағы балаларға бір реттік мөлшері 0,05 г, 2 жасқа — 0,1 г, 3 жасқа — 0,15 г, 4 жасқа — 0,2 г. 5 жастан бастап 0,25 г таблеткадан тағайындауға болады.

Кері көрсеткіштері. Асқазан және он екі елі ішектің ойық жара ауруы, қан кетулер, портальді гипертензия, қан айналымның бұзылуы, бронх демікпесі, бауыр және бүйректің ауыр қызметінің бұзылыстары.

Жанама әсері. Ульцерогенді әсері. Асқазан ішектік қан кетулер, бронхоспазм, естудің төмендеуі, нефротикалық синдром, аллергиялық реакция, ұзақ уақыт қолданғанда қаназдыққа, лейкопенияға, тромбоцитопенияға әкеледі.

Шығарылу түрі. 50, 75, 100, 250, 300, 325 және 500 мг таблеткалар N.10, 20, 100 және 100 мг балалар үшін N.10; 50, 100, 300 және 325 мг ішекте еритін таблеткалар N.10, 20; 25, 330, 350 және 500 мг шайнауға арналған таблеткалар N.10, 16, 20, 100 және балаларға арналған 81 мг таблеткалар N.36; 100г ішке қолдануға арналған қораптағы ұнтақтар.

Рецепт үлгісі. Rp.: Acidi acetysalicylici 0,1

D.t.d. N.10

S. Қораптың құрамындағы ұнтақты 100мл суға ерітіп, күніне 2 – 3 рет

#

10.2.1 Пиразолидин туындысы

Фенилбутазон (Phenylbutazonum), бутадион. Фенилбутазон –ауыруды басатын, қабынуға қарсы және қызуды түсіруші дәрі.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Ревматизм, инфекциялық өзіндік емес полиартрит (бірнеше буынның қабынуы), Бехтерев ауруы, түйінді эритема (терінің шектеулі қызаруы), кіші хорея (бас миының ревматикалық зақымдануымен туындаған ауру) және т.б. Ішке 0,1-0,15 г–нан тәулігене 2-3-4 реттен.

Кері көрсеткіштері. Асқазан және он екі елі ішектің ойық жара ауруы, бүйрек және бауыр қызметінің бұзылуы, қантүзуші ағзалардың ауруы, қан айналым жетіспеушілігінің ІІ-ІІІ сатысы, артмиялар (жүректің жиырылу ырғағының бұзылуы).

Жанама әсері. Жүректің айнуы, асқазан тұсының ауыруы (шырышты қабаттың жаралануы мүмкін), тері бөртпелері, невриттер (жүйкенің қабынуы), қаназдық (қан құрамында гемоглобиннің төмендеуі), гематурия (зәрдегі қан) және т.б.

Шығарылу түрі. Балаларға арналған 30 және 50 мг таблеткалар және ересектерге арналған 150 мг таблеткалар N.10; 5% 20 г тубадағы жағынды.