Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
учебник меру.doc
Скачиваний:
1988
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
4.8 Mб
Скачать

8.1.2. Наркотикалық типті әсері бар ұйықтататын дәрілер

Фенобарбитал (8.2.1 Үлкен тырысу талмалары кезінде қолданылатын дәрілерді қара).

Хлоралгидрат (Chlorali hydras) жеңіл анальгезия шақыру қабілеті бар, тыныштандыратын және ұйықтатқыш әсер көрсетеді. Хлоралгидрат әсер еткен кезде ұйқы 15-20 минуттан кейін дамиды және 5-6 сағатқа дейін созылады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Қозу кезінде тыныштандырғыш зат ретінде (әсіресе жүйке-психатрия тәжірибесінде), жансыздандырушы, ұйықтатқыш және тырысуға қарсы (спазмофилия, сіреспе, эклампсия) қолданады. Тыныштандыратын ықпал мөлшері ішке бір қолдануға 0,2-0,3-0,5 г, ал ұйықтатқыш әсер ретінде 0,5-1,0-2,0 г-нан. Хлоралгидратты ішке қаптаушы заттармен 0,2-1,0 г қолданады, сонымен қатар клизма үшін тік ішекке, көбінесе көп мөлшерде араластырып, асқазанның және ішектің шырышты қабатын тітіркендіруші әсері ретінде қаптаушы заттар мен бірге қолданады.

Кері көрсеткіштері. Бауыр және бүйрек қызметінің айқын бұзылыстары, жүрек-қантамыр жүйесінің бұзылыстары.

Жанама әсерлері. Мөлшерден тыс қолданған кезде: құсу, артериялық қысымның төмендеуі, ұзақ уақыт қолданғанда — үйренгіштік дамиды.

Шығарылу түрі. Ішке 5 -тен 1000 мг-ға дейін ұнтақ ретінде және клизма ретінде 2 – 3% 15 – 20 мл ден 40 – 60 мл-ға дейін.

Рецепт үлгісі. Rp.: Chlorali hydratіs 1,5

Mucilaginis Amyli

Aq. destill aa 15 ml.

M.D.S. 1 ретке клизма ретінде қолдануға арналған.

#

8.1.3. Әр түрлі топтағы ұйықтататын дәрілер

Доксиламин (Doxylaminum), донормил. Доксиламин ұйықтатқыш, тыныштандырғыш, аллергияға қарсы зат ретінде, этаноламин тобындағы H1-гистаминді рецепторлардың тежегіштері және м-холинолитикалық әсері бар. Ұйықтау уақыты қысқарады, ұйқының сапасы мен ұзақтылығы жоғарылайды, ұйқының кезеңдеріне әсер етпейді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Ұйқының бұзылуы; аллергиялық реакциялар, тері қышымасы; тұмау аурулары және жөтел (қосарланған препараттардың құрамына кіреді). Ұйықтар алдында 15–30 мин бұрын ішке 7,5–30 мг-нан, қарт адамдар —7,5–15 мг-нан; емдеу курсы 2 аптаға дейін. Аллергиялық реакциялар кезінде — бір реттік 25 мг мөлшерде 4–6 сағат сайын , ең жоғары тәуліктік мөлшері — 150 мг тағайындайды.

Кері көрсеткіштері. Жоғары сезімталдылық, жабық бұрышты глаукома, аталық безінің гиперплазиясы, әр түрлі генезді зәр шығарудың бұзылуы, жүктілік, емшекпен емізу, 6 жасқа дейінгі балалар (гистаминге қарсы зат ретінде), 15 жасқа дейінгі балалар (тыныштандыратын-ұйықтатқыш әсері).

Жанама әсерлері. Күндізгі кездегі ұйқышылдық, әлсіздік, ауыз қуысының құрғауы, аккомодация парезі, іш қату, зәрдің қиындауы.

Шығарылу түрі. 15 мг таблеткада N.30. және көпіргіш таблеткада 15 мг N. 20.

Натрия оксибат (7.1.2. Ингаляциялық емес наркозға арналған заттар тақырыбын қараңыз).

Рамелтеон (Ramelteonum) жаңа жіктегі бірінші препарат болып табылады, таңдамалы түрде MT1 және MT2 рецепторларымен мелатонинге жоғары туыстықпен байланысады. Препарат жоғары талдамдылық көрсетеді және бензодиазепинді рецепторларға әсер етпейді, сондықтан оның жанама әсерлері көп емес, тәуелділік, естің төмендеуін, алып тастау синдромын немесе пародоксалды ұйқысыздық шақырмайды. Ол мелатонин сияқты бас миында туындайтын ұйқы-сергектікті бақылап отырады. Рамелтеон ұйқысыздықта, көбінесе ұйқының бастапқы сатысында қолданады. Бұл рецепторлар, эндогенді мелатонин сияқты қалыпты ұйқыға қажет тәуліктік ырғақты ұстап тұруға қатысады. Рамелтеон 8 мг және 16 мг-дық мөлшерде 4 апта бойы ұйқы жақсарғанға дейін 40 минуттай, бірақ бақылау соңында плацебоға ұқсас болады. Субъективті бақылау бойынша ұйқы саны ұзарды. Ең маңыздысы плацебомен салыстырғанда ұйқы тез басталған.