Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
учебник меру.doc
Скачиваний:
1988
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
4.8 Mб
Скачать
      1. Интерферондар (ифн)

Интерферондар – жалпы ұғым, вирус енуіне байланысты ағза жасушаларымен өндірілетін, қасиеттері ұқсас ақуыздардың тізбегі. Интерферондар арқылы жасушалар вирус әсеріне төзімді келеді. Адам ағзасындағы интерферондарды жасуша түріне байланысты мынадай түрлерге бөледі: α,β,γ. Интерферондардың ең таңымал қасиеті, олардың вирустарды көбеюін шектеуі. Интерферондар вирусты инфекцияға жауап ретінде сүтқоректілер мен құстар жасушаларында түзіледі. Жасуша зақымдалғанда вирус көбейе бастайды. Бұл уақытта ие-жасуша интерферон өндіре бастайды, интерферон жасушадан шығып, көрші жасушалармен байланысқа түседі, осылай барлық жасушалардың вирусқа сезімталдығын жояды. Ол бірнеше механизмдерді іске қосып, әрекет етеді: вирус ақуыздардың синтезін, кейде түзілуін тежеу және вирус бөлшектерін ағзадан шығару (олигоаденилатциклаза белсенуі арқылы). Сондықтан, интерферонның вирусқа әсері тікелей емес, бірақ жасушада вирус көбеюін тежейді.

Вирус – индикатор қатысында донор қанының лейкоцит жасушаларынан табиғи (ИФН- α, ИФН- β, ИФН- α-n1) интерферондарды алады.

Гендік инженерлік әдіс арқылы, генетикалық аппаратында адам интерферонының рекомбининтты плазмидасы бар бактериалдық штамдарды дақылдандыру арқылы рекомбинантты (ИФН- α-2а, ИФН- α-2b, ИФН- α1b) интерферондарды алады.

Интерферон альфа (Interferonum alfa), интерферон альфа-2, интерферон альфа-2а, интерферон альфа-2б, адамның құрғақ лейкоцитарлы интерфероны, интрон-А, роферон А.

Интерферон альфа табиғи және рекомбинантты вирусқа қарсы, иммуномодуляторлық, пролиферотивке қарсы дәрі. Вирусқа қарсы әсерінің механизмі вируспен зақымдалмаған жасушаларда қорғаныс механизмдерін құруға негізделген: жасуша мембранасының қасиеттерінің өзгеруі; яғни жасуша ішіне вирус енуін тежеу, вирустың РНК репликациясы мен вирус ақуыздарының синтезіне қатысатын арнайы ферменттер синтезінің тізбегін тоқтату. Пролиферативке қарсы әсері тікелей механизм арқылы жүзеге асады. Ол дифференцировка және жасуша метаболизмін реттелуін сонымен қатар, жасуша пролиферациясы, әсіресе, ісіктік жасушаның пролиферациясын реттейтін цито қаңқалық және жасуша мембранасындағы өзгерістер арқылы тудырады. Иммуномодуляторлық әсері макрофаг пен табиғи киллер жасушаларының белсенділігін ынталандыру арқылы жүзеге асады (антиген презентациясы үрдісінде макрофагтар иммунокомпетентті жасушаларға, ал табиғи киллерлер ісік жасушаларына иммундық жауапқа қатысады).

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. ИФН препараттары көздің ұшық ауруларын, қарапайым ұшықта, теміреткіні, жедел және созылмалы В,С гепатиттері, ЖРВИ емдеу мен алдын-алу және АИТВ кезінде қолданылады.

Кері көрсеткіштері. Жүректің ауыр ауруларында, қан түзу жүйесінің, бауырдың, бүйректің айқын қызметінің бұзылысында, депрессия, қояншыта, жүктілік, лактация.

Жанама әсерлері. Диспепсиялық бұзылыстар, бауыр қызметінің бұзылысы, бас ауыруы, бұлшықет ауырсынуы, ұйқы бұзылысы, депрессия, дірілдеу, инфекцияға жағдай туғызу, аллергиялық реакциялар.

Шығарылу түрі. 500000, 1000000, 3000000, 5000000, 6000000, 9000000, 10000000, 15000000, 18000000 және 30000000 МЕ ампуладағы және флакондағы лиофизирленген ұнтақ және көз тамшылары (800 Ме/мл); егуге арналған 1 мл (1000000, 2000000, 3000000, 4000000, 5000000, 6000000, 10000000 және 18000000 МЕ) ампуладағы және флакондағы ерітінді және шприц-тюбиктерде 0,5 мл (3000000, 4000000, 5000000, 6000000, 9000000, 10000000 және 15000000 МЕ); интраназальды енгізуге арналған (Гриппферон) 5 және 10 мл 10000 МЕ/мл ерітінді.

Рецепт үлгісі. Rp.: Interferoni alfae 2000000 МЕ

D.t.d N. 10 in аmp.

S. 2000000 МЕ және одан жоғары мөлшерде бұлшық етке аптасына 2-3 рет тағайындайды .

#

Интерферон бета (Interferonum beta), бетоферон, ферон. Интерферон бета – иммунды түрлендіруші, вирусқа қарсы және пролиферативке қарсы дәрі болып табылады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Ұшық кезінде (2000000–3000000 МЕ/м2 күнде бұлшық етке қолданады), вирусты гепатиттерде (3000000–6000000 МЕ/м2 аптасына 3 рет), лейкозда (6000000 МЕ/м2 күнде), склероз кезінде (6000000-8000000 МЕ/м2 күнара) және т.б.

Кері көрсеткіштері. Жүректің ауыр аурулары, бүйрек қызметінің бұзылысы, депрессия, қояншық, жүктілік және емшекпен емізу.

Жанама әсерлері. Тұмау тәрізді синдром, ұйқысыздық, ауыру синдромы, бас айналы, өзін өзі өлтіруге тенденция, тырысу, атаксия, есту қабілетінің нашарлауы, дизартрия, қаназдық, эозинофилия, диспепсиялық бұзылыстар, инфекцияның өршуі, аллергиялық реакциялар.

Шығарылу түрі. 3000000, 6000000, 9000000 МЕ лиофизирленген ұнтақ N.15; 0,5 мл 6000000 МЕ шприцтағы егуге арналған ерітінді.

Рецепт үлгісі. Rp.: Interferoni betae 3000000 МЕ

D.t.d N.15

S. Күнде 1 егуге.

#

Интерферон гамма (Interferonum gamma), ингарон. Интерферон гамма вирусқа қарсы және иммунды түрлендіруші дәрі.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Созылмалы вирусты С және В гепатиттері, АТИ-инфекциясы, өкпе туберкулезі, қатерлі ісік аурулары, урогениталды хламидиоз және ұшық вирусты инфекция, белдік теміреткі, тұмау және т.б. 500000 МЕ мөлшерде бұлшық етке және көктамырға қолданады, сонымен қатар интраназалды 2–3 тамшыдан тұмау және ЖРВИ кезінде қолданады.

Кері көрсеткіштері. Жүктілік.

Жанама әсерлері. Интерферон альфаға ұқсас.

Шығарылу түрі. 100000, 500000, 1000000 және 2000000 МЕ флакондағы бұлшық етке және көктамырға қолдануға арналған лиофизирленген ұнтақ; интраназалды тамызуға арналған 100000 МЕ ерітінді.

Рецепт үлгісі. Rp.: Interferoni gammae 500000 МЕ

D.t.d N. 5

S. 500000 МЕ теріастына күніне 1 рет немесе күнара тағайындау қажет.

#