Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
метод ОСКЭ 7 курс 2015 каз ВБ2.docx
Скачиваний:
23
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
3.11 Mб
Скачать

Интерн үшін қысқаша ақпарат

Науқастан қысқаша анамнез жинаңыз. Жалпы қан анализін, ТМ қақырық анализін, рентген суретті талдаңыз және жазбаша клиникалық диагнозды беріңіз.

Интернге арналған бекеттегі тапсырма

Сізге науқас _____________ , жалпы қан анализі, МТ қақырық анализі және рентген суреті ұсынылды.

  1. Науқастан қысқаша анамнез жинаңыз (ауру анамнезі, эпид. анамнезі және әлеуметтік анамнез).

  2. Жалпы қан анализін талдаңыз (жазбаша).

  3. Туберкулез микобактериясына арналған қақырық анализін талдаңыз (жазбаша).

  4. Рентген суретті (қысқаша) талдаңыз және рентген қорытындысын беріңіз (жазбаша).

  5. Науқасты тіркеу «жағдайын» атаңыз.

  6. Науқастын Д -есеп тобын атаңыз.

  7. Қорытынды клиникалық диагнозды жазбаша беріңіз.

Емтихан алушыға арналған мәлімет

1. Интернді бақылауыңызға алыңыз және келесі белгілер бойынша баға беріңіз:

  • Интерн науқастын алдында өзін таныстырды ма?

  • Ауру анамнезін, эпид. анамнезін және әлеуметтік анамнезін жинауына баға беріңіз.

  • Жалпы қан анализін және МТ қақырық анализін сипаттап беруіне баға беріңіз.

  • Рентген суретті (қысқаша) талдауына және рентген қорытындысын беруіне баға беріңіз.

  • Науқасты тіркеу «жағдайын» және Д -есеп тобын атағанына баға беріңіз.

  • Клиникалық диагнозды кою дұрыстығына баға беріңіз.

2.Келесі интерн келгенше, интерннің бағалау парағын толтырыңыз.

Ескерту: Интерн жауап беріп жатқанда , қосымша сұрақ қоюға және мәлімет беруге болмайды.

Бекеттегі стандартталған науқас үшін нұсқау

Нұсқа 1

Ауру анамнезі: Бұрын туберкулезбен ауырған жоқпын. Үш жұмадан бері қақырықты жөтел, кешкі дене қызуының көтерілуі (37С) және әлсіздік мазалады. Өз еркіммен тек қана парацетамол ғана қабылдадым. Бір жұма бұрын мед. қызметкеріне қаралдым, қан анализін, туберкулез таяқшасы үшін қақырық анализін тапсырдым және өкпені рентгенге түсірдім.

Эпид. анамнез: Туберкулез науқасымен қатынаста болған жоқпын.

Әлеуметтіканамнезі: Күйеуіммен және үш баламмен 2 бөлмелі пәтерде ауылда тұрамын. Өзім жұмыс істемеймін, күйеуім теміржолшы болып істейді.

Нұсқа 2

Ауру анамнезі: Өкпе туберкулезімен бала кезімде ауырғанмын. Туб. диспансерде 6-8 ай ем қабылдадым, сосын бір жылдан кейін «Д» есебінен шығарылдым. Қазіргі ауруым, үш жұмадан бері қақырықты жөтел, кешкі дене қызуының көтерілуі (37С) және әлсіздік мазалады. Өз еркіммен тек қана парацетамол ғана қабылдадым. Бір жұма бұрын мед. қызметкеріне қаралдым, қан анализін, туберкулез таяқшасы үшін қақырық анализін тапсырдым және өкпені рентгенге түсірдім.

Эпид. анамнез: Туберкулез науқасымен қатынаста болған жоқпын.

Әлеуметтіканамнезі: Күйеуіммен және үш баламмен 2 бөлмелі пәтерде ауылда тұрамын. Өзім жұмыс істемеймін, күйеуім теміржолшы болып істейді.

Нұсқа 3

Ауру анамнезі: Бұрын туберкулезбен ауырған жоқпын. Бір жұмадан бері құрғақжөтел, дене қызуының көтерілуі 40С-дейін және әлсіздік мазалайды. Өз еркіммен тек қана парацетамол ғана қабылдадым. Мед. қызметкеріне қаралдым, қан анализін, туберкулез таяқшасы үшін қақырық анализін тапсырдым және өкпені рентгенге түсірдім.

Эпид. анамнез: Туберкулез науқасымен қатынаста болған жоқпын.

Әлеуметтіканамнезі: Күйеуіммен және үш баламмен 2 бөлмелі пәтерде ауылда тұрамын. Өзім жұмыс істемеймін, күйеуім теміржолшы болып істейді.

Нұсқа 4

Ауру анамнезі: Өкпе туберкулезімен бала кезімде ауырғанмын. Туб. диспансерде 6-8 ай ем қабылдадым, сосын бір жылдан кейін «Д» есебінен шығарылдым. Қазіргі ауруым, бір жұмадан бері құрғақ жөтел, дене қызуының көтерілуі 40С-дейін және әлсіздік мазалайды. Өз еркіммен тек қана парацетамол ғана қабылдадым. Мед. қызметкеріне қаралдым, қан анализін, туберкулез таяқшасы үшін қақырық анализін тапсырдым және өкпені рентгенге түсірдім.

Эпид. анамнез: Туберкулез науқасымен қатынаста болған жоқпын.

Әлеуметтіканамнезі: Күйеуіммен және үш баламмен 2 бөлмелі пәтерде ауылда тұрамын. Өзім жұмыс істемеймін, күйеуім теміржолшы болып істейді.