Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
метод ОСКЭ 7 курс 2015 каз ВБ2.docx
Скачиваний:
23
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
3.11 Mб
Скачать

Интерннің жазбасына арналған парақ

Т.А.Ә.(интерннің), тобы______________________________________________________________

Қан анализін талдау_____________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________

ТМ –на қақырық анализін талдау_______________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________

Рентген қорытындысы_______________________________________________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________

Клиникалық диагноз_____________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________

Мазмұны

Бекеттің атауы

Зәр шығару жүйесі ауруларының диагностикасы және науқастарды жүргізу амалдары

Бекеттің түрі

Коммуникативті дағдылар, диагностика

Пәні

Нефрология

Мамандығы

Жалпы медицина

Курсы

7 курс

Интерн үшін қысқаша мәлімет

Сіздің алдыңызда науқас берілген. Сізге науқастың шағымын,анамнезін жинап,науқастағы негізгі симптомдарды және синдромдарды анықтап, жетекші синдромды анықтап ажыратпалы диагноз жасап, негіздеп диагноз қойыңыз.

Интернге арналған бекеттегі тапсырма (нұсқа 1)

Науқас 44 жаста, екі жақ бел аймағындағы тұйық ауырсынуға,кейде ауырсынбалы, жиі аз мөлшерде зәр шығаруға, делсалдылыққа шағымданады. Суықтанудан кейін 2 күн бойы дене қызуы 38,50С-қа дейін көтеріліп, кенет әлсіздікпен,тершеңдікпен байқалған.Бел аймағындағы ауырсыну бірінші рет 32 жасында бірінші жүктілік кезінен бастап мазалаған. Объективті: өкпеде тыныс везикулярлы. ТАЖ – минутына 18 рет. Жүрек тондары дұрыс, ырғақты. ЖЖЖ –98 рет минутына. АҚ 120/80 мм. сын. бағ. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Соққылау симптомы екі жақта да оң мәнді. Зәр шығаруы жиі, ауырсынумен.

  • Науқастан шағымдарын, ауру анамнезін мен өмір анамнезін жинаңыз;

  • Науқаста негізгі симптомдар мен синдромдарды анықтаңыз (жазбаша);

  • Жетекші синдромды бөліп қарастырыңыз (жазбаша);

  • Жетекші синдром бойынша ажыратпалы диагноз жүргізетін аурулар тобын анықтаңыз (жазбаша);

  • Науқастың диагнозын қойыңыз (жазбаша);

  • Диагнозды негіздеңіз (ауызша)

Емтихан алушыға арналған ақпарат

1.Өтініш, интернді қадағалаңыз және бағалаңыз:

  • Коммуникативті дағдылар;

  • анамнез жинау дағдылары;

  • симптомдар мен синдромдарды, ажыратпалы диагноз жүргізілетін аурулар тобын анықтау дағдысы;

  • болжамды диагноз қою және негіздеу дағдысы.

2. Келесі интерн келуіне дейін бағалау парағын толтырыңыз.

Ескертпе: өтініш, интерн жауап беру барысында қосымша сұрақтар мен түсіндірме жүргізбеңіз.

Есеп №1,2,3,4:

Есептер

1

2

Диагноз

Созылмалы екі жақты пиелонефрит, өршу сатысы. СБЖ ?

Жіті гломерулонефрит, аралас түрі(зәрлік, нефротикалық). СБЖ ?

задачи

3

4

Диагноз

Диабеттік нефропатия, 4-кезең.

Артериялық гипертензия, 2 дәрежесі, қауіптілігі 4, СБЖ1.

Жүйелі қызыл ноқта. Созылмалы ағымы. Люпус-нефрит, нефротикалық синдроммен. СБЖ?

Стандартты науқас үшін №1 нұсқаулық

Колесникова Алла Ивановна

Сіз 44 жастасыз.

Сіз екі жақ бел аймағындағы тұйық ауырсынуға,кейде ауырсынбалы, жиі аз мөлшерде зәр шығаруға, делсалдыққа шағымданасыз. Суықтанудан кейін 2 күн бойы ауырып жүрсіз. Дене қызуыңыз 38,50С-қа дейін көтерілді,кенет әлсіздікті, тершеңдікті байқадыңыз. Бел аймағындағы ауырсыну бірінші рет 32 жасыңызда бірінші жүктілік кезінен бастап мазалайды.

Стандартты науқас үшін №2 нұсқаулық

Касымов Алибек Кайратович.

Сіз 18 жастасыз.

Беттің, дененің ісінуіне, дене салмағының қосылуына және екі жақты бел аймағында үнемі ауырлық сезіміне, шағымданасыз. Үш апта бұрын баспамен ауырдыңыз. Соңғы аптада екі жақты бел аймағында сыздап ауырсынуға, зәр көлемінің азаюына, зәр түсі «ет жуындысы» түсіне ауысқан.

Стандартты науқас үшін №3 нұсқаулық

Бородина Наталья Михайловна

Сіз 77 жастасыз.

Қант диабетінің 2 типімен 20 жылдан бері зардап шегесіз. Соңғы 5 жылда қант диабетінің декомпенсациясына байланысты инсулинтерапияға ауыстырылғансыз. Соңғы 2 айда бет аймағындағы ісінулер күшейгенін, зәр шығару көлемі азайғанын байқадыңыз.

Стандартты науқас үшін №4 нұсқаулық

Омарова Сауле Маратовна.

Сіз 23 жастасыз.

Сізде бір жыл бұрын жүйелі қызыл ноқта анықталған. Соңғы 2 аптада бел аймағындағы симметриялық үнемі сыздап ауырсынуды, бетінің ісінуін, зәр шығару көлемі азаюын және түсінің өзгеруін байқадыңыз.