Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Микроклимат.doc
Скачиваний:
44
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
244.22 Кб
Скачать

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ

Мамандық: 051105 «Фармация»

№ 1 гигиена (жалпы гигиена) кафедрасы.

Студенттер үшін

Әдістемелік нұсқау

Тақырып: Дәріхана бөлмелерінің микроклиматын гигиеналық бағалау.

Курс: 1

Қарағанды 2005ж

Кафедра мәжілісінде талқыланған

«____»____________2005ж. №_____ хаттамасы

Бекіткен кафедра меңгерушісі

________________КалишевМ.Г

1.Тақырыбы: Ауаның физикалық қасиеттерін гигиеналық бағалау.

2.Оқу сағатының саны: 2 сағ.

3.Тақырыптың өзекті мәселесі (оқу дәлелдемесі): Ауа жер бетіндегі тіршілік үшін ең қажетті орта болып табылады. Ол адам, жануарлар және өсімдіктердің тыныс алуында маңызды роль атқарады. Ауасыз организмнің тіршілік етуі мүмкін емес. Ауаның адамның өндірістік қызметіндегі де маңызы зор.

Адамның тіршілік қызметіне, денсаулығына және жұмыс қабілеттілігіне әсер ететін, ауаның негізгі физикалық факторларына: күн сәулесі, температура, ылғалдылық, ауаның қозғалыс жылдамдылығы, атмосфералық қысым, радиоактивтілік жатады.

Аптекада алғашқы 4 көрсеткіштің гигиеналық маңызы зор. Бір – бірімен белгілі деңгейде байланысатын, аталған факторлар адам организміне қолайлы және қолайсыз әсер етеді, сондай – ақ дәрілік заттардың сапасына да әсер ете алады.

Адам организміне сапалық және сандық әсер көрсететін нормалар, рұқсат етілетін және оптимальды деңгейлер, шаралар өңдеу.

4.Сабақтың мақсаты:

Студент білуге тиіс:

  1. Қоршаған ортаның негізгі функцияларын және химиялық факторларын гигиеналық бағалау әдістемесі;

  2. Қоршаған ортаның адам организмімен өзара байланысын;

Студент істей білуі керек:

  1. Жұмыс бөлмесінің температурасын, ылғалдылығын, өндірістік бөлмелердің жұмыс орнындағы ауа температурасын, ауа ылғалдылығын, ауаның қозғалыс жылдамдығын анықтау мәліметтеріне гигиеналық баға беруді;

  2. Жабық бөлме микроклиматын жақсарту шараларын өңдеуді;

5. Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар: Негізгі білім бойынша:

Санитарлық – гигиеналық

  1. және эпидемияға қарсы тәртіпті, персоналдардың қолайлы еңбек жағдайы мен демалысын қамтамасыз ету мақсатында дәріханалық ұйымдар бөлмелері мен ғимараттардың архитектуралық – жоспарламалық және конструкциялық шешімдері.

  2. Дәріхананың негізгі және қосалқы бөлмелерінің ауданы мен құрамына қойылатын гигиеналық талаптар.

  3. Халыққа қызмет көрсету залына, өндіріс бөлмелеріне қойылатын гигиеналық талаптар.

  4. Дәрілерді сақтауға арналған, қосалқы және қызметкерлерге арналған және тұрмыстық бөлмелерге қойылатын гигиеналық талаптар.

Осы сабақтың тақырыбы бойынша:

  1. Дәріхана бөлмелерінің құрылымына және жабдықталуына қойылатын гигиеналық талаптар.

  2. Дәріхананың желдетілу және жылыту жүйелеріне қойылатын гигиеналық талаптар.

  3. Дәріхананың жарықтану жүйесіне қойылатын гигиеналық талаптар.

  4. Дәріхана бөлмелерінің температуралық тәртібіне қойылатын гигиеналық талаптар.

  5. Өндіріс бөлмелеріндегі ауаның ылғалдылығы, ауаның қозғалыс жылдамдығы, атмосфералық қысымның маңызы, анықтау құралдары.