Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Микроклимат.doc
Скачиваний:
44
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
244.22 Кб
Скачать

- 2 -

6. Ақпараттық - дидактикалық блок.

Дәріхана бөлмелерінің құрылымы және оны жоспарлауға қойылатын гигиеналық талаптар.

Дәріхананы салуға бөлінетін жердің көлемі 0,1 – 0,2 га қамтиды. Таңдалған территорияға қойылатын гигиеналық талаптар өте ерекше, себебі, ол жер «сау» болуы, қажет, таңдалған территория ластаушы көз болмауы қажет. Территория «сау» болуы қажет принципіне мына түсініктерберіледі: - жердің топырағы құрғақ, топырақтың капиллярлығы төмен, жер асты суларының тұру биіктігі 1,5 м – ден кем болмауы, инсоляциясы жоғары, жер еңістігі 5 – 6 0. Бұрын таңдалған жер территориясы мәйіттерді, жануар өлекселерін жерлеген, қоқыстарды залалсыздандыру алаңдарының мақсатында пайдаланылған болмауы қажет.

Таңдалған территория ластаушы көз болуы қажет: дәріхана қоршаған ортаның қолайсыз факторларынан, шудан, автокөліктерден, атмосфералық ауа ластаушы өндіріс орындарынан, аэропорттардан, коммуналдық объектілерден (қоқыстардан, радиактивті заттарды жерлейтін) қорғалған болуы қажет. Сондықтан дәріхана мен қолайсыз жағдайларды тудыратын өндіріс орындар арасында СҚА ұйымдастыратын өте оңтайлы. Дәріхананы ластаушы көздердің бағыты есебімен орналастырған жөн. Дәріхананың жер учаскесінде атмосфералық ауадағы зиянды заттардың деңгейі ШРЕК – дан аспауы қажет. Дәріхананың жер учаскесінде сарай, гараж, герметизацияланаған қоқыс жинағыш болуы қажет. Дәріханамен функционалдық қатысы жоқ объектілерді салуға тыйым салынады. Құрылыс жер учаскесінің 25 % - н аспауы қажет, ал көгалдандыру аймағы 50 % кем болмауы тиіс.

Дәріхана бөлмелері 4 топқа бөлінеді:

  1. өндірістік

  2. қосымша

  3. әкімшілік

  4. санитарлық - тұрмыстық

Өндірістік бөлмелер өз кезегінде төмендегідей бөлмелерге бөлінеді:

  • стерильді емес дәрілерді дайындауға арналаған бөлмелер (ассистент, бөлу, провизор – аналитик, жуу, дистиляциондық – стерилдеу бөлмелері);

  • асептикалық жағдайда дәрілер дайындауға арналған бөлмелер (шлюзды деоректор, шлюзды асептикалық, дистильдеу – стерильдеу бөлмелері);

Дәріхана бөлмелері мен құрамы дәріхана ұжымдарының санитарлық тәртібі бойынша инструкциямен регламенттелінеді. Осы инструкция бойынша барлық дәріханалар негізгі екі түрге бөлінеді: өндірістік және дайын дәрілік препараттар.

Инструкцияда өндірісті топқа арналған жұмыс орындарының максимальды және минимальды тізімі берілген.

Өндірістік дәріханалардағы жұмыс орындарының

Максимальды тізімі.

  1. Халыққа қызмет көрсету залы.

  • рецепт бойынша дайын дәрілік заттарды сату.

  • рецепсіз дайын дәрілік заттарды сату.

  • дәрі дайындауға халықтың рецепін қабылдау.

  • дәріханада дайындалатын дәрілерді тарату.

  • ақпарат.

  • оптика саласын жүргізу.

  • парафармацевтикалық өнімдерді сату.

  • Ассистенттік бөлім.

    • ішке қабылдауға арналған дәрілік заттарды дайындау.

    - сыртқа қабылдауға арналған дәрілік заттарды дайында

    • ішке қабылдауға арналған дәрілерді бөлу (фасовка)

    • сыртқа қабылдауға арналған дәрілерді бөлу

    • провизор – технолог

    • емдеу алдын алу мекемелері үшін кең көлемде дәрі дайындау

    • емдеу алдын алу мекемелері үшін фасовка

    III.Аналитикалық бөлім:

    • дәрілік заттардың дайындалу сапасын бақылау.

    IV. Жартылай фабрикаттар мен концентраттардың сақтау бөлмесі:

    - концентраттар мен жартылай фабрикаттарды дайындау.

    V. Жуу – стерилизатор бөлімі:

    • рецептуралық ыдыстарды залалсыздандыру;

    • стерильді дәрілік формадағы ыдыстарды залалсыздандыру;

    • ыдыстарды стерильдеу;

    • қосымша материалдар мен заттарды орауға дайындау;

    VI. Дистилляциялық бөлім:

    • дистиллденген суды (таза) алу;

    VII. Дезинфекциялық бөлім:

    • ЕПМ – нен қайтқан ыдыстарды залалсыздандыру;

    VIII. Бөлу бөлмелері:

    • товарларды бөлу;

    IX. Рецептурно – экспедициялық бөлім:

    • ЕПМ – нен қабылдау талаптары (рецептер);

    • ЕПМ – нің жабдықтарын жинақтау және беру;

    X. Ассистентік – асептикалық бөлім:

    • стерильді дәрілік заттарды дайындау;

    • дәрілік заттарды дайындау фасовкасы;

    XI. Стерилизациялық бөлім:

    • дәрілік түрлерді стерилдеу;

    • ЕПМ үшін дәрілік түрлерді стерильдеу;

    XII. Бақылау – белгілеу бөлімі:

    • ЕПМ үшін дәрілік түрлерді дайындауды қаптау;