Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Микроклимат.doc
Скачиваний:
44
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
244.22 Кб
Скачать

ранимациялық және препарация өткізетін бөлмелерде 150 лк – дан кем болмау керек, ал дәрігерлер кабинеттерінде 100 лк.

Люминисценттік жарық пайдалануға болатын бөлмелерде, жарық шегі нормаланады, рентген кабинеттерінде 100 лк кем емес, емдеу денешынықтыру кабинеттерге, флюорография, механотерапия, эндоскопия, электрокардиография, массаж, ингаляция, электр жарық емдеу және прививка істейтін кабинеттерге 150 лк болмау керек.

Ауруханалардың операция жасайтын бөлмелеріндегі үстелдерге жарық түсіру үшін жергілікті көлеңке түсірмейтін шамдар қолданылады. Операция жасайтын үстелдің жарығы 3000 лк кем болмау керек (орташа 1000 лк және одан да көп, операцияның түрімен қиындығына байланысты).

Жарық мінез бойынша бөлмеде болады: жалпы жарық – барлық бөлмелерге көп жарық түсіп тұрғанда, жергілікті жұмыс орнына ғана жарық түсіп тұрғанда, бөлменің басқа жерлеріне жарық түспейді. Араласқан жарық – табиғи жарық пен жасанды жарық қосылғанда. Біріктірілген – жалпы жарық пен жергілікті жарық бірге пайдаланғанда.

Барлық бөлмелердегі, әлде кейбір жұмыс орнындағы жасанды жарықты бағалағанда мына гигиеналық талаптарды ұмытпау керек:

  1. Бөлмелердің әлде жұмыс орындарының жарығы жеткілікті болуы керек.

  2. Жұмыс орнына ғана жарық түсіп, басқа жер қараңғы болып тұруға болмайды.

  3. Жарық біркелкі болу керек.

  4. Көз жарығы шатына тұруға болмайды.

  5. Көз жарығы экономді, қолданғанда қорықпайтындай болу керек және бөлмедегі микроклимат пен ауаның химиялық құрамын өзгертпеу керек.

Дәріхана бөлмелерін жасанды жарықтандыру қыздыру шамдары мен люминиценттік арқылы жүзеге асырылады. Дәріхананың өндірістік бөлмелерінің табиғи жарықтануына қойылатын негізгі гигиеналық талаптар жұмыстың орындалуында және бөлмелерде жеткілікті, біркелкі жарықтың болуы. Әсіресе ол провизор – аналитикалық ассистент, фасовка, провизор – техникасының нақты көру тереңдігін, ұсақ бөлшектерді айыру жылдамдығын қамтамасыз ету үшін өте маңызды.

Дәріхана ұжымының санитарлық тәртібі бойынша инструкцияға және санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес дәріханада жасанды жарықтандырудың қажетті деңгейін қамтамасыз ету төмендегідей нормативтер бекітілген (№ 309. 21.10.97 ж) СанЕмН (23 – 05 – 95).Дәріхана бөлмелері үшін люминисцентті шамдар қолданылуының гигиеналық жағынан өте оңтайлы және ұтымды, себебі люминисценттік шамдардың беретін жарығы табиғи жарықтандырудан жақын болады. Ассистент бөлмелерінде жұмыстың орындалуында люминисценттік шамдарды пайдалану жөнінде қыздыру шамдары мен люминисценттік шамдарды қатар пайдалануға болмайды.

Дәріхана бөлмелерін жылытуға қойылатын гигиеналық талаптар. Дәріхана қызметкерлері өздерінің күрделі және жауапты жұмыстарын оңтайлы микроклимат жағдайларында жүргізуі қажет.

Дәріханада орталықтандырылған сулық (конвекциондық) және сәулелік (радиациялық) жылыту жүйесі қолданылады.

кабинеттерінде және т.б. бөлмелерде пайдаланылады, қай жерде дәл түс беруі қажет. Қызу шамдарды қолданғанда жарық нормасы операцияға дайындайтын, таңу Бумен жылыту жүйесін қолдануда гигиеналық жағынан ұтымсыз саналады. Мұндай жылыту жүйесінде радиаторлар, шам отырып, олар күйеді, сөйтіп ауада жағымсыз иіс пайда болады, тәулік бойы жылыту құрылымдары тегіс жылымайды, ол температураның өзгеруіне әкеледі, кейбір жағдайларда күю болуы мүмкін, себебі будың температурасын реттеу оңай емес.коэффициенті = 2 %; жарық коэффициенті 1: 4 болса, юасқа бөлмелерде 1: 6 – 1: 7; табиғи жарық коэффициенті 1,5 – 0,6 % рұқсат етіледі.

Табиғи жарықтандыру.

Адамның тарихи дамуы бойынша ең күшті жарық, адамның өмір сүруіне қажет, күннің жарығы. Күннің жарығы ауаның бөлмеге кіретін жарықтың үштен бір бөлігін алады, ал жарықтың жеткіліктілігін анықтағанда негізгі белгі аспаннан шашыраңқы жарықтағы маңызы, жерден және қарама – қарсы тұрған ғимараттардан шағылысқан жарық.

Бөлмелердің жаратылыс жарығының өнімділігі біріншіден терезенің жарық бетіне байланысты. Бөлмелердегі терезелердің жарық беті неғұрлым көп болса, соғұрлым табиғи жарық жақсы болады.

Терезенің жарық бетінің өзара еденнің ауданына қатынасы жарық коэффициенті деп аталады (ЖК). Гигиеналық нормалар бойынша жарық коэффициентінің шамасы бөлмелерге байланысты әртүрлі болады, олар не үшін пайдаланылады. Мектеп, аурухана, шеберханаларда жарық коэффициенті 1/4 - 1/5, кісі тұратын бөлмелерде 1/8 – 1/10.

Жарық коэффициентінің шамасы бойынша жұмыс орнындағы жарықты бағалауға болмайды, өйткені ол жұмыс орнының терезеден қашықтығына, биіктігіне, пішініне байланысты. Бұл кемдікті бір жағынан жарық бұрыштарын өлшеу арқылы толтырады (геометриялық әдіс).

ТҮСУ БҰРЫШЫ – екі сызық арқылы құрылады, олар анықтау нүктесінен (жұмыс орнынан) басталып, терезенің үстіңгі ернеуіне дейін және еден мен терезеге паралелльді өтеді. Неғұрлым жұмыс орны терезеден алысырақ болса, соғұрлым бұрышы аз болады, сондықтан жарық шамалы болады, ал бұрышы 27 0 – тан кем болмауы керек.

САҢЫЛАУ БҰРЫШЫ - сызықтар арқылы құрылады, олар үлестіру нүктесінен басталып, терезенің үстіңгі ернеуіне және көлеңке түсіп тұрған объектісінің бас жағына (үйдің төбесіне, ағашқа) өтеді. Бұл бұрыштың астынан аспанның ашық учаскесі көрінеді, ол бөлмелерге күн сәулесенің ену тереңдігіне байланысты, саңылау бұрышы 5 0 – тан кем болмауы керек.

Бөлменің табиғи жарығына айтылған көрсеткіштерден басқа, басқаша факторлар көп ықпал көрсетеді:ендік, күннің ұзақтығы, ғимараттың бағдарлауы (ориентация), метеорологиялық жағдайлар, көшенің ені, үйдің қабаттылығынан, терезенің шынысының тазалығынан, бөлмедегі қабырғалардың бояуынан. Соның ішінде ашық түске боялған қабырғалар жарықты 20 – 25 % - ке көбейтеді.

Табиғи жарықтың тұрақсыздығы бірнеше минуттың арасында жылдам өзгере алады, табиғи жарықты жарық арқылы бағаламайды (жасанды жарықты бағалағандай), оны табиғи жарық (ТЖК) коэффициенті бойынша бағалайды (есеп айыратын әдіс).

Табиғи жарықтың коэффициенті дегеніміз - өзара байланыс, бөлме ішіндегі табиғи жарықтың сырттағы табиғи жарыққа, ол ашық аспанның жарығынан пайда болады, мынадай түрмен есептелінеді:

Мi

ТЖК = ______________ х 100 %

Ме

Сырттағы аспанның жарығының қандай бөлімін бөлме ішіндегі жарықтың коэффициенті көрсетеді. Табиғи жарықтың коэффициентінің маңызы көру жұмыстарының дәлшілдік разрядтарына байланысты. Норма бойынша 8 разряд болады

Ауылдық елді мекендерде жергілікті сулық жылыту жүйесі қолданылады. Пештің ошағы коридорда орналасады, басқа бөлмелер қатысуы болмауы қажет.

Бөлмелердегі орташа температура 18 – 20 0 С болуы қажет. Микроклимат (гигиеналық түсінік бойынша) – шағын ғимараттардың, бөлмелердің, мектептердің, өндірістік орындардың, яғни жабық бөлмелердің метеорологиялық тәртібі.

Микроклиматты сипаттайтын физикалық факторларға температура, ылғалдылық, ауа қозғалысы, барометрлік қысым, ауаның иондануы жатады. Бұл факторлар адам организміне, оның функционалдық жағдайына, көңіл күйіне, денсаулығына әсер етеді. Адам организмі мен қоршаған орта арасындағы жылу алмасу процесінің әртүрлігі де осы факторларға байланысты.

Бөлмелердегі микроклиматтың қолайсыз жағдайларына байланысты адамның көңіл күйі, хал жағдайы өзгереді және еңбек өнімділігі де кемиді. Организмнің көптеген патологиялық жағдайлары тоңазу мен ыстықтаудың әсерінен (салқын тию, асқазан ішек аурулары, әсіресе балалардың аурулары). Сондықтан тұрғын үйлер, өндірістік бөомелер микроклиматына қойылатын гигиеналық нормативтер сырқаттанушылықтың алдын алуға негізделуі қажет. Күшіндегі нормативтер бойынша қыста ауаның температурасы тұрғын бөлмелерде – 18 град. С, душ және ванна бөлмелерінде – 25 град. С, ас үйде – 15 град. С, дәріханада - 16 град. С деңгейінде болуы керек. Бұл параметрлер орта деңгейдегі климатқа арналған. Өндірістік орындар үшін ауаның санитарлық нормативтік шамалары көптеген жағдайларға байланысты бекітіледі: ауаның қозғалысына, ылғалдылығына, жұмыс орнын қоршаған заттар мен конструкциялардың температурасына, жыл мезгіліне, орындалатын жұмыстың ауырлығына, киімге және басқа да факторларға байланысты.

Аурухана бөлмелерінде науқастар мен сауығып келе жатқан адамдар үшін барлық комфортты жағдайлар жасалуы тиіс. Ерекше микроклиматтық жағдайлар, физикалық және химиялық факторлардың тұрақтылығын қажет ететін бөлмелерде (операция бөлмесі, жас нәрестелерге, аллергиялық реакциялары бар науқастарға палаталар) ауаны конденционерлеу керек. Ыстық аудандарда микроклиматтың қолайсыз жағдайлары науқастың патологиясын одан әрі күшейтуі мүмкін, сондықтан бөлмені жасанды жолмен салқындату қажет. Палатаның ыстық болуы, әсіресе жүрек – тамыр аурулары бар науқастарға, операциядан кейінгі және пневмониясы бар науқастарға, балаларға диспепсия кезінде қолайсыз әсер етеді. Аурухана бөлмелерінде микроклиматтың қолайлы жағдайын қамтамасыз ету мақсатында сәулемен жылыту ұсынылады.

Аурухана бөлмелері үшін температураның келесі нормалары қабылданған: ересектерге арналған палаталарда, асханада, емдеу кабинеттерінде 20 град. С, балаларға арналған палаталарда – 22 – 25 град. С, жараны таңу бөлмесінде - 22 град. С, операция және әйелдердің босану бөлмесінде – 25 град. С, тиреотоксикозбен ауыратын науқастар бөлмесінде - 12 – 1 8 град. С, жүрек - тамыр жүйесі ауыратын науқастар палатасында - 18 – 23 град. С (жергілікті жердің биіктігіне байланысты).

Ауаның температурасын өлшеудің қажеттілігімен дәрігер балалар мекемелеріне, өндіріс пен кәсіпорындарға санитарлық бақылау жүргізгенде, сонымен қатар температураны өлшеудің талап ететін санитарлық, физико – химиялық зерттеулерде кездеседі. Барометрлік қысымды, ауа ылғалдылығын анықтағанда және тозаңдану мен газдануын зерттегенді міндетті түрде температураны өлшейді.

Бөлме ауасының температурасын санитарлық бағалау нақтылы өлшенген температураны белгіленген нормативтермен салыстыру арқылы іске асырылады. Температураны әртүрлі термометрлермен анықтайды. Олардың құрылысы, аттары әрқалай. Шкаласының градусқа бөлінуіне байланысты: Цельсий, Реомюра, Фаренгейта (біздің елімізде Цельсий шкаласы қабылданған) термометрлері, конструкциясы мен құрылысына байланысты спирттік, сынапты, электрлік термометрлер болып бөлінеді.

Сонымен қатар тұрмыстық, аспирациялық, минимальды, максимальды, медициналық және топырақтың, судың температурасын өлшейтін термометрлер болады.

СҰЙЫҚТЫҚ ТЕРМОМЕТРЛЕР. Сынапты термометрлер 35 град. С – тан 35,7 град. С – қа дейін температураны өлшеу үшін қолданылады. Сынапты термометрлерге мыналар жатады:

  • МАКСИМАЛДЫ ТЕРМОМЕТОР – инесімен болған уақытта ең жоғарғы температураны белгілеуге арналған. Температура жоғарылағанда кеңіген сынап өтетін иілген жерде капиллярдың қосылған жері болады, температура төмендегенде бұл қысылған жер сынаптың резервуарға өткізбей ұстап қалады және оның капиллярдағы жайы максималды температураны көрсетеді.

  • МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕРМОМЕТОР – максималды. Қисайған орнында капилляр тарылады, жоғары температура кезінде босаңсыған сынаптан байқалады; температура төмендегенде бұл тарылу резервуардағы сынаптың қозғалуын тоқтатады және капиллярда максималды температураны көрсетеді.

  • СПИРТТІ ТЕРМОМЕТР - төменгі температураны анықтайды (130 град. С- қа дейін). Жоғары температурада спирт біркелкі кеңімейді, ал 78,3 град. С болғанда қайнайды.

  • МИНИМАЛДЫ ТЕРМОМЕТР - шыныланған инелі көрсеткішімен. Ол нақты уақыт сызығында ең төменгі температураны қабылдау үшін қызмет етеді. Спирт, майысқан менискті көрсетеді, төменгі температура кезінде бағыт бойынша резервуарға көрсеткішті апарады, ал жоғарғы температурада – спиртпен алынған көрсеткіш орнында қалады. Температура резервуардан ине – көрсеткіштің соңына дейінгі арақашықтық саналады. Жұмыс орны – вертикальды.

  • ЭЛЕКТРЛІ ТЕРМОМЕТР – дің мақсаттары әртүрлі болғанымен, олардың құрылыстарының принциптері әртүрлі. Оның жұмысы датчигі термобу немесе термометр болуы мүмкін және тіркейтін бөлігі градусқа бөлінген шкаласы бар гальвонометрден тұратын электр тізбегінде пайда болатын электр тоғын тіркеуге негізделген.

  • ТЕРМОГРАФ - апта немесе сөткеде температураның қосарланбаған қабылдануы үшін, өзбетінше жазатын аспап. Сөткелік термограф биметалликалық пластиканың қабылдаған температураның бөліктік аспабынан тұрады (немесе жазық мералликалық резервуардан, толуолмен толтырылған). Қисаюдың өзгерісі, температураны қолданғанда, арнайы қозғалған лентада термограмманы жазады, ол күн, сағат және температураның градусы бойынша бөлінеді.

Бөлме ауасының температурасын әртүрлі нүктеде өлшенген орташа температура, тік және көлденең бағыттағы температура айырмашылығы және температураның тәуліктік өзгерісі сипаттайды. Термометрлердің резервуарларын ашық аспан астында күн радиациясының әсерінен қорғау керек, ал бөлмеде тым жақын орналасқан ыстық заттардан немесе салқын қабырғадан қорғау керек. Егер бұл талаптар орындалмаса термометрлер бөлме температурасын көрсетпей, климаттық температураны көрсетуі мүмкін. Климаттық температура бұл зерттеген кезде термометрдің резервуарына әсер ететін әртүрлітемпературалық факторлардың жиынтығы.

Ауаның ылғалдылығын анықтау. Ауаның ылғылдылығы келесі параметрлермен сипатталады:

  • АБСОЛЮТТІ ЫЛҒАЛДЫЛЫҚ – 1 текше метр ауадағы су буының грамдық мөлшері.

  • МАКСИМАЛДЫ ЫЛҒАЛДЫЛЫҚ – берілген температурада 1 текше метр ауаны толық қанықтыратын су буларының грамдық мөлшері.

  • САЛЫСТЫРМАЛЫ ЫЛҒАЛДЫЛЫҚ – процентпен белгіленетін абсолютті ылғалдылықтың максималды ылғалдылыққа қатынасы.

  • ҚАНЫҒУ ТАПШЫЛЫҒЫ – абсолютті және максималды ылғалдылық арасындағы айырмашылық.

  • АУАНЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ТАПШЫЛЫҒЫ – 37 град. С (адам денесі температурасына тең) температурадағы максималды ылғалдылық пен өлшенген абсолютті ылғалдылықтың айырмашылығы.

  • ШЫҚ НҮКТЕСІ - өлшенген абсолютті ылғалдылық максималдыға айналатын температура. Гигиеналық жағынан маңыздысы салыстармалы ылғалдылық пен қанығу тапшылығы.

Бұл ұғымдар ауаның су буларымен қанығуының дәрежесін көрсетеді, өйткені тердің адам денесінен булануының қарқыны мен жылдамдығы және жылу беру шамасы, адамның көңіл күйі осы ұғымдар шамаларына байланысты. Тердің булануына әсер ете отырып, салыстырмалы ылғалдылық жоғары температурада (25 –30 град.), басты фактор, ал 35 град. температурада адамның жылулық көңіл күйін түзуге қатысатын шешуші фактор болып табылады. Ауа мен қоршаулардың температурасы жоғары болғанда сәулелену немесе өткізу арқылы жылу беру қиындайды және жоғары ылғалдылық жылу реттеудің тез бұзылуына, жылудың организмде жиналуына және соның салдарынан дененің қызуына әкеліп соқтырады. Төменгі температура жағдайында жоғары ылғалдылық организмге қолайсыз әсер етеді. Бұл ылғал ауаның жылуды өзіне жақсы өткізетіндігімен, яғни жоғары жылу сыйымдылығымен және ылғал киімнің жылу сақтау қасиетінің төмендеуімен түсіндіріледі. Мысалы, қыстың күні құрғақ киімдегі адамға қарағанда дымқыл, ылғалды киімдегі адам тез тоңады. Өйткені киімдегі су адамның жылуын өзіне тартады. Дымқыл ауа әрқашанда салқын болып көрінеді. Ылғалдылығы жоғары және температурасы төмен бөлмеде ұзақ уақыт болу тоңазу мен организмнің қорғаныш күшінің төмендеуінің себебі болуы мүмкін. Олар кейбір ауруларды (артрит, невралгия, невроз, жоғары тыныс алу жолдарының қатарлары, нефриттер) асқындыру мүмкін. Сонымен, адам үшін дымқыл ылғалды ауа төмен және жоғары температурада да жылу реттеуге қолайсыз әсер ететін фактор болып табылады. Ылғалодылығы төмен ауа жоғары температурада жылу беруге қолайлы әсер етсе, төмен температурада жылудың жойылуының төмендеуіне әсер етеді. Ауаның ылғалдылығы жылу реттеу процесіндегі маңыздылығымен қатар тыныс алу жолдарының шырышты қабықшаларының қызметіне әсер етеді. Құрғақ ауа үшкіл нервтің сезімтал ұштарын тітіркендіретін дем шығарғанда ауа ылғалданады. Үшкілнервтің шектен тыс тітіркенуі секреция бездерінің органикалық өзгерістерге ұшырауына, соның салдарынан жоғары тыныс алу жолдарының қабынуына себеп болады. Мұрын қуысының, жұтқыншақтың, трахеяның, бронхылардың эпителий клеткалары (мерцательн. Эпителий) 40 – 60 % салыстырмалы ылғалдылықта жақсы қызмет етеді. Сондықтан, ауаның ылғалдылығы адамның өмір сүруінің факторы ретінде гигиеналық нормалау мен санитарлық бақылауда болуы керек. Тұрғын бөлмелерде ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 30 – 60 %болуы керек. Ылғалдылықты анықтайтын аспаптарға: Август және Ассман (аспирациялық) психрометрі, гигрометр, гигрографтар жатады.

Ассман психрометрінің көмегі арқылы 3 түрлі әдіспен анықталады:

  1. номограмма бойынша

  2. кесте бойынша

  3. формула бойынша

Ал Август психрометрінің көмегімен кесте бойынша және формуламен есептеу анықталады.