Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Микроклимат.doc
Скачиваний:
44
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
244.22 Кб
Скачать

Өндірістік дәріханалардағы жұмыс орындарының минимальды тізімі.

I. Тұрғындарды күту залы:

  • дәрілік заттар мен медициналық өнімдерді тарату;

II. Ассистенттік бөлім:

  • рецепт бойынша дәрілік заттарды дайындау;

III. Аналитикалық бөлім:

  • дәрілік заттардың сапасын бақылау;

IV.Жуу – стерилизатор бөлімі:

  • рецептуралық ыдыстарды залалсыздандыру;

V.Дистилляциялық бөлім:

  • дистилляциялық суды алу;

VI. Бөлу бөлімдері:

- товарларды бөлу;

Дәріхананың санитарлық және эпдемияға қарсы тәртібін сақтау үшін бөлмелердің өзара дұрыс орналасуының гигиеналық маңызы өте зор. Сондықтан дәріхананың барлық бөлмелері коридор арқылы бір – бірімен қатынаста болады, ал дәріхананың меңгерушісінің бөлмесі тікелей халыққа қызмет көрсету залымен қатынаста болуы қажет. Дәрілік заттарды сақтайтын бөлмелер өтпелі болмауы тиіс. Ал дәрілік заттарды кептіретін және шикі заттарды өңдейтін бөлмелер ғимараттың бір қанатында жеке орналасады.

Дәрілерді дайындау процесі максимальды қолайлы. Санитарлық – гигиеналық жағдайларды қажет етеді. Сырттан келетін шаң, микроорганизмдер, суық ауаның ағымы, шу жұмысшылардың денсаулығы мен дәрілердің сапасына кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан дәрілердің жобалануы мен құрылысы кезінде шығатын есіктерге көп көңіл бөлінуі қажет. Дәріханада екі есік болады:қызметшілер мен келушілерге және тауар қабылдауға арналған.

Дәріхананың ішінде подвалмен байланысты қызметтік баспалдақ болуы қажет. Максимальды жұмыстың орны бар дәріханалардың биіктігі 3,3 м кем болмауы тиіс. Подвалдың биіктігі 2,2 м кем болмауы тиіс. Подвалдан бөлмелер жарыққа сезімтал, тез тұтанғыш, күшті тотықтандырғыштарды, залалсыздандырушы (дезинфекциялық)заттардың сақталуы үшін қолданылады. Подвалда ішкі және сыртқы байланысқан есіктер болуы тиіс.

Дәріхананың ішкі жабдықталуы оның функционалдық қызметіне байланысты орындарды технологиялық % өтетін бөлмелердің едені мен қабырғасы тегіс, ылғалды жинауға және залалсыздандыруға ыңғайлы болуы тиіс.

Ылғалдылық тәртіппен жұмыс істейтін бөлмелердің (жуу, дистиллятор, стерилизатор, туалет, себезгі) қабылдауы еденнен 1,8 м биіктікке дейін майлы бояумен боялады немесе глазурлы плиткалармен қаптайды. Төбесі сулы бояумен боялады. Асептикалық, ассистент, провизор – аналитик бөлмелерінің қабырғасы төбеге дейін майлы бояумен, төбесін сулы бояумен жабады. Бояулардың реңі ашық түсті болуы қажет.

Дәріхана бөлмелерінің едендері тегіс, жууға және залалсыздандыруға жеңіл болуы тиіс.

  • Сату залында – керамикалық плита және линолеум.

  • Ассистент, провизор – аналитик бөлмелерінде – полимерлі заттар.

  • Асептикалық – линолеум, және оның ешқандай тігісі болмауы қажет.

  • Жуу, дистиллятор, стерилизатор бөлмелерінде еденді жабуға керамикалық плитамен және ылғалға тұрақты синтетикалық материалдар қолданылады.

Дәріхананы салуға арналған материалдар кеміргіштер, жануарлар мен жәндіктерді өткізбеуі қажет. Барлық құрылыс материалдарына санитарлық – эпидемиологиялық қауіпсіздігі туралы қорытынды болуы қажет.

Подвал едендері асфальттанады, бетондалады, цементтенеді. Дәріхана бөлмелерінің жарықтануына қойылатын гигиеналық талаптар. Дәріхана бөлмелерін ұтымды жарықтану жұмысының жұмысқа қабілеттілігі, көру функциясының қызметіне, денсаулық жағдайына, еңбек өнімділігін тікелей себебін тигізеді.

Дәріхананың барлық бөлмелері табиғи және жасанды жарықпен қамтамасызданады. Табиғи жарық тек қана қоймалар мен подвалдарда болмауы мүмкін. Жеткіліксіз жарық болған жағдайда дәрінің дозасының өзгеруі, нақты өлшеудің болмауына, сөйтіп сапасыз дәрілердің дайындалуына себеп болады.

Ұтымды табиғи жарықты қамтамасыз ету үшін дәріхана территорияларының шынысы тегіс, таза болуы қажет. Терезе шынысы жылына 2 рет жуылуы қажет. Сонымен қатар табиғи жарықтың толықжеткілікті болуына бөлменің ішкі жабдықталуы, қабырғалардың

боялуының түсі әсер етеді. Себебі, ақпен боялса 80 %, ақшыл сары түс 50%, көк 25%, ал қоңыр 13 % жарық шашыратады.

Дәріхана бөлмелерінің табиғи жарық интенсивтілігі төмендегі көрсеткіштерарқылы бағаланады: табиғи жарық коэффициенті, жарық коэффициенті, түсу бұрышы, саңылау бұрышы. Ассистент және провизор – аналитик бөлмелеріндегі табиғи жарықТАБИҒИ ЖАРЫҚ КОЭФФИЦИЕНТІНІҢ МАҒЫНАСЫ ЕМДІК – ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРДЕ

Көру жұмысының мінездемесі

Ең аз мөлшер объекті ажыратқанда (мм)

Көру жұмысының разряды

Т бүйірден түсіп тұрған табиғи жарық (%)

Бөлмелер

Ең жоғарғы дәлшілдік

0,15 – 0,3

П

2,5

Операция жасалатын бөлмелер, операциялық блок

Орташа дәлшілдік

0,5 – 1,0

I U

1,0

Емдеу процедурасын өткізетін бөлме, бокстар

Аз дәлшілдік

1,0 – 3,0

U

1,0

Оңашалайтын үйлер, палаталар

Дөрекі

5 – тен көбірек

U I

0,5

Дәрігерлер бөлмелері, регистратура

Бөлмедегі инсоляциялық тәртіптің анықтауын «Зертханалық сабақтарға қолдама» деген кітаптың 83 – 84 бетінен оқыңдар.