Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МИкроклимат.docx
Скачиваний:
51
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
299.04 Кб
Скачать

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Студенттер үшін

Әдістемелік нұсқау

Тақырыбы: Бөлме микроклиматын гигиеналық

бағалау

Кафедра: Жалпы гигиена және экология

Құрастырған: Елеусинова Г.М.

Қарағанды 2015

Тақырыптың өзекті мәселесі (оқу дәлелдемесі): Ауа жер бетіндегі тіршілік үшін ең қажетті орта болып табылады. Ол адам, жануарлар және өсімдіктердің тыныс алуында маңызды роль атқарады. Ауасыз организмнің тіршілік етуі мүмкін емес. Ауаның адамның өндірістік қызметіндегі де маңызы зор.

Адамның тіршілік қызметіне, денсаулығына және жұмыс қабілеттілігіне әсер ететін ауаның негізгі физикалық факторларына: күн сәулесі, температура, ылғалдылық, ауаның қозғалыс жылдамдылығы, атмосфералық қысым, радиоактивтілік жатады.

Сабақтың мақсаты Микроклиматы сипаттайтын физикалық параметрлерді және олардың ауытқуының адам ағзасына әсерін игеру. Температураны, ылғалдылықты, ауаның қозғалыс жылдамыдығын, атмосфералық қысымды анықтау мен бағалау әдістерін

Ақпараттық - дидактикалық блок.

Микроклимат (гигиеналық түсінік бойынша) – шағын ғимараттардың, бөлмелердің, мектептердің, өндірістік орындардың, яғни жабық бөлмелердің метеорологиялық тәртібі.

Микроклиматты сипаттайтын физикалық факторларға температура, ылғалдылық, ауа қозғалысы, барометрлік қысым, ауаның иондануы жатады. Бұл факторлар адам организміне, оның функционалдық жағдайына, көңіл күйіне, денсаулығына әсер етеді. Адам организмі мен қоршаған орта арасындағы жылу алмасу процесінің әртүрлігі де осы факторларға байланысты. Тұрғын үй және қоғамдық бөлмелердің микроклиматы олардың тұрақтылығымен сипатталады.

Бөлмелердегі микроклиматтың қолайсыз жағдайларына байланысты адамның көңіл күйі, хал жағдайы өзгереді және еңбек өнімділігі де кемиді. Тоңазу мен ыстықтаудың әсерінен организмнің көптеген патологиялық жағдайлары байқалады (салқын тию, асқазан ішек аурулары, әсіресе балалардың аурулары). Сондықтан тұрғын үйлер, өндірістік бөлмелер микроклиматының гигиеналық нормативтері сырқаттанушылықтың алдын алуға негізделуі қажет. Қалыпты жағдайда ауаның орташа температурасы тұрғын бөлмелерде –18 – 20 0 С болуы қажет, душ және ванна бөлмелерінде – 25 град. С, ас үйде – 15 град. С, дәретханада - 16 град. С деңгейінде болуы керек. Бұл параметрлер орта деңгейдегі климатқа арналған. Өндірістік орындар үшін ауаның санитарлық нормативтік шамалары көптеген жағдайларға байланысты бекітіледі: ауаның қозғалысына, ылғалдылығына, жұмыс орнын қоршаған заттар мен конструкциялардың температурасына, жыл мезгіліне, орындалатын жұмыстың ауырлығына, киімге және басқа да факторларға байланысты.

Аурухана бөлмелерінде науқастар мен сауығып келе жатқан адамдар үшін барлық комфортты жағдайлар жасалуы тиіс. Ерекше микроклиматтық жағдайлар, физикалық және химиялық факторлардың тұрақтылығын қажет ететін бөлмелерде (операция бөлмесі, жас нәрестелерге, аллергиялық реакциялары бар науқастарға палаталар) ауаны конденционерлеу керек. Ыстық аудандарда микроклиматтың қолайсыз жағдайлары науқастың патологиясын одан әрі күшейтуі мүмкін, сондықтан бөлмені жасанды жолмен салқындату қажет. Палатаның ыстық болуы, әсіресе жүрек – тамыр аурулары бар науқастарға, операциядан кейінгі және пневмониясы бар науқастарға, балаларға диспепсия кезінде қолайсыз әсер етеді. Дене температурасының тез жоғарылау симптомы себеп болатын, ағзаның термореттелу процесінің бұзылыстары гипертермия деп аталады?

Аурухана бөлмелері үшін температураның келесі нормалары қабылданған: ересектерге арналған палаталарда, асханада, емдеу кабинеттерінде 20 град. С, балаларға арналған палаталарда – 22 – 25 град. С, жараны таңу бөлмесінде - 22 град. С, операция және әйелдердің босану бөлмесінде – 25 град. С, тиреотоксикозбен ауыратын науқастар бөлмесінде - 12 – 1 8 град. С, жүрек - тамыр жүйесі ауыратын науқастар палатасында - 18 – 23 град. С (жергілікті жердің биіктігіне байланысты).

Ауаның температурасын өлшеудің қажеттілігімен дәрігер балалар мекемелеріне, өндіріс пен кәсіпорындарға санитарлық бақылау жүргізгенде, сонымен қатар температураны өлшеудің талап ететін санитарлық, физикалық–химиялық зерттеулерде кездеседі. Барометрлік қысымды, ауа ылғалдылығын анықтағанда және тозаңдану мен газдануын зерттегенді міндетті түрде температураны өлшейді.

Бөлме ауасының температурасын санитарлық бағалау нақтылы өлшенген температураны белгіленген нормативтермен салыстыру арқылы іске асырылады. Температураны әртүрлі термометрлермен анықтайды. Олардың құрылысы, аттары әрқалай. Шкаласының градусқа бөлінуіне байланысты: Цельсий, Реомюра, Фаренгейта (біздің елімізде Цельсий шкаласы қабылданған) термометрлері, конструкциясы мен құрылысына байланысты спирттік, сынапты, электрлік термометрлер болып бөлінеді.

Сонымен қатар тұрмыстық, аспирациялық, минимальды, максимальды, медициналық және топырақтың, судың температурасын өлшейтін термометрлер болады.

СЫНАПТЫ ТЕРМОМЕТРЛЕР. Сынапты термометрлер неғұрлым дәл температураны көрсетеді. -35 град. С – тан +357 град. С – қа дейін температураны өлшеу үшін қолданылады.

СПИРТТІ ТЕРМОМЕТР - төменгі температураны анықтайды(-130 град. С- қа дейін). Спиртті термометрлер қауіпсіздеу. Жоғары температурада спирт біркелкі кеңімейді, ал 78,3 град. С болғанда қайнайды.

МАКСИМАЛДЫ ТЕРМОМЕТОР – Белгілі бір уақыт кезеңінде ең жоғары (максимальді) температураны анықтауға арналған. Температура жоғарылағанда кеңіген сынап өтетін иілген жерде капиллярдың қосылған жері болады, температура төм ендегенде бұл қысылған жер сынаптың резервуарға өткізбей ұстап қалады және оның капиллярдағы жайы максималды температураны көрсетеді.

МИНИМАЛДЫ ТЕРМОМЕТР - Белгілі бір уақыт кезеңінде ең төмен (минимальді) температураны анықтауға арналған. Ол спиртті және сынапты болуы мүмкін. Неғұрлым кең тарағаны спиртті термометр. Капиллярлы түтіктің ішінде спиртте соңғы жағы жалпақтау қара шыны жылжымалы штиф орнатылады. Байқау алдында термометрдің төменгі жағын жоғары көтереді, сол кезде штиф спирттің менискасына дейін төмен түседі. Термометрді горизонтальді орнатады. Төменгі температура кезінде бағыт бойынша резервуарға көрсеткішті апарады, ал жоғарғы температурада – спиртпен алынған көрсеткіш орнында қалады.

ТЕРМОГРАФ - апта немесе тәуліктегі температураның ауытқуын тіркеп отыратын өзбетінше жазатын аспап. Термографтың екі түрі бар: бір термографта қабылдайтын бөлігі биметалды пластинка болса, екіншісінде қабылдайтын бөлігі толуолмен толтырылған тегіс иілген түтіктен тұрады. Температураның өзгерісін қаламы бар стрелка арқылы барабанға орнатылған лентаға үздіксіз жазып отырады.

ЭЛЕКТРЛІ ТЕРМОМЕТР – температураны өлшеу үшін электрлі ток қолданылады. дің мақсаттары әртүрлі болғанымен, олардың құрылыстарының принциптері әртүрлі. Оның жұмысы датчигі термобу немесе термометр болуы мүмкін және тіркейтін бөлігі градусқа бөлінген шкаласы бар гальвонометрден тұратын электр тізбегінде пайда болатын электр тоғын тіркеуге негізделген.

Температураны шынайы және климаттық деп бөлуге болады. Шынайы температура термометрге жылулық радиация әсер етпеген кездегі температураны көрсетеді. Шынайы температураны өлшеу үшін радиация көзін экрандайды. Климаттық температура ауаның температурасы мен жылулық радиацияның әсерінің қосындысынан тұрады. Кейбір ыстық цехтардың еңбек жағдайын гигиеналық сипаттау үшін және ыстық өтудің алдын алу үшін екі көрсеткішті де алады.

Бөлмедегі температуралық тәртіпті анықтау.

Бөлмедегі температураның ауытқуын анықтау мақсатында температуралық тәртіпті игереді. Бөлменің температурасын конверт ережесі бойынша өлшейді. Тұрғын бөлмелер үшін тігінен (вертикаль) алғанда температура айырмашылығы – 2,5 град., ал көлденеңінен (горизонталь) – 2,5 град. болуы керек. Температураның тәуліктік өзгерісін максималды немесе минималды термометрлермен анықтайды. Кірпіштен қаланған үйлер үшін тәуліктік өзгеріс +/- 2 град., ал ағаш үйлер үшін +/- 3 град. болуы керек.

Температураның тігінен ауытқуын еденнен 10 см, 1,0 м және 1,5 м денгейде жүргізеді. Температураның көлденеңінен ауытқуын анықтағанда сыртқы қабырға мен ішкі қабырғадан 10-20 см қашықтықта және бөлменің ортасының температурасын өлшейді. Температураны өлшеу уақыты 5-10 мин.. Барлық температура көрсеткіштерін қосып, анықталған нүктелер санына бөледі. Орташа тәуліктік температураны таңертең, күндіз, кеште және түнде өлшенген температуралар жиынтығынан алады.

Микроклимат параметрлерін зерттеу үшін заманауи электронды кешенді аспаптар бар. Олардың артықшылығы өте аз уақытта бір аспаппен бірнеше көрсеткішті анықтауға болады.

Метеометр МЭС-200А, атмосфералық қысымды, салыстырмалы ылғалдылықты, температураны, бөлменің ішіндегі немесе желдету түтіктеріндегі ауа ағымының жылдамдығын және улы газдардың (CO, H2S, SO2) конценрациясын өлшеуге арналған аспап.

Ауаның ылғалдылығын анықтау.

Ауаның ылғалдылығы ондағы су буларының мөлшеріне байланысты. Ылғалдылықтың гигиеналық маңызы оның адамның жылу алмасуына әсер етуімен анықталады. Жоғары ылғалдылық пен жоғары температура қосындысы жылу беруді қиындатады.

Егер ауаның температурасы дененің температурасына жақын немесе одан жоғары болса, денеден жылу шығару тек қана тері бетінен булану арқылы ғана болады. Бұл тек ауаның ылғалдылығы төмен жағдайда ғана мүмкін. Егер ылғалдылық жоғары жоғары болса, денеден жылу беру булану арқылы да қиындайды. Соның салдарынан ағзаға ыстық өту болады. Жоғары ылғалдылық жылу реттеудің тез бұзылуына, жылудың организмде жиналуына және соның салдарынан дененің қызуына әкеліп соқтырады.

Ауаның жоғары ылғалдылығы мен төмен температура қосындысы өткізу мен конвекция арқылы жылу беруді күшейтіп, ағзаның тоңуы мен салқын тию ауруларына әкеледі. Ылғалдың жылу сиымдылығы жоғары, сондықтан ылғалдылығы жоғары үйлерде адам әрқашан тоңып отырады.

Мысалы, қыстың күні құрғақ киімдегі адамға қарағанда дымқыл, ылғалды киімдегі адам тез тоңады. Өйткені киімдегі су адамның жылуын өзіне тартады. Дымқыл ауа әрқашанда салқын болып көрінеді. Ылғалдылығы жоғары және температурасы төмен бөлмеде ұзақ уақыт болу тоңазу мен организмнің қорғаныш күшінің төмендеуінің себебі болуы мүмкін. Олар кейбір ауруларды (артрит, невралгия, невроз, жоғары тыныс алу жолдарының қатарлары, нефриттер) асқындыру мүмкін. Сонымен, адам үшін дымқыл ылғалды ауа төмен және жоғары температурада да жылу реттеуге қолайсыз әсер ететін фактор болып табылады. Ылғалдылығы төмен ауа жоғары температурада жылу беруге қолайлы әсер етсе, төмен температурада жылудың жойылуының төмендеуіне әсер етеді. Ауаның ылғалдылығы жылу реттеу процесіндегі маңыздылығымен қатар тыныс алу жолдарының шырышты қабықшаларының қызметіне әсер етеді. Құрғақ ауа үшкіл нервтің сезімтал ұштарын тітіркендіретін дем шығарғанда ауа ылғалданады. Үшкілнервтің шектен тыс тітіркенуі секреция бездерінің органикалық өзгерістерге ұшырауына, соның салдарынан жоғары тыныс алу жолдарының қабынуына себеп болады. Мұрын қуысының, жұтқыншақтың, трахеяның, бронхылардың эпителий клеткалары (мерцательн. Эпителий) 40 – 60 % салыстырмалы ылғалдылықта жақсы қызмет етеді. Сондықтан, ауаның ылғалдылығы адамның өмір сүруінің факторы ретінде гигиеналық нормалау мен санитарлық бақылауда болуы керек. Тұрғын бөлмелерде 18-20°С температурада ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 30–60% болуы керек

Ауаның ылғалдылығын анықтау. Ауаның ылғылдылығы келесі параметрлермен сипатталады:

  • АБСОЛЮТТІ ЫЛҒАЛДЫЛЫҚ – зерттеу кезіндегі 1 м3 ауадағы су буының грамдық мөлшері.

  • МАКСИМАЛДЫ ЫЛҒАЛДЫЛЫҚ – берілген температурада 1 м3 ауаны толық қанықтыратын су буларының грамдық мөлшері. Максимальді ылғалдылық температураға байланысты. Температура неғұрлым жоғары болса, оны толық қанықтыру үшін соғырлым көп су булары қажет болады.

  • САЛЫСТЫРМАЛЫ ЫЛҒАЛДЫЛЫҚ – процентпен белгіленетін абсолютті ылғалдылықтың максималды ылғалдылыққа қатынасы.

  • ҚАНЫҒУ ТАПШЫЛЫҒЫ – абсолютті және максималды ылғалдылық арасындағы айырмашылық.

  • АУАНЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ТАПШЫЛЫҒЫ – зерттеу кезінде 37 град. С (адам денесі температурасына тең) температурадағы максималды ылғалдылық пен өлшенген абсолютті ылғалдылықтың айырмашылығы. Ол жұтылатын текше метр ауаның ағзадан қанша грамм суды шығара алатынын көрсетеді.

  • ШЫҚ НҮКТЕСІ - өлшенген абсолютті ылғалдылық максималдыға айналатын температура. Гигиеналық жағынан маңыздысы салыстармалы ылғалдылық пен қанығу тапшылығы.

Ылғалдылықты анықтайтын аспаптарға: стационарлық Август және аспирациялық Ассман психрометрі, гигрометр, гигрографтар жатады.

Ассман психрометрінің көмегі арқылы 3 түрлі әдіспен анықталады:

  1. номограмма бойынша

  2. кесте бойынша

  3. формула бойынша

Ал Август психрометрінің көмегімен кесте бойынша және формуламен есептеу анықталады.

Август және Ассман психрометрлерінің жұмыс істеу принциптері бірдей. Бұл аспаптардан бізге керегі "ылғал" және "құрғақ" термометрлердің көрсеткішін алу.

Стационарлық Август психрометрі екі бірдей сынапты немесе спиртті термометрден тұрады, оларды шартты түрде "ылғал" және "құрғақ" термометрлер деп бөледі. "Ылғал" термометр резервуары жұқа материалмен (батист, мәрлі) оралып, дистиллденген суы бар ыдысқа түсіріп қояды. Ыдыстың жоғарғы шеті термометр резервуарынан 3-4 см қашықтықта орналасуы тиіс. Ылғал материяның сыртынан булану жүреді. Булану процесіне жылу жұмсалады, сондықтан "ылғал" термометр салқындап, "құрғаққа" қарағанда төмендеу температураны көрсетеді. Ауаның ылғалдылығын анықтағанда аспапты сәулелену көзінен және ауаның қозғалысынан оқшаулайды. Аспапты орнықтырғаннан кейін 10-15 минут өткен соң екі термометрдің көрсеткіштерін жазып алады.

Стационарлық Август психрометі Аспирациялық Ассман психрометрі

Аспирациялық Ассмана психрометрі де екі бірдей "құрғақ" және "ылғал" термометрлерден тұрады. Термометр резервуарлары оларды сәулелік жылудан қорғайтын металл түтіктің ішінде орналасқан. Ылғал термометр резервуарының ішінде батист материалы салынған. Аспаптың жоғарғы бөлігінде желдеткішпен жалғанған сағаттық механизмі бар. Желдеткіш термометр резервуарлары бар металл түтік арқылы тұрақты жылдамдықпен ауаны соруды қамтамасыз етеді. Ылғалдылықты анықтар алдында "ылғал" термометр резервуарындағы батисті пипетканың көмегімен дистилденген сумен ылғалдайды. Сағаттық механизмді соңына дейін бұрайды. Бұнда зерттелетін ауа түтікпен сорылады, содан кейін термометрлер арасында тігінен орналасқан металл түтікке түсіп, аспаптың жоғарғы бөлігіндегі тесіктен шығарылады.

Ауа тұрақты жылдамдықпен қозғалатын болғандықтан және "ылғал" термометр резервуары бетінен судың булануы стационарлық психрометрге қарағанда неғұрлым біркелкі болғандықтан және бөлмедегі ауа қозғалысына байланыссыздығынан аспирациялық психрометр неғұрлым жетілген болып табылады.

Термометр көрсеткіштерін алуды механизмді қосқаннан кейін шамамен жазда 5 мин., қыста 15 мин өткен соң жүргізеді.

Гигрограф – ұзақ уақыт ішінде ауаның салыстырмалы ылғалдылығының өзгерісін үздіксіз тіркеуге арналған өздігінен жазатын аспап. Аспап термографқа ұқсас құрастырылған. Қабылдаушы бөлігі ретінде, ауаның ылғалдылығының өзгеруіне сезімтал бірнеше шаш талшықтары қызмет етеді. Шаш талшықтары рычак жүйесінің көмегімен қаламы бар стрелкамен жалғасқан. Ауаның ылғалдылығына байланысты шаш талшықтарының ұзындығы өзгереді. Ауа ылғалды болса ұзарады, құрғақ ауада қысқарады. Шаштың өзгеруі жүйені қозғалысқа келтіріп, барабанның лентасына жазылып салыстырмалы ылғалдылықты көрсетеді

Стационарлық Август психрометрін қолданғанда абсолюттік ылғалдылықты есептейтін формула:

A = f-a(t1-t2)B,

мұндағы А – табу керек абсолютті ылғалдылық;

f - "ылғал" термометр температурасындағы су буларының максимальды қанығуы;

а - психрометрлік коэффициент, атмосфералық ауа ылғалдылығын анықтағанда 0,00074 тең, бөлме ауасының ылғалдылығын анықтағанда - 0,0011 тең;

tl – құрғақ термометр көрсеткіші;

t2 – ылғал термометр көрсеткіші;

В – байқау кезіндегі барометрлік қысым.

Аспирациялық психрометрді қолданғанда абсолюттік ылғалдылықты есептейтін формула:

A = f - 0,5(t1-t2)B/755,

мұндағы А – табу керек абсолютті ылғалдылық;

f - "ылғал" термометр температурасындағы су буларының максимальды қанығуы;

0,5 – тұрақты психрометрлік коэффициент;

tl – құрғақ термометр көрсеткіші;

t2 – ылғал термометр көрсеткіші;

В – байқау кезіндегі барометрлік қысым.

755 – орташа барометрлік қысым.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]