Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
метод ОСКЭ 7 курс 2015 каз ВБ2.docx
Скачиваний:
23
Добавлен:
19.03.2016
Размер:
3.11 Mб
Скачать

Интерн жазбаларына арналған парақ

Т.А.Ә._________________________________________________________

Негізгі симптомдар мен синдромдар___________________________________________ ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жетекші синдром_________________________________________________________ ________________________________________________________________________________

Ажыратпалы диагноз үшін аурулар тізімі__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Болжамды диагноз ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мазмұны

Бекеттің атауы

Көмірсу алмасу бұзылыстары бар науқастарды жүргізу амалдары

Бекеттің түрі

Анамнез жинау, диагностикалық, клиникалық-зертханалық көрсеткіштерді интерпретациялау, емдеу

Пәні/кезеңі

Ішкі аурулар/ эндокринология

Мамандығы

Жалпы медицина

Курсы

7

Интерн үшін қысқаша мәлімет

Науқас көмірсу алмасуының бұзылыстары көріністерімен. Дәрігер қарауына келді. Науқасты тексеріп, тексеріс нәтижелерін талдап, ұсыныстар жасаңыз.

Интернге арналған бекеттегі тапсырма (нұсқа 1)

Науқас Кривошеева И., 48 жаста. Бірнеше жыл бойы дене салмағының 34 кг/м2 деңгейін­дегі артуы байқалады. Соңғы кезде түннің екінші жартысында және таңертеңгілік уақытта ауыз қуысының құрғауына байланысты дәрігерге көрінуге мәжбүр болды. Науқастың анасы қант диабетінің 2 типімен ауырады. Сізге қажет:

  1. Науқастың анамнезін нақтылаңыз.

  2. Науқасқа тексеріс жүргізіңіз.

  3. Глюкометриядан алынған нәтижені интерпретациялап, анықталған өзгерісті түсіндіріңіз, диагнозды құрыңыз (жазбаша).

  4. Ұсыныс жасаңыз, емін коррекциялау мен дәрігердің кезекті бақылауын тағайындаңыз (жазбаша).

Емтихан алушыға арналған мәлімет

1

Науқаспен амандасу. Науқасқа өзін таңыстыру.

2

Науқастың аты – жөнін, жасын сұрау. Науқасты аты- жөнімен атау

3

Науқастың шағымын анықтау

4

Ауру және өмірлік анамнезін жинау

5

Гликемия деңгейін бақылау қажеттігін түсіндіру Қолдарын гигиеналық тәсілмен жуу және орамалмен сүрту. Бетпердені, қолғапты кию.

6

Глюкометрді, тест - жолақтарын, саусақты тесуге арналған ланцетті, тесетін құралды, спиртті дәке түйнектерін, дәке түйнектерін дайындады. Тесуші құралдың насадкасын алу, стерильді ланцетті қою, насадканы орнына салу, ұсынылған шкала бойынша тесу тереңдігін таңдау, тесуші аспапты дайындау Тест-жолақтарын үшкір жағынан алу және оларды арнайы саңылауға тығыздап салу.

7

Ортаңғы немесе төртінші саусақ ұштарының бүйір бөлігін спиртпен дымқылданған дәке түйнектерімен сүрту. Тесуші құралды алып тесетін орынға тығыз басты және фиксаторды басу. Тесуші құралды шетке ығыстыру. Бірінші пайда болған қан тамшысын дәке түйнегімен сүрту

8

Дисплей экранындағы код пен тест-жолақтары бар тубустағы кодты салыстыру Саусақты шамалы қысу, қан тамшысын алу (0.5 мкл жеткілікті). Тест-жолағының бағыттамалық ұшын қан тамшысының бүйірімен түйістіру

9

Анализді интерпретациялау, қолданған материалды және құралды жинау. Инсипидарлы синдром бойынша ажыратпалы диагноз жүргізу

10

Гликемия деңгейін бақылауды, глюкометрдің қажеттігін, емдәм ұстану мен салмақты бақылау қажеттігін түсіндіру. Емін реттеу және кезекті бақылау уақытын тағайындау.

Нұсқа 1.

13-14. Нәтижені интерпретациялау. Глюкометрия нәтижелері: қандағы қант деңгейінің 8,9 ммоль/л өсуі тұқымқуалаушылықпен, емдәмді ұстанбаумен, салмақтың жоғарылауымен және гликемия бақылауының болмауымен шартталған қант диабетінің 2 типінің белгісіне жатады. Қантты диабеттің 2 типі, алғаш рет анықталған.

15. Ұсыныстар жасау, емін коррекциялау және дәрігердің кезекті бақылауын тағайындау. 1. Гликемияны бақылау үшін глюкометр алу және күнделік жүргізу. 2. Жедел қорыты­ла­тын сутегілерді шектеу арқылы тәулігіне 1200-1600 калориялы емдәмді ұстану, дене салмағы мен бел өлшемін бақылау. 3. Гликемиялық профильді, Гли-Нb зерттеу 4. Метформин 500 мг күніне 2 реттен тағайындау, әрі қарай гликемия көрсеткіштеріне қарай реттеп отыру.5. 1 айдан соң бақылауға келу. 6. 3 айдан кейін Гли-Нb бақылау.

Нұсқа 2.

13-14. Нәтижені интерпретациялау. Глюкометрия көрсеткіштері: гликемия – 11,8 ммоль/л; гли­ко­лизирленген гемоглобиннің деңгейін ескере отырып және жедел респираторлы ви­рус­тық инфекция салдарынан инсулин қажеттігінің өсуіне байланысты көмірсу алмасуды де­ком­пенсация сатысына жақын деп шешу. ҚД 1 типі, декомпенсация. ЖРВИ.

15. Ұсыныстар жасау, емін коррекциялау және дәрігердің кезекті бақылауын тағайындау. Емін кор­рек­циялау: ішілетін сұйықтық меөлшерін арттыру, шырындар қабылдауға болады. Жедел вирустық инфекция кезінде қысқа әсерлі инсулин мөлшерін өсіру (1-2 Бірлік НБ негізінде), емдәмді қатаң ұстану, күніне 5 реттен кем емес деңгейде гликемия деңгейін ұстау және инсулин мөл­шерін коррекциялау, 1 айдан соң кезекті бақылауға келу, Гли Нв жылына 4 реттен кем емес, хаттамаға сәйкес жыл сайын қаралу. Гликемия деңгейін 3 айдан соң бақылау. Күнделік жүргізу, Гли Нв, гликемия монитонигі.

Нұсқа 3.

13-14. Нәтижені интерпретациялау. Глюкометрия көрсеткіштері: емдәмді ұстанбауына байланысты қандағы қант деңгейі 6,5 ммоль/л. Инсипидарлы синдром көріністері қант диа­бетінің декомпенсациясымен емес, диуретиктерді қабылдауға байланысты калий­пе­ния­лық синдромның дамуымен байланысты. ҚД 2 типі, компенсация сатысын анықтау қажет.

15. Ұсыныстар жасау, емін коррекциялау және дәрігердің кезекті бақылауын тағайындау. 1. Емнің коррекциясы: емдәмді қатаң ұстану; 2. метформин мөлшерін тәулігіне 1,5 г дейін өсіру; 3. Гликемиялық профиль мен глиНв тексеру. 4. Глюкометр алу, гликемияны жеке бақылау, дене салмағын жә­не БӨ бақылау.5. 1 айдан соң гли­ко­лизир­ленген гемо­глобинді бақылаумен, гликемия мониторингімен, күнделікпен дәрігерге келу.

Нұсқа 4.

13-14. Нәтижені интерпретациялау. Глюкометрия көрсеткіштері: 7,7 ммоль/л, симптомдық гипергликемия болуы мүмкін. Дене салмағы жоғарылауы, іші мен санының өлшемі ұлғаюы, иегінде түктердің өсуі мен құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасында, қолтық астында қызғылт стриялардың пайда болуы, етеккір циклінің бұзылысы, бас ауруы, АҚ 140/100 мм.с.б. жоғарылауы гиперкортицизмнің белгілері.

15. Ұсыныстар жасау, емін коррекциялау және дәрігердің кезекті бақылауын тағайындау. Тәулік бойы гликемияны зерттеу, глиНв, кортизол тексеру, бүйрек үсті бездерінің УДЗ, бас миының МРТ. Тексерістен кейін қайта қаралу.