Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
informatika_shpor.docx
Скачиваний:
179
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
148.95 Кб
Скачать

18 Компьютердің басқару құрылғылары.

Басқару құрылғысы — компьютер (ЭЕМ) процессорының негізгі бөлігі. Ол орындалуға тиісті әрекеттерге байланысты ЭЕМ-нің барлық құрылғыларына басқару сигналдарын беріп отырады; атқарылатын амалдарға қатысты мәліметтердің жедел жад ұяларындағы адрестерін анықтайды; сыртқы құрылғылардың берілген командаларға сәйкес реттілікпен қызмет етуін қадағалайды; арифметикалық және логикалық операцияларды орындайды, т.б. Басқару құрылғысының құрамына тактілік импульс беретін генератор, өте шапшаң жұмыс атқара алатын ішкі жедел жад, арифметика-логикалық құрылғы, ЭЕМ блоктарын бір-бірімен байланыстыратын интерфейс жүйесі енеді. ДК-ның архитектурасы – бұл, қолданушы мен программалаушының көмегімен тапсырмаларды орындайтын аппараттық және программалық құралдар жинағы. Архитектура ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Осы ішкі және сыртқы құрылғыларды байланыстырып тұратын — Магистраль .Магистраль — бұл процессор, жедел жад және сыртқы құрылғы арасындағы ақпараттық байланыс.Магистраль компьютердің барлық компоненттері параллель қосылатын сымдар жиынтығы.Ол мәліметтер шинасы, адрес шинасы, басқару шинасынан тұрады. Мәліметтер шинасы мәліметтерді беруге немесе қабылдауға арналған.Адрес шинасы мәліметтерді жіберілетін

немесе одан қабылдайтын жад ұяшықтарының адрестерін беруге арналған.

Басқару шинасы мәлімет алмасуды басқарады.

Контроллер – процессордың сұрауы бойынша магистраль мен сыртқы құрылғыларды байланыстырады. Ағылшынның controller — басқару сөзінен шыққан.Сонымен компьютердің негізгі компоненттері дегеніміз ДК – ның ішкі және сыртқы құрылғылары екен.

19. Ақпаратты енгізу, шығару құрылғылары

Мәліметгерді енгізудің ең негізгі құрылғысы пернетақта болып табылады. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 101 немесе 105 перне, ал оң жақ жоғарғы бұрышында  жұмыс режимі туралы ақпарат беріп отыратын 3 жарық индикаторы орналасады. Пернетақтадағы пернелер бірнеше блокқа бөлінеді:• символдық пернелер – пернетақтаның негізгі бөлігі болып табылады Пернетақтаның бұл бөлігі латын, орыс, қазақ әріптері, цифрлар • функционал пернелер, бұлар символдық пернелердің үстіндегі жолда орналасқан. Олар латынның F (F1,F2,…,F12) әрпімен белгілеген. Функционал пернелер компьютердің күрделі операцияларын тез орындауға мүмкіндік береді (құжатты сақтау, бетті жаңарту, анықтама шақырту, т.б.). • нұсқаушы немесе курсорды экранда басқару пернелері.. Нұсқаушы пернелер символдық пернелердің төменгі оң жағында орналасқан, олардың үстінде бағдаршалар(стрелкалар) салынған. Олар курсорды экранда жылжытуға арналған;• цифрлық пернелер немесе қосымша пернетақта – пернетақтаның оң жағында орналасқан. <Num Lock> пернесі пернетақтаның оң жақ қосымша бөлігінің жұмыс режимін ауыстырып қосады.Пернетақтада жоғарыда аталған пернелерден басқа, маңызы осылардан кем емес арнайы пернелер де бар. Оларға <Enter>(енгізу пернесі), <Delete>(жою пернесі), <Backspace>(артқа қарай өшіру), <Caps lock>(үлкен регистрді қосу) және т.б. пернелер жатады. Одан басқа да енгізу құрылғыларына тышқан, джойстик, трекбол және т.б. жатады. Джойстик — компьютерлік ойындарда колданылатын қолмен басқарылатын құрылғы. Трекболдың тышқаннан айырмашылығы оның қорапқа орнатылған кішкене шары алақанмен козғалысқа келтіріледі және ол жазық бетті қажет етпейді, сондықтан ол ықшам компьютерлерде қолданылады. Сканерлердің көмегімен символдардан тұратын мәліметтерді де енгізуге болады. Сканерлер парақ бетіндегі мәліметтерді оқып, оны компьютерге енгізеді. Сканердің  түрлері:  планшетті,  қолмен  істейтін,  барабанды,  парақтық,  форма  сканерлері,  штирх сканерлер, Мәліметтерді баспаға шығару құрылғылары. Мәліметтерді баспаға шығару үшін мониторға қосымша принтер деп аталатын баспаға шығару кұралы қолданылады. Принтердің көмегімен экрандағы құжаттың көшірмесін қағазға басып шығара аламыз. Принтерлерді жұмыс істеу принциптеріне қарай матрицалық, лазерлік, сия бүркіш және термографиктік деп бөледіКолонка — дыбыстық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы. Мәліметтерді сақтау құрылғылары. Магниттік дискілер мен лазерлік дискілерге косымша мәліметтерді сақтаудың сыртқы құрылғыларына стримерлер, ZІР-тасуыштар және НіҒD-тасуыштары жатады. Стримерлер — мәліметтерді магниттік таспада сақтауға арналған құрылғылар.ZІР — Бұл құрылғы өлшемдері стандарттық иілгіш дискіден сәл ғана үлкен және сыйымдылығы 100-ден 250 Мбайт болатын дискілермен жұмыс жасайды. ZІР -тасуыштардың негізгі кемшілігі олардың 3,5 дюймдік иілгіш дискілермен үйлесімсіздігінде.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]