Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

is areket

.doc
Скачиваний:
56
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
78.34 Кб
Скачать

Лекция - 3

Тақырыбы:Iс-әрекет психологиясы және оның түрлері.Мотивация және іс-әрекет.

Қарым қатынас психологиясы

Iс-әрекет – адамның қоршаған ортаға деген белсендi қатынасының бiр формасы немесе қоршаған орта мен субъектiнiң өзара қатынасының динамикалық жүйесi.

Тiрi материяның өлi материядан, жоғары формалардың төмен формалардан айырмашылығы – белсендiлiкте. Адамның белсендiлiгi өте көп қырлы. Жануарға тән түрлi формаларға қоса, адамда белсендiлiктiң ерекше формасы – iс-әрекеттi айтуымызға болады. Iс-әрекеттi адам белсендiлiгiнiң ерекше түрi ретiнде анықтауға болады: ол мәдениеттiң материалды және рухани дүниесiн құрайды, өзiнiң қабiлеттерiн дамытады және адам қол мен сана арқасында құрал жасап, оны iс-әрекетте қолдануы – жануар белсендiгiнен айырмашылығы болып табылады. Яғни, адам iс-әрекетi продуктивтi, өнiмдi сипатқа ие. Жануар белсендiгiнен тағы бiр ерекшелiгi: егер жануар белсендiгi тек биологиялық қажеттiлiктерден туса, адам iс-әрекетiне өнер,танымдық қажеттiлiктер түрткi болады. Сонымен қатар, адам iс-әрекетiнiң формалары жануарға тән емес, күрделi қимылдық үйренулермен, дағдылармен байланысты. Мәселен, баланы кiшкентайынан бастап тұрмыстық заттарды дұрыс қолдануды (қасық, пышақ, орындық, сабын) үйретедi. Соның нәтижесiнде жануар белсендiгiнен өзгеше заттық iс-әрекет пайда болады.

Сонымен, адам iс-әрекетiнiң жануар белсендiгiнен негiзгi айырмашылықтарын тоқталатын болсақ:

  1. Адам iс-әрекетi продуктивтi, творчестволық сипатқа ие. Ал жануар белсендiгi табиғатта берiлгеннен басқа ешнәрсе жасай алмайды

  2. Адам iс-әрекетi құрал немесе әдiс ретiнде қолданатын мәдениеттiң материалды және рухани дүниемен байланысты.

  3. Iс-әрекет адамды, оның қабiлеттерi мен қажеттiлiктерiн, өмiр шарттарын дамытады. Ал жануар белсендiлiгi негiзiнен олардың өзiнде және өмiр шарттарын өзгертпейдi.

  4. Адам iс-әрекетi, оны орындаудағы түрлi формалар мен әдiстер – тарихи өнiмi болып табылса, жануардың белсендiгi биологиялық эволюция нәтижесi болып табылады.

5. Заттық iс-әрекет адамға туыла берiлмейдi, ол заттарды қолдануда мәдени түрде белгiленiп қойған. Бұндай iс-әрекеттi оқу және тәрбие барысында қалыптастырып, дамыту керек. Ал жануар белсендiгi алдын-ала, яғни генотиптiк тұрғыда берiген.

Адамның басты ерекшеліктерінің бірі – адамның еңбекке қабілеттілігі, ал кез-келген еңбек түрі іс-әрекет болып табылады. Кез-келген қарапайым іс-әрекеттің актісі субъекттің белсенділік формасы болып табылады, сондықтан кез-келген іс-әрекеттің қоздырушы себептері бар іс-әрекеттің қоздырушы себептері және де ол белгілі жетістіктерге бағытталады.

Іс-әрекеттің қоздырушы себептеріне мотив жатады. Мотив – субъекттің белсенділігі мен іс-әрекеттің бағыттылығын анықтайтын сыртқы және ішкі шарттардың жиынтығы. Мотив, іс-әрекетке шақыра отырып, оның бағыттылығын, яғни оның мақсаты мен міндеттерін анықтайды.

Мақсат – адам іс-әрекеті бағытталған нәтиженің саналы бейнесі. Зат, құбылыс немесе белгілі әрекет мақсат бола алады. Міндет – белгілі жағдайда берілген (мысалы, күрделі мәселеде) іс-әрекет мақсаты. Кез-келген міндет әрдайым мыналарды қамтиды: талап, көзделген мақсат, жағдай, яғни міндеттің белгілі компоненті. Міндет нақты көзделген мақсат болуы мүмкін. Бірақ іс-әрекеттің күрделі түрлерінде көбінесе міндеттер жеке мақсат ретінде айқындалады. Жеке мақсатсыз басты басты мақсатқа жетуге болмайды. Мысалы, белгілі маман иесі болу үшін әуелі адам сол мамндықтың теоретикалық аспектілерін оқуы керек, яғни белгілі оқу мәселелерін шешіп, содан кейін осы білімдерін практика жүзінде іске асыру керек.

Қазіргі заманғы адам әр түрлі іс-әрекеттермен шұғылданады. Іс-әрекеттің барлық түрін классификациялау мүмкін емес, өйткені адам іс-әрекетінің барлық түрін сипаттау үшін адам қажеттіліктерінің барлығын атап өту керек, ал адам қажеттіліктерінің саны өте үлкен. Мұның себебі адамның индивидуалдық ерекшеліктерімен түсіндіріледі.

Бірақ іс-әрекеттің негізгі түрлерін жалпылап айыруға болады. Олар барлық адамға тән жалпы қажеттіліктерге сәйкес келеді. Ол адамның индивидуалды ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Іс-әрнкетің түрлеріне: ойын, оқу және еңбек жатады.

Ойын – адам іс-әрекетінің ерекше түрі. Ойынның нәтижесінде материалдық немесе идеалдық өнім шығару көзделмейді. Көбінесе ойын сауық, бәсеңдік,демалу мақсатын көздейді. Ойынның бірнеше түрлері бар: индивидуалды, топтық, заттық, сюжеттік, рөлдік және ережесі бар ойындар. Индивидуалды ойын тек бір адамның қатысуымен жүретін адам іс-әрекетінің түрі. Топтық ойын бірнеше индивидтың қатысуымен жүреді. Заттық ойын заттардың қатысуымен байланысты болады. Сюжеттік ойын белгілі сценарий бойынша жүреді. Рөлдік ойындар белгілі рөлмен шектелген әрекеттеоге негізделеді. Ал ережесі бар ойындар ойынға қатысушылардың белгілі ережелер жүйесімен реттеледі. Сонымен қатар ойынның аралқан түрлері де болады: заттық-рөлдік, сюжеттік-рөлдік, ережесі бар сюжеттік ойындар, т.б. Ойын барысында пайда болатын қарым-қатынас әдетте жасанды сипатта болады. Жасанды дегеніміз – айналадағылар оны шынайы қабылдамайды және адам туралы қорытынды жасауға негіз бола алмайды. Ойындық жүріс-тұрыс пен ойындық қарым-қатынас адамдардың шынайы қарым-қатынасына әсерән тигізбейді. Дегенмен, ойынның адам өмірінде маңызы зор. Балалар үшін ойын даму сипатымен ерешеленеді. Үлкен адамдарда ойын жетекші іс-әрекет болып табылмайды, тек қарым-қатынас пен бәсеңдік қызметін атқарады.

Іс-әрекеттің тағы бір түрі – оқу. Оқу адамның білім,икем мен дағды алу мақсатын көздейтін іс-әрекеттің түрі болып саналады. Оқу ұйымдастырылған түрде және арнайы мекемелерде іске асуы мүмкін.Ол ұйымдастырылмаған да болуы мүмкін. Үлкен адамдарда оқу өзін-өзі жетілдіру сипатында болуы ықтимал. Оқу әрекетінің ерекшелігі – оқу тікелей индивидтің психологиялық дамуының қызметін атқарады.

Адам іс-әрекетінің жүйесінде ерекше орын алатыны – бұл еңбек. Еңбектің арқасында адам қазіргі заманғы қоғамды, материалдық және рухани мәдениетті құрды, өмір жағдайын жақсартты. Осымен өзіне шексіз дамуға мол мүмкіндіктерді ашты. Еңбек құралдарын жасау және оларды жетілдіру ең әуелі еңбекпен байланысты. Олар өз алдына еңбек өнімділігінің, ғылымның дамуының, өндірістік өнімнің, техникалық және көркем шығармашылықтың артуының факторы болды.

Мотивация ұғымы-адамның нақты бiр мақсатқа жетуге бағытталған талаптану жүйесiмен түсiндiрiледi. Мотивациялық жүрiс-тұрыс “Адам ненi қалайды?ң Ол неге ұмтылады?” сұрақтарына жауап бередi. Адамның талабы әрқашан басым қажеттiлiктердiң жүзеге асуымен байланысты болады. Адамдар жүрiс-тұрысының негiзiнде белгiлi бiр қажеттiлiктер болады. Қажеттiлiк бұл адам бастан кешiретiн мұқтаждық қанағаттануы, адам тiршiлiгi, оның жеке адамдық тұтастығын сақтау үшiн өмiрлiк маңызды болып табылады. Адам өзiнiң тiршiлiк етуi, дамуы және жетiлдiруi үшiн өзiнiң қажеттiлiктерiн қанағаттандыруы үшiн құралдар мен белсендiлiктердi қажет етедi. Адам қажеттiлiктерi әртүрлi болады.

Қазiргi кезде қажеттiлiктiң материалдық (тамақ, киiм, тұрғын үй, жылылық т.б.) және рухани (қоғамдық өмiрге, еңбекке, қарым-қатынасқа,бiлiм алуға, творчество т.б.) түрлерiн бөлiп шығарады. Мұндағы қажеттiлiктердiң кез-келген жiктелуi де шартты болады. Қажеттiлiктер-адамның барлық психологиялық iс-әрекетi, оның ақыл-ойы, сезiмi еркi құрылатын ең басты негiз болып табылады.

Адам қажеттiлiктерiнiң негiзi оның күшi, пайда болу кезеңдерi мен қанағаттандырылу тәсiлдерiмен сипатталынады.

Қажеттiлiк мотивация құрылымында ерекше орын алады. Қажеттiлiк кез-келген iс-әрекет белсендiлiгiнiң бастау көзi болып табылады. Iс-әрекет сәйкес қажеттiлiктi қанағаттандыру құралы болып табылады. Осылайша, қажеттiлiк iс-әрекет субъектiсiнiң белсендiлiгiнiң жалпы бағыттылығын көрсетедi.

Қажеттiлiктiң заттану процесi дегенiмiздiң өзi оның мотивке көшуi (трансформациясы). Субъект белсендiлiгiнiң бағыттылығы нәтижеге жетуi және жекелеген әрекеттiң қасиетi, оның алдында тұрған мақсатқа қалай тәуелдiгiне байланысты, мотив iс-әрекеттi толық себептендiредi.

Iс-әрекет субъектiсiнiң осындай тәуелсiздiгi, iс-әрекеттiң сыртқы себептерi субъектiге ылғи әрқашан iшкi шарттар арқылы әсер етуiнен көрiнедi. (Рубинштейн С.Л.).

Мотивтер қажеттiлiктермен затталына отырып, бұл қажеттiлiктер мотивтiң бағыттылығын анықтайды. Бiр адамның бойында сансыз көп қажеттiлiктердiң болуы мүмкiн емес, бiрақ мотивациялық сфераның байлығы олардың әртүрлiлiгi және өзара толықтырулардан байқалып отырады. Мотив сферасындағы қажеттiлiктердiң өзара әрекеттесуi бiр-бiрiн күшейтедi немесе әлсiретедi, ал олардың өзара қарама-қайшылыққа түсуiнiң нәтижесi-аморальдық жүрiс-тұрысқа әкеп соғауы мүмкiн.

Жеке адамның мотивациясының анықтайтын шешушi фактор-ол өмiрлiк мақсатқа, мағынасына байланысты танымдық белсендiлiгi. Мақсат, саналы түрде анықталады, яғни, болашақ нәтиженi сөз арқылы алдын-ала мақтау, әрекеттiң бейнеленуi, оның мүмкiн болар салдарының, жалғасуының, бейнесi, аралық және соңғы нәтижелер бейнесi. Мақсат мотивацияның детерминалы ретiнде шығады, адамның тiкелей сыртқы әсерден қатысты түрде тәуелсiз бола алу қабiлеттiлiгiн көсетедi.

Мотив-бұл адамның белгiлi бiр әрекет үшiн саналы меңгерiлген талаптануы. Ол адамның өзiнiң қоршаған жағдайын және алдына қойған мақсатын бағалау, ақылға салу, есептеу деңгейiне байланысты мазмұны анықталып қалыптасады.

Қарым-қатынас – адамдар арсындағы жай байланыс қана емес, бірккен іс-әрекет процесінде адамдардың бірін-бірі қабылдауы және ақпарат алмасуы болып табылады .Қарым-қатынас мәселесінің мән мағынасын, тұлға дамуында маңыздылығын, қолданылуы аясы туралы қазақстандық психолог ғалымдардың (С.М. Жақыпов, Ә.Ж.Алдамұратов, Қ.Т. Шерьязданова Н.Тоқсанбаева) еңбектірін айтуға болады. Қарым-қатынасты Б.Г. Ананьев ададмдардың әрекеттесуі мен әр түрлі нақты қарым-қатынас жағдайларында болатын, ақпаратта көрінетін, коммуникация және адамның ішкі дүниесінің қайта жаңғыруымен бір уақыттағы әлеуметтік және индивидуалды құбылыс ретінде қарастырады. Б.Ф. Ломовтың пікірінше қарым-қатынас әлеуметтік – тарихи категория ретінде күрделі динамикалық жүйе бо

Адамның өзара қатынасы күнделікті өмірде қажетті болып тұратын жағдай. Көптеген ғылым, өнер қайраткерлері осы қарым – қатынас адамдардың мінезі мен психологиялық өзгешеліктеріне байланысты деп есептейді. Тіпті кейбір шетел социологтары адамның өзара қатынасын өзгерту арқылы капиталистік елдердегі тап күрестерін жоюға болады дейді. Расында, адамдардың өзара қатынасы тұрмыстық жағдайға, әсіресе, кішігірім топта, ұжымда, жұмыста адамдардың жеке басына әсерін тигізіп отырады. Бірақ, адамдардың қарым- қатынасын тек өмірдегі халі мен күйі әлеуметтік, экононмикалық, саяси,т.б. факторлардың күшті ықпалында болды.   Барлық кездесетін қарым – қатынастарды үш түрге бөлеміз:

    1. Қажетті қарым – қатынастар (Туған – туысқан арасындағы қарым -қатынас);

    2. Міндетті қарым – қатынастар (Мұғалім мен оқушы, дәрігер мен сырқат);

    3. Ынтымақты қарым – қатынастар (Жақсы достар арасындағы қарым - қатынастар)

          Осы қарым – қатынастардың жалпы сипаты іс барысында, жұмыс үстінде       көрінсе, оны іскерлік (ресми) қарым – қатынас түріне жатқызуға болады. Ал, оларды тек сезім сипаатынан байқасақ, онда жеке (ресми емес) қарым – қатынас түріне жатқызамыз. Жұмыста болатын қарым – қатынастар адамдардың нұсқауда көрсетілген тәртіпті орындаумен байланысты. Осыған орай, біреулердің тәртіпті, іскер, жауапты деп санаса, оған ризашылдық білдірсе, ал керісінше болса, наразылық сезімдері пайда болады. Іскерлік қарым – қатынастар жеке бас қарым – қатынасына айналуы мүмкін.   Сонымен қарым – қатынас ұғымы адамдардың бір – бірінен күрделі, көптеген түрлі жақындасу процестерін көрсетіп, олардың бірігіп жасайтын іс - әрекеттерінің қажеттіліктерін орындау үшін қолданылады. Осындай қарым –қатынас кезінде адамдар бірінен – бірі керекті деректер алады, бірін – бірі дұрыстап қабылдап, түсініп жұмыс жасау үшін бәріне бірдей жоспар жасайды. Қазіргі қоғамдағы қарым – қатынастың әлеуметтік қызметін теория жағынан екі категорияға бөлуге болады. Біріншісі әлеуметтік мағынасы бар, қоғамдағы қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған. Екіншісі, әлеуметтік – психологиялық қарым – қатынас және адамдардың қажеттіліктеріне байланысты. Әлеуметтік қарым – қатынасқа коллективтендірілген еңбегін жоспарлап, басқару, орындалғанын қадағалап , тексеріп жатады.   Қарым – қатынас мазмұнына ғылыми және тұрмыстық білімдер жүйесі, дағдылар мен іскерліктер, адамның өзі, яғни оның сыртқы келбеті, мінез ерекшелігі, өзін - өзі ұстау мәнері, т. б. міндетті топпен , ұжыммен шешу, әрекет, қарым – қатынас пен өзара қарым – қатынас, т. б. жатады.  Қарым – қатынас мазмұны қарым – қатынас құралы арқылы түрлі тәсілдермен беріледі. Адамдар қарым – қатынасының негізгі құралына тіл жатады.

Тілдік қарым – қатынаспен бірге тілдік емес құралдар кеңінен қолданылады. Олар: келбет, дене қимылдар, мимика, бейне,т.б. Қарым – қатынас қатысушыларының контингентіне байланысты жеке адамдар арасындағы қарым – қатынас, жеке адам мен топ арасындағы қарым –қатынас, топтардың өзара қарым – қатынасы болып бөлінеді.   Алғашқы бастапқы топта, ұжымда, жеке адамдар өзара қарым – қатынасқа түседі. Осы қарым – қатынас барысында жеке және топтық міндеттер мен мақсаттар шешіледі.   Жеке бас топтық қарым – қатынас – бұл бір жағы жеке адам, келесі жағы топ, ұжым болғанда болатын қарым – қатынас. Бұл түрі әсіресе жетекші мен топтың, ұжымның өзара қарым – қатынасы кезінде жақсы байқалады. Өзара топтық қарым – қатынас – бұл екі қауымдастықтың өзара әрекеті. Бұған спорттағы командалық жарыстар мысал бола алады. Қарым – қатынастың үш жағы бар.

      1.Коммуникативтік, яғни жақындасу жағы       2. Интерактивтік жағы       3. Перцептік жағы     Коммуникативтік жағы -  қарым – қатынас арқылы адамдар бір – біріне ойын, мақсатын, алған бет алысын айыруға тырысады. Бұл процестің құралына сөз, сөйлеудегі ырғақ мимика (бет, ауыздың  әртүрлі қимылы), пантомимика (бүкіл денедегі әртүрлі қимыл), ым – жымдар жатады. Коммуникативтік процестің мақсаты соған қатысатын адамдардың бір – біріне әсер етуі.  Қарым қатынаста адамдар өзара идеялар, қызығулар, көңіл –күйімен, сезімдерімен т.б. бөліседі. Мұның бәрін әртүрлі мәлімет ретінде қарастыруға болады. Адамдар арсындағы коммуникативті процестер техникалық қоедырғылар арасындағы алмасудан өзгеше болды, оның мазмұны және формасы бойынша өзіне тән ерекше, маңызды қасиеттері бар. Олардың ерекшелігі – кері байланыс процесі. Коммуникативті барьер, коммуникативтік әсер және мәлімет берудің әр түрлі деңгейі сияқты процестермен байланысты. Кері байланыс дегенміз – Кері байланыстың берілу жолдары әртүрлі болады.Ең алдымен тура және жанама. Тура кері байланыста реципиент пікірі ашық түрде беріледі. Мысалы: «сенің пікірің маған ұнамайды» , «не айтып тұрғаның маған түсініксіз», т.б. және де әртүрлі қимыл – қозғалыс (жест) , ренжу, қуану, т.с.с. бұл түрде тиімді болады.  Жанама кері байланыс – психологиялық мәлметті берудің асыратын түрі. Бұл жағдайда әртүрлі сұақтар , кекету, күтпеген эмоциялық реакциялар болуы мүмкін. Мұндай жағдайда камуникатор партнердің не айтқысы келетінін өзі түсінуі қажет. Әрине бұлай түсінуі әрқашан дұрыс болмауы мүмкін, сондықтан түсіну қиынырақ болады. Коммуникация туралы сөз болғанда ең алдымен адамдардың өзара әрекеті барысында болатын көзқарас, пікір, қызығу, көңіл-күй, сезім, бағдар алмасу деп түсінеміз. Бұлардың бәрін ақпарат (информация ) деп қарастырсақ, онда коммуникация процесін информация алмасу процесі деп қарастыруға болады.         Коммуникацияның негізгі ерекшеліктері              

1.Коммуникация екі құрылымның арасындағы «информацияның қозғалысы» емес, ол екі индивидтің өзара қарым-қатынасы, олардың әрқайсысы белсенді субъект, яғни коммуникативтік әрекетке қатысушылардың әрқайсысы өзінің партнерінің белсенділігін болжап отырады. Келесі қатысушы да субъект ретінде қатысады. Осыдан келіп оған информация берерде оның мотивтеріне, мақсатына, бағыт-бағдарына сүйенеді. Бірақ берілген информацияға жауап келесі партнердан шыққан жаңа информация түрінде алынатынын болжау керек. Сондықтан коммуникативтік әрекет барысында қарапайым «информация қозғалысы» ғана емес белсенді алмасу процесі болады. Адамдардың өзара информация алмасуында әрбір қатысушы үшін информацияның мәні маңызды роль атқарады. Мұнда адамдар информация мәнін алмасып қана қоймайды, олар оның мазмұнын ашуға тырысады. Бұл информация қабылдағанда ғана емес, ол түсінікті, әрі мазмұны ашылғанда ғана болуы мүмкін. Сондықтан коммуникацияда әрекет, қарым-қатынас және таным бірлікте беріледі.  2.Информация алмасу барысында партнердің мінез-құлқына әсер етуі тиіс, яғни коммуникация қатысушылардың көңіл-күйін өзгерту. Коммуникативтік әсер ету коммуниканттың біреуінің екіншісіне мінез-құлқын өзгерту мақсатында психологиялық ықпал жасауы.

Коммуникацияның тиімділігі осы ықпалдың қаншалық әсер еткенімен өлшенеді. 3.Коммуникативтік ықпал егер информацияны бағыттаушы (коммуникатор) адам мен информацияны қабылдаушы (реципиент) бірдей белгілер жүйесін қолданғанда  яғни белгілердің негізгі мағыналары коммуникация процесіне қатысушыға бірдей белгілі болғанда ғана мүмкін болады. Жәй сөзбен айтканда:”барлық адамдар бір тілде сөйлеу керек”. Тек белгілердің бірдей жүйесін қабылдау ғана партнерлардың бір-бірін түсіну мүмкін болады. Бірақ сөздердің мағынасы бірдей болғанымен адамдар оларды бірдей түсінбейді, оған әлеуметтік, саяси, жас ерекшеліктері себеп болады. 4. Адамдардың коммуникациясында ғана коммуникативтік барьерлер болады.    Олар әлеуметтік және психологиялық сипатта болады. Барьерлер бір жағынан ортақ белгілер жүйесі жоқ болғаннан болса, сонымен қатар партнерлар арасындағы әлеуметтік, саяси, діни, кәсіптік айырмашылықтарға да байланысты, олар коммуникация кезінде қолданылған ұғымдарды түрліше талдайды. Екінші жағынан коммуникация “таза”психологиялық сипатта болады. Олар қарым-қатынасқа түсушілердің жеке психологиялық ерекшеліктеріне де байланысты.(мыс ұялшақтық). Жекелеген адамдарға немесе жекелеген ақпарат қабылдаушыларға сигналдар бағытталса онда ол аксиальді коммуникативтік процесс болып табылады. Егер сигналдар көпшілікке бағытталса, онда ол ретиалды коммуникация болып табылады. 2. Кез-келген ақпаратты алмасу белгілер жүйесі арқылы жүзеге асады. Коммуникативтік процесте бірнеше белгілер жүйесі бар, осыған сәйкес коммуникативтік процестің классификациясын құрастыруға болады. Коммуникацияны вербальды және вербальды емес деп екі топқа бөлуге болады.          Вербальды коммуникацияда белгілер жүйесі ретінде сөз қолданылады. Вербальды емес коммуникацияда белгілер жүйесі ретінде сөздік емес белгілер жүйесі қолданылады. Вербальды емес коммуникация 4 формаға бөлінеді: кинесика, паралингвистика, проксемика, визуальды қарым-қатынас. Олардың әр қайсысы өзінің белгілер жүйесін қолданады. Сондықтан коммуникация процесін 5 түрге бөлеміз                   3. Вербальды коммуникацияда белгілер жүйесі ретінде адамдардың сөзі қолданылады. Сөз ретінде табиғи дыбыстық тіл, яғни фонетикалық белгілер жүйесі пайдаланылады. Сөз – коммуникативтік қарым-қатынастың маңызды құралы болып табылады, себебі ақпарат беруде сөз арқылы хабардың мәні  өзгеріске аз ұшырайды. “Айту” және “тыңдау” терминдерін И.А.Зимняя вербальдық коммуникацмяның психологиялық компоненті ретінде енгізген болатын. әлеуметтік психологияда сөздік ықпалдың тиімділігін арттырудың тәсілдері мен шарттарын анықтауға көптеген эксперименталдық зерттеулер болды. Адам қоғамда өзiн қоршаған адамдар тобында өмiр сүредi және дамиды, оның талаптарына сәйкес өз ойлары мен мiнез-құлқын өзгертедi, топтың басқа мүшелерiмен өзара әрекеттесу арқылы әртүрлi байланысты сезiнедi. Қарым-қатынас психологиясы мынандай құбылыстарды зерттейдi; адамдардың бiр-бiрiн қабылдауы және түсiнуi, елiктеу, сендiру және нандыру, ұйымшылдық немесе жанжалдық, бiрiккен iс-әрекет және тұлғааралық қатынастар. Осы психологиялық құбылыстың әр түрлiлiгiнде, олардың пайда болуының негiзгi қайнар көзi болып адамдар арасындағы қарым-қатынас аймағы болып табылады. Егер қарым-қатынас болмаса, бiздiң рухани, материалды даму деңгейiмiздiң қандай дәрежеге көтерiлгенiн бiлмес едiк. Бiздiң әрқайсымыз өзiмiздiң негiзгi қырларымызды жеке қарым-қатынас тәжiрбиелерiмiз арқылы жанұядағы, мектептегi, жұмыстағы, көшедегi тiкелей қатынастар арқылы игеремiз. Бұл микроорта. Микроортадағы қарым-қатынас арқылы әрқайсымыз әлеуметтiк әлемдi кеңiнен танимыз және қарым-қатынасқа түсемiз, яғни макроорта әсерiн сезiнемiз. Макроорта – бұл өз ғылымы, мәдениетi, идеалогиясы, заңы, қоғамдық өлшемдерi бар қоғам. Микро және макроортаның кездесетiн жерi, олардың өзара әрекеттесетiн шек – бұл кiшi топ, онда бiздiң әрқайсымыздың өмiрiмiз өтедi. Қарым-қатынас тарихи алғашқы форма болып табылады оның негiзiнде өркениет дамуының кейiнгi кезеңдерiнде қарым-қатынастың басқа түрлерi пайда болды. Мысалы; жазбаша қарм-қатынас жазбашалықтың құралуынан кейiн ғана пайда бола бастады. Бiздiң әрқайсымыз адамдар арасында өмiр сүрiп және жұмыс iстегендiктен кез-келген жағдайда өз тiлектерiмiзге тәуелсiз түрде адамдармен қарым-қатынасқа түсемiз. Егер бiз өз өмiрiмiздi бақыласақ онда мынаны байқаймыз: • басқа адамдармен өзара әрекеттесiп оларды қабылдаймыз және бағалаймыз. • Жиi түрлi естiгендерiмiздi қызығушылықпен қабылдаймыз. • Таныстарымызбен немесе кездейсоқ адамдармен өмiрлiк тәжiрбиелерiмiзбен алмасамыз. • Басқа адамдардың әсерiн сезiнiп оларға елiктеп өз мiнез-құлқымызды өзгертемiз. • Шешiм қабылдағанда көп жағдайда қасыңдағы адамдардың пiкiрiн есепке аламыз. Қарым-қатынастың түрлерi:

1. Маскiлi қарым-қатынастар; бiр күннiң iшiнде бiрнеше маска кию. Формалды қарым-қатынас, яғни мұнда маскiлердi пайдаланып сұхбаттасушылардың тұлғалық ерекшелiгiн түсiнiп ескеруге талпынамыз (сыпайлық, қаталдық, тұйықтық). Шынайы сұхбаттасушыға деген сезiмдерiн, эмоцияларын қарым-қатынас барысында көрсетпейдi. 2. Формалды рөлдiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының тұлғасы мен әлеуметтiк рөлi маңызды болып табылады. 3. Iскерлiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының iске деген тұлғалық ерекшелiгi, мiнезi, жасы, көңiл-күйi ескерiледi. Сонымен бiрге оның iске деген қызығушылығы мәндiк маңызды орын алады. 4. Достардың рухани және тұлғалық қарым-қатынасы – мұнда кез келген тақырыпқа әңгiме қозғауға болады, тек сөз арқылы ғана емес жест, мимика арқылы бiрiн-бiрi жақсы түсiнедi. 5. Маникулятивтiк қарым-қатынас сұхбаттасушыдан белгiлi бiр пайда табуға бағытталған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]