Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
informatika_shpor.docx
Скачиваний:
179
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
148.95 Кб
Скачать

57 Есептеулерді блок-схема арқылы бейнелеп көрсету.

Алгоритмнің уғымы мен жазылу қасиеттері және блок-схема беру Тәсілі Алгоритм сөзі IX ғасырда өмір сүрген көрнекті математик Әл-Хорезмидің латын тілінде бұрмаланған аты. Алгоритм дегеніміз - алға қойылған мақсатқа жету үшін немесе берілген есепті шешу үшін түсінікті де нақты ережелер бойынша орындаушыға жинақы түрде берілген реттелген нүсқаулар тізбегі. Бұл анықтамада алгоритм мен оның қасиеттерін байланыстыратын негІзгі ұғымдар беріліп отыр. Оны келесі схема түрінде көрсетуге болады: Бұл схемада орталық объект алгоритмді орындаушы болып түр. Орындаушы - бұл объект (немесе субъект), құрылған алгоритмді басқарады.

Алгоритмнің келесідей қасиеттері бар:

1) Алгоритмнің үздіктілігі. Информацияны өңдеу процесі ретімен жазылған жеке-жеке нұсқаулардан құралған тізбектен тұруы тиіс.

2) Алгоритмнің түсініюпілігі және аньщтылыгы. Алгоритм жалпы түрде қабылдаған символдарды, алфавитті пайдаланып жазылуы тиіс. Орындаушы (адам, компьютер) алгоритмді түсініп, арындай алатын болуы керек. Орындаушыға алгоритмді орындау үшін басқа нұсқаулар іздеуіне жол қалдырмайтындай етіліп және орындалу реттері дәл көрсетіліп қатаң түрде жазылуы қажет.

3) Алгоритмнің жалпылыгы. Алгоритм неғұрлым әмбебап болуы және көпшілік пайдалана алуы тиіс.

4) Алгоритмнің нәтижелШгі. Нұсқаулар шексіз көп болмай, қорытындысында оның нәтижелі болуы тиіс.Алгоритмді жазудың немесе берілу тәсілдерінің 3 түрі бар:1. сөзбен ауызша беріледі.

2. блок-схема түрінде. 3. алгоритмдік тілде. -Блок-схема дегеніміз - информацияны өңцеу алгоритмін МЕСТ (мемлекеттік стандарт)-те бекітілген символдарды пайдаланып, графикалық түрде жазу:

Алгоритмдік тіл - алгоритмді жазуға арналған тіл. Оның алфавиті, синтаксисі, семантикасы болады. Алфавит - тілдегі символдардың жиынтығы. Синтаксис - алгоритмді жазу ережесі. Семантика - сөйлемнің дұрыс құрылуы.

Алгоритмнің жазылуының жаппы түрі: алг <алгоритм аты> (<айнымалылар мен олардың типтерінің тізімі>)

арг <аргументтер тізімі>

нәт <нэтижелер тізімі> басы <көмекші айнымалыларды енгізу>

<Бастапқы мәнге меншіктеу>

<Алгоритмге сәйкес эрекеттер тізбегі> шығару <баспаға берілгендерді шығару> соңы

Мұндағы алг , нәт, арг, басы, соңы , шығару сөздерін қызметші сөздер деп атайды.

1 -мысал. Үшбұрыштың ауданын Герон формуласы бойынша есептеу. S=J(P*(p-a)*(p-b)*(p-c)), p=(a+b+c)/2

алг аудан (нақ а,Ь,с)

арг а,Ь,с

нәт S басы нақ р

р:=(а+Ь+с)/2

S:=sqrt(P*(p-a)*(p-b)*(p-c))

Соңы

58 Ақпараттарды сақтау құрылғылары. Түрлері, жұмыс істеу приципі.

Компьютер

Компьютер (ағылш. computer — «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) — есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина. Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі — есептеу деп саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі — басқару болып табылады. Негізгі принциптері: Өзінің алдына қойылған тапсырманы орындау үшін компьютер механикалық бөліктердің орын ауыстырылуын, электрондардың, фотондардың, кванттық бөлшектердің ағынын немесе басқа да жақсы зерттелген физикалық құбылыс әсерлерін қолданады. Көбімізге компьютерлердің ең көп таралған түрі — дербес компьютер жақсы таныс.

Компьютер архитектурасы алға қойылған мәселені, зерттеліп отырған физикалық құбылысты максималды айқын көрсетіп, модельдеуге мүмкіндік береді. Мысалы, электрондық ағындар бөгеттер салу кезіндегі су ағынының үлгісі ретінде қолданылуы мүмкін. Осылай құрастырылған аналогтық компьютерлер ХХ ғасырдың 60-жылдары көп болғанымен, қазір сирек кездеседі.

Қазіргі заманғы компьютерлердің басым бөлігінде алға қойылған мәселе әуелі математикалық терминдерде сипатталады, бұл кезде барлық қажетті ақпарат екілік жүйеде (бір және ноль ретінде) көрсетіледі, содан кейін оны өңдеу үшін қарапайым логика алгебрасы қолданылады. Іс жүзінде барлық математикалық есептерді бульдік операциялар жиынына айналдыруға болатындықтан, жылдам жұмыс жасайтын электронды компьютерді математикалық есептердің, сонымен қатар, ақпаратты басқару есептерінің көпшілігін шешу үшін қолдануға болады. Бірақ, компьютерлер кез-келген математикалық есепті шеше алмайды. Компьютер шеше алмайтын есептерді ағылшын математигі Алан Тьюринг сипаттаған болатын. Орындалған есеп нәтижесі пайдаланушыға әр түрлі енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен көрсетіледі, мысалы, лампалық индикаторлар, мониторлар, принтерлер және т.б. Компьютер — жай ғана машина, ол өзі көрсетіп тұрған сөздерді «түсінбейді» және өз бетінше «ойламайды». Компьютер тек қана бағдарламада көрсетілген сызықтар мен түстерді енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен механикалық түрде көрсетеді. Адам миы экрандағы көріністі қабылдап, оған белгілі бір мән береді. Есте сақтау құрылғысы — сандық код түрінде берілген ақпаратты жазуға, есте сақтауға және қолданушыға беруге арналған құрылғы. Ол есептеуіш машиналарда, басқарудың автоматтандырылған жүйелерінде, телемеханикада, бағдарламамен басқарылатын технологиялық агрегаттарда, т.б. қолданылады. Есте сақтау құрылғысында деректер тасығыш ретінде магниттік таспалар мен дискілер, оптикалық дискілер, шалаөткізгіш құрылымдар, магниттік қабықшалар (пленкалар), т.б. пайдаланылады.

59.ҚР ҰКО. Электронды сандық қолтаңба алу тәртібі. Ақпараттық технологиялардың арқасында бүгінгі күні әртүрлі қызметтерді электрондық түрде алуға болады. Электрондық қызметтерді алу кезінде маңызды жағдайдың бірі –электрондық сандық қолтаңба болып табылады (ЭСҚ). Ол сәйкестендіру және электроныдық түрде алынатын құжаттың заңды маңыздылығын растайтын құралы ретінде қолданады. ЭСҚ қалай пайдалануға болады және оның артықшылығы неде? ЭСҚ дегеніміз не? Электрондық-сандық қолтаңба бұл жасанды реквизиттен қорғауға арналған электрондық құжаттың реквизиті. Ол қолтаңбаның иесін теңдестіруге, сондай-ақ электрондық құжаттағы ақпараттың бұрмалануын болдырмауын мүмкіндік береді. Электрондық сандық қолтаңбаның артықшылығы неде? Санды қолтаңбаны қолдана отыра Сіздің мынадай мүмкіншіліктеріңіз бар: облыстық ғана емес республикалық мемлекеттік органдардың виртуалдық қабылдауларға арыз түсіруді жүзеге асыра алады (берілген сервис Қазақстан Республикасының азаматтарының өзінің арыздарын мемлекеттік органдарға жолдауға жағдай жасайды және мемлекеттік органның тарабынан жауабын алуына кепілдік береді, және де арыздың статусын бақылауға мүмкіндік береді: мемлекеттік органға жеткізілді, атқарылуға жолданды, атқарылды және т.б.); үйден шықпай мемлекеттік қызметтерді аптасына 7 күн ішінде тәулігіне 24 сағат ала аласыз. электрондық саудаларда, бәссаудаларда және тендерлерде тауардлардың және қызметтердің ең қолайлы бағалық ұсынысты таңдауға және беруге.

ЭСҚ иеленуге қалай болады? Электрондық-сандық қолтаңбаны www.pki.gov.kz ; www.egov.kz мекен-жайы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының сайтында онлайн өтінімді рәсімдеп немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтың жанындағы орналасқан Ұлттық куәландыратын орталықтың Тіркеу орталықтарында алуға болады.Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының тіркеу орталықтарында электрондық сандық қолтаңбаларының құралдарын алу бойынша Қызметтер ТЕГІН беріледі. ЭСҚ алу тәртібі : www.pki.gov.kz; www.egov.kz сайтына шығу

Сізге толтырылған мәліметтерген сәйкес құжаттарды өтінімде көрсетілген ХҚКО-на тапсыру керек. Оператормен Сіздің өтініміңізді тексерген соң сіздің мекен-жайыңызға сертификаттары бар 2 хат келеді. Нұсқау бойынша орнатылады және Сізге қажетті ақпараттық жүйеде жұмыс істейсіз. Өтінімді онлайн берген соң 1 ай ішінде тіркеу жері бойынша қажетті құжаттарды, электрондық өтінімнің және толтырылған өтініштін нөмірлерін беру керек (егер 1 ай ішінде құжаттар ҚР ҰКО Тіркеу Орталығына берілмесе өтінімнің күші жойылады).Жеке тұлғалар үшін құжаттар тізімі: Өтінімнің нөмірі және өтініш берушінің қол таңбасы бар өтініш (бекітілген үлгідегі).

Тіркемелік куәліктің – өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік, ҚР төлқұжаты, қоныстауға арналған ықтиярхат, уақытша куәлік) және жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) көрсетумен телнұсқасы.

  • 60 Вирустан сақтауға арналған бағдарламалар.

Компьютерлік вирус- өздігінен көбеюге қабілетті арнайы программа, ол компьютер жадысында сақталатын программалар мен файлдарды құртуы, жоюы және компьютерді істен шығаруы мүмкін. Ішінде вирусы бар файл немесе программа зақымданған программа немесе файл деп аталады. Вирус программаға еніп алғаннан кейін сол программаға зиян келтіріп, келесі бір программаға ауысады. Зақымданған программа басында қарапайым программа сияқты жұмыс істеп тұрады.Компьютерлік вирустар программаларға тығылып, сол жерде көбейіп, келесі бір системаларға зиянды әрекеттерін жасауға тырысып, басқаға көше бастайды. Мысалы: Орта есеппен 1 айда 300 вирус түрі шығады. Әрине вирустар өздігінен пайда болмайды, оны кракеры, хакерлер, программисттер жасап шығарады.Әр түрлі вирустар әр түрлі іс әрекеттер жасайды:- Экранға текстік хабарлама көрсетеді; - Дыбыстық эффект беруі мүмкін; - Видео эффект көрсетеді ( әріптердің өздігінен сырғанауы немесе немесе қар жауып тұрған бейнені келтіруі, жер сілкінген сияқты дірілдеуі, экранға түсініксіз суреттер шығаруы болады ); - Компьютермен жұмыс істеуді баяулатады. Оперативті жадтың көлемін кішірейтеді; - Кейбір құрылғылардың дұрыс жұмыс істемеуі, комп. қатып қалуы немесе қайта жүктелуі сияқты әрекеттерді орындайды; - Қатты дискіні форматтап, Биос-ты өшіріп, параметрлерін өзгертіп, дискілердің секторларын өшіріп, зиянды әрекеттерін құпия түрде басқа машиналарға енгізе алады; Осы вирус жайлы порблеммаға ең алғаш 1984ж. Фреда Коэнаның « Компьютерные вирусы, теория и эксперименты » деген кітабы жарыққа шықты. Күнделікті қадағалау болмағанның кесірінен желі арқылы вирус таралғаны әйгілі болған.

Вирустардың түрлері:

компаньон- вирус;

паразитті- вирус;

черви- вирус;

репликатор- вирус;

стелс ( көрінбейтін );

призраки;

мутантты- вирус;

полиморфилар;

макровирустар;

троян- вирустар;

монолитті- вирус т.б.;

Вируспен күресу үшін арнайы вирусқа қарсы бағдармалар жасалған. Олар: медицина тілімен айтқанда бағдарламаға диагностика жасайды, емдейді, вирусты жояды, сау, зақымдалмаған бағдарламаға « егу » жасайды.

Вирусқа қарсы бағдармалар:

  • Детекторлар

  • Фагтар, дизенфекторлар

  • Ревизорлар

  • Фильтрлі, күзетшілер

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]