Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
informatika_shpor.docx
Скачиваний:
179
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
148.95 Кб
Скачать

55 Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығы (қр ұко).

«Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін (электрондық цифрлық қолтаңба) беру» мемлекеттік қызмет регламенті

Жалпы ережелер

1. Осы «Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін (электрондық цифрлық қолтаңба) беру» мемлекеттік қызметінің регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін (электрондық цифрлық қолтаңба) беру» мемлекеттік қызметінің стандартына сәйкес әзірленді.

2. Регламентте мынадай ұғымдар қолданылады:

1) мемлекеттік қызмет регламенті – мемлекеттік қызмет стандарты сақталуын қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілейтін және мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, лауазымды тұлғалардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызметті көрсету бойынша қызмет тәртібін анықтайтын нормативтік құқықтық акт;

2) орындаушы – «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» РМК (бұдан әрі – «ТТСТО» РМК) құрылымдық бөлімшесі болып табылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы (бұдан әрі – ҚР ҰКО);

3) ХҚО - өтініштерді қабылдауды және ресімделген құжаттарды беруді жүзеге асыратын «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Халыққа қызмет көрсету орталығы;

4) тұтынушы – заңды және жеке тұлғалар.

3. «Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» РМК (бұдан әрі – «ТТСТО» РМК) құрылымдық бөлімшесі болып табылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы (бұдан әрі – ҚТ ҰКО) көрсетеді.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық түрде автоматтандырылған.

5. Мемлекеттік қызмет «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының негізінде көрсетіледі.

6. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесі электрондық түрдегі тіркеу куәлігі немесе қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

56 Сандық қолтаңбаның жұмыс істеу прициптері. Қолдану аясы.

Сандық қолтаңба

Ақпаратты аутентификациялау үшін Диффи және Хеллман 1976 жылы «сандық қолтаңба» негізінде аутентификациялау концепциясын ұсынды. Жүйедегі әрбір тұтынушының өзінің құпия кілті бар, ол қолтаңба құрау үшін қажет, осы құрия кілтке сәйкес ашық кілт қолтаңбаны тексеруге арналған, ол жүйедегі басқа тұтынушыларға мәлім /открытый ключ известен всем другим пользователям/. Ұсынылған схемада сандық қолтаңба осы мәліметті жіберген нақтылы тұтынушының қорғалатын мәліметі мен құпия кілті негізінде анықталады. Әрбір тұтынушы оған сәйкес ашық кілті болса, мәліметті қолтаңба арқылы аутентификациялай алады. Сонымен қатар ашық кілтті білу қолтаңбаны өзгерте алмайды. Мұндай аутентификациялау схемаларын ассиметриялық деп атайды. Қолданылатын алгоритмге қарамастан қандық қолтаңба схемасында екі процедурасы бар: қолтаңбаны құру процедурасы және тексеру процедурасы, олардың арасындағы айырмашылық келесідей: қолтаңбаны құру процедурасын орындағанда, осы процедураны орныдаушыға ғана белгілі құпия кілт қолданылады. Тек осы жағдайда пайда болған келіспеушілікті арбитр шешу кезінде берілген қолтаңбаны оған сәйкес кілті бар адам қойғанын дәлелдей алады. Сандық қолтаңбаны қолдану аясы – өзара сенімі жоқ орта арасындағы информационды жүйелер (финанс системалары, халықаралық келісім –шарттардың орындалуын бақылайтын системалар, мысалы, ядролық жарылыстарды бақылау туралы келісім шарттар т.б). Сандық қолтаңба схемаларын бағдарламалық өнімдерге авторлық құқықтарын сақтау мақсатында «электронды нотариус» құру үшін пайдаланылуы мүмкін. Сандық қолтаңба туралы сөз болғанда:

1. Әрбір адам құжаттарға қол қою үшін өзінің әмбебаб кілтін қолданады.

2. Құжатқа оған сай келетін құпия кілтті білмей қол қою іс жүзінде мүмкін емес./без знания соответствующего секретного ключа практически не имеет успеха/.

3. Құжаттағы сандық қолтаңба- бұл осы құжат пен құпия кілтті сақтау функциясы.

4. Сандық әдіспен қол қойылған құжаттың көшірмесінің оның оригиналынан айырмашылығы жоқ (әрбір көшірмеге қол қою проблемасы жоқ).

Кәдімгі қолтаңба арқылы авторлықты дәлелдеуге болады, себебі:

1. Әр адамның тек өзіне ғана тән жазу ерекшелігі /почеркі/ болады, ол әріптерді жазуымен, қаламға қысым жасауымен тағы басқалармен сипатталады.

2. Қолтаңбаны қою әрекеттері графологиялық анализ көмегімен анықталады.

3. Қолтаңба мен қолтаңба қойылған құжат бірге тек бір қағазда беріледі. Қолтаңба құжаттың мазмұнына байланысты емес.

4. Қолтаңбасы бар құжаттың көшірмесі , егер оған нақтылы қол қойылмаса күшін жояды. /не действительно, если не имеет настоящей подписи/.

Парольдер

Парольдарды әдетте, жүйеге кіру үшін қолданылатын кілт ретінде пайдаланады, олар басқа да мақсаттар үшін қолданылады: дисководтағы жазуды блокировкалау, командадағы берілгендердің шифрлерін блокировкалау, яғни қажетті қимылдар мен іс әрекеттер тек заңды иелерімен немесе бағдарламамен қамтамасыз етуді тұтынушылармен орындалатынына нақты сенімділікті талап ететін жағдайларда қолданылады. Қолданылатын парольдарды негізгі жеті топқа бөлуге болады:

• Тұтынушы қойған парольдар /устанавливаемые пользователем/

• Системамен қойылған парольдар /генерируемые системой/

• Кездейсоқ ену кодтары, системамен қойылған

• Жартылай сөздер

• Кілтті сөздер

• Интерактивті тізбектер, «сұрақ – жауап» типті /интерактивные последовательности типа «вопрос-ответ»/.

• «қатал» парольдар /»строгие» пароли/.

Алғашқы топ кеңінен тараған. Бұл парольдердің көпшілігі «өзін таңда» типіне жатады. Санкциясыз енуден қорғау үшін ұзын пароль таңдау қажет, сол себепті әдетте жүйе төрт – бес әріптен кем емес пароль сұрайды. Тұтынушыға қажетсіз пароль құруға мүмкіндік бермейтін басқа да шаралар бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]