Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
informatika_shpor.docx
Скачиваний:
179
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
148.95 Кб
Скачать

47 Сызықты, тармақталған, қайталау алгоритмдерді бейнелеу.

Алгоритмдердің бейнеленуі.

1. Сызықты немесе тізбекті алгоритм.Сызықтық алгоритм тізбектеле орналасқан командалардан, ал блок-схемалар бір сызық бойына орналасқан тізбекті блоктардан тұрады.Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм-сызықтық деп аталады.

2.Тармақталу алгоритмі.Тармақталу алгоритмінде көбінесе арифметикалық теңсіздік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі.Егер ол орындалса,онда алгоритм бір тармақпен,ал орындалмаса екінші тармақпен жүзеге асырылады да,соңында екі тармақ қайта бірігеді.Мұнда алгоритмдерде шартты тексеру тармақталу командасы д.а.Оны алгоритмдік тілде өрнектегенде егер,әйтпесе,онда,бітті түйінді сөздері пайдаланады. Орындалу тәсіліне байланысты тармақталу командасы таңдау,және аттап өту болып 2ге бөлінеді.Тармақталу алгоритмдерінің толымды түрі екі серияның бірін ғана таңдауды іске асырады,мұнда берілген шарт тексеріледі,егер ол шарт орындалса,онда 1-серия жүэеге асырылып.содан кейін келесі амалдарға көшеді.Күрделі тармақталу.Кейбір есепте үш және одан да көп тармақ,яғни шығу сызықтары бар шарттарды тексеру.

3.Циклдік алгоритм.Көптеген алгоритмдерде белгілі бір әрекеттерді тізбегі бірнеше рет қайталанып орындалып отырады.Математикада есеп шығару кезінде бір теңдеуді пайдаланып,ондағы айнымала мәннің өзгеруіне байланысты оны бірнеше рет қайталап есептеуге тура келеді.Осындай есептеу процесі бөліктерінің қайталап орындалуын цикл деп атайды, ал қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер тобы циклдік алгоритмдерге жатады.Циклдік процесті қамтамасыз ететін алгоритм бөлігін қайталану командасы құрайды.Қайталану командасын алгоритмдік тілде жазу үшін әзірше,цикл басы және цикл соңы түйінді сөздер қолданылады.Қайталану саны алдын ала белгілі цикл-арифметикалық цикл деп,ал орындалу саны белгісіз цикл-қадамдық цикл деп аталады.

48 Программалау тілдерінің қолданылуы. Алгоритм және оны талдау.

Программалау тілдері

Программаларды жасауда қазіргі заманғы компьютерлерде әр түрлі деңгейдегі программалау тілдері пайдаланылады.Жалпы жағдайда тіл деп информацияның жазылыуын және оның түрленуін белгілі ережелер бойынша формальдыетіп беруші құралдарды түсінеміз. Тілдің құрамында информацияның негізгі элементтерін құрудың құралдары және осы элементтерден әр түрлі мазмұнды құрылымдар құруға арналған ережелер жүйесі бар. Программалау тілі деп деректерді жазуға және оларды белгілі ережелер бойынша өңдеуге арналған адам мен компьютерді байланыстыратын формальды тілді айтамыз.

Програмалаудың әр түрлі тілдерін пайдалану. Әр түрлі белгілер бойынша жіктеуге болатын бірнеше жүздеген программалау тілдері бар. Ең жалпысы тілдің машинаға жақындық дәрежесі бойынша жіктеу болып табылады. Осы белгісі бойынша программалау тілдері екі үлкен топқа бөлінеді:

• машинаға тәуелді тілдер;

Машинаға тәуелді тілдер өз кезегінде былай бөлінеді:

• машинаға бағдарланған тілдер;

Машинаға бағдарланған тілдер кейде автокодтар деп те аталады. Машинаға бағдарланған тілдердің екі деңгейі бар: • символдық кодтау тілдері, басқаша айтқанда мнемокодтар;

• макротілдер.

Макротілдер машина тілінің командаларына тікелей ұқсастығы жоқ макрокомандаларды пайдалануға рұхсат етеді. Макрокомандаларды пайдалану программаны қысқартады әрі тілді жасау құралдарының жиынын кеңейте отырып программалаушының еңбегінің өнімділігін арттырады. Машинаға тәуелсіз тілдер программаларды бөлшектеу дәрежесіне қарай екі топқа бөлінеді:

• процедулалы- бағдарланған тілдер;

Процедулалы – бағдарланған тілдер есепті шешу алгоритмін сипаттауға арналған, сондықтан да оларды кейде алгоритмдік тілдер деп те атайды. Алгоритмдік тіл деген ұғым программалау тілі деген ұғыммен сәйкес елмейді. Егер алгоритмдік тілде жазылған алгоритмдік жазу компьютерге ендіруге тікелей жарамды және дайын жұмысшы программаға түрленетін болса, онда мұндай алгоритмдік тіл программалау тілі де бола алады. Кейбір алгоритмдік тілдер тек оларға кейбір құралдарды қосқаннан кейін ғана программалау тілі болады. Проблемалы – бағдарланған тілдер есептерді сипаттау үшін қызмет атқарады. Бірақ алгоритмдік тілдер өздігінен барлық проблеманы, тіптен программаны да шеше алмайды. Мұндай тілде жазылған программа компьютерде тікелей орындалмайды, ол орындалу үшін алдын ала сол компьютердің машина тіліне аудару жеткілікті қиын мәселе болып табылады. Алгоритмдік тілден программаны машина тіліне аудару жұмысын компьютердің әмбебаптығын пайдаланып, оның өзіне жүктеуге болады. Бұл үшін әрбір алгоритмдік тілден машина тіліне формальды аударуға яғни аударудың ережесін алгоритм түрінде тұжырымдауға мүмкіндік беретіндей болуы керек.

1. Айқын,дәл өрнектелуі.

2. Үзіктілігі.

3. Нәтижелілігі.

4. Жалпыламалығы.

5. Формалды орындалуы.

компьютердің машина тіліне аударып бере алады. Мұндай арнайы аудармашы-программа жоғарыда айтқанымыздай транслятор деп аталады. алгоритмнің қасиеттері:Алгоритмнің айқын, дәл өрнектелу қасиеті. Алгоритмде келтірілген әрбір іс-әрекет мағынасы айқын, нақты анықталып, орындаушыға түсінікті болуы тиіс. Алгоритмде тек көрсетілген қадамдар ғана орындалады. Есеп шығару жолы бірмәнді анықталғандықтан орындаушы алгоритм командаларын ойланбай орындауына болады. Алгоритмнің үзіктілік қасиеті. Алгоритм орындау процесі бірнеше қадамнан тұрады. Алгоритм аралық нәтиже беретіндей бірнеше ықшам бөліктерге, ал олар қадамдарға бөлінеді, әр қадам өз кезегінде жеке әрекеттерге жіктеледі.Бір қадамда бір немесе бірнеше әрекет орындалады. Бұл әрекеттерсаны шектеулі болуы тиіс. Алдыңғы әрекеттің қорытындысы келесі әректтің керекті мәліметі ретінде қолданылады. Орындаушы алғашқы әрекетті аяқтамай, келесіге көше алмайды. 3. Алгоритмнің нәтижелілік қасиеті. Кез келген алгоритм белгілі бір уақыт ішінде қандай да бір нәтиже беруі тиіс. Алгоритм орындалып болғанда есептің шешуін немесе шешуі жоқ деген нәтиже беруі қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]