Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
informatika_shpor.docx
Скачиваний:
179
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
148.95 Кб
Скачать

44 Антивирустық бағдарламалармен жұмыс.

Компьютерге вирус түсуінің белгілерін анықтау . Вирустан сақтауға арналған бағдарламалар : Касперский антивирусы 7.0, AVAST!, Norton AntiVirus. Ақпаратты қорғау негіздері Мақсаты : Ақпаратты енгізу , шығару , алмасу , өңдеу жəне сақтау барысында ақпаратты қорғау құралдарымен , əдістерімен жəне сонымен бірге студенттерді компьютерлік вирустардан ақпаратты қорғауды үйрету , жаңа антивирустық программалармен таныстыру . Оқытудың міндеті : Ақпаратты қорғау классификациясын , ақпаратты қорғау түрлерінің классификациясын , тəсілдерін , ақпарат түрленуінің əртүрлігін меңгерту . Компьютерге антивирустық программаны орнату . Антивирустық программа нұсқасын жаңалау . Ақпараттық жүйе – объектіні басқаруға қажетті ақпаратты беру мен жаңарту , сақтау , жинақтау жүйесі .

Жекеше идентификация дербес ену үшін қолданылады . Жүйеге ену идентификаторының рөлін , ережеге сəйкес , жеке пароль атқарады .

Желілік негіздегі идентификация пайдаланушы рұқсат етілген желіге мүше болған жағдайда енуді қамтамасыз етеді (мұндай əдіс ақпараттық мəліметтер қорына ұжымдық түрде жазылу жағдайында жиі қолданылады ).

Биометриялық идентификация əрбір адамға жеке дара тəн сипаттамаларды пайдаланады : мысалға, көздің нұрлы қабығын анықтауға арналған жүйелер , дауыс ырғағы мен саусақ бедерінің үлгісін есептеуге арналған жүйелер . Зақым келтіруші программа жəне оның классификациясы . Программалық вирус – бұл автоматтандырылған жүйелерде сақталатын мəліметтерді жəне /немесе программалық қамтаманы жою немесе өзгерту мақсатымен телекоммуникациялық желілер мен автоматтандырылған жүйелердегі өзіндік туындау мен рұқсатсыз таралу қасиетіне ие болатын орындаушы немесе интерпретацияланатын программалық код . Вирустардың компьютерге енуінің мүмкін арналары ақпаратты ауыстырып тасушылардағы жинақтаушылар мен желілік коммуникация құралдары болып табылады . Компьютерлік вирустардың негізгі түрлеріне мыналар жатады : • программалық вирустар ; • жүктелетін вирустар ; • макровирустар ; Программалық вирустар . Программалық вирустар – басқа қолданбалы программаның ішіне мақсатты түрде ендірілетін программалық кодалардың блогы вирусы бар программа жұмыс атқарғанда ондағы вирустық кода іске қосылады

46 Алгоритмнің түрі, қасиеттері, құрылымы.

Алгоритм-алгорифм (ағылшынша: algorіthm, algorіsmus — Әл-Хорезмидің атынан шыққан) — бастапқы берілген мәліметтермен бір мәнде анықталатын нәтиже алу үшін қай амалды (жұмысты) қандай ретпен орындау қажеттігін белгілейтін есептерді (мәселелерді) шешу (математикалық есеп-қисаптар орындау, техникалық объектілерді жобалау, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу т.б.) тәсілдерінің дәл сипаттамасы. Алгоритм — математика мен кибернетиканың негізгі ұғымдарының бірі. Агоритмді орындау алгоритмдік процесс деп аталады. Жалпы Алгоритм деп алдын ала не істеу керек екені дәл көрсетілген есептеу процесін айтады. Есептеу процесі қандай болса да алғашқы мәндерден бастап, сол арқылы толық анықталған қорытынды шыққанша жүргізіледі. Алгоритм ұғымының алғышартына алгоритмдік процеспен қатар мүмкін болатын алғашқы деректер жиынтығының нұсқауы және қорытынды алуға байланысты жүргізілген процестің аяқталғандығын көрсететін ереже енеді. Белгілі бір бастапқы деректердің жиынына қолданылған Алгоритм тиянақты қорытындыға келмеуі немесе есептеу барысы аяқталмай тоқталуы мүмкін. Егер есептеу процесі белгілі бір қорытынды алумен аяқталса (не аяқталмай қалса), онда Алгоритм мүмкін болатын бастапқы деректерге қолданылады (не қолдануға болмайды) деп ұйғарылады. Алгоритм — қазіргі математикада, оның ішінде электронды есептеуіш машинада қолданылатын негізгі ұғымдардың бірі. Белгілі бір теңдеу түбірінің жуық мәнін кез келген дәлдікпен табу оған арналған Алгоритммен есептеледі. Компьютердің кең қолданылуына байланысты Алгоритм жаңа мағынаға ие болды. Берілген есепті шешу барысында орындаушыға біртіндеп қандай әрекеттер жасау керектігін түсінікті әрі дәл көрсететін нұсқау да Алгоритм деп аталады. Алогритмді орындаушы — адам, ЭЕМ немесе робот. Әрбір нұсқау — бұйрық. Ал орындаушының жүзеге асыра алатын бұйрықтар жиыны бұйрықтар жүйесі деп аталады. Мысалы, у = (ax + b) (cx - d) функциясын есептеу ЭЕМ-да мынадай әрекеттерден құралады:

а-ны x-ке көбейту R1 деп,

оған b-ны қосу нәтижесі R2 деп,

с-ны х-ке көбейту R3 деп,

сх-тан d-ны алу R4 деп,

R2-ні R4-ке көбейту у деп белгіленеді. Алгоритмнің бұйрықтары бірінен кейін бірі кезекпен орындалады. Бағдарлама Алгоритм тілінде жазу, бейнелеу мағынасын береді. Компьютерде Алгоритмнің сызықты, тармақты, циклді, логикалық, модельдік, параллельдік, тізбекті т.б. түрлері қолданылады.

Алгоритм қасиеттері

Алгоритм ұғымның мәнін аша түсетін оның мынадай қасиеттері бар:

Алгоритм дискретті информациялармен жасалатын әрекеттерді тағайындайды және өрнектейді. Алгоритмге қатысты әрекеттердің бәрі дискретті болады. Алгоритмнің жұмысына қажетті материалдар ретінде символдық мәтіндер және сандар пайдаланылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]