Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
informatika_shpor.docx
Скачиваний:
179
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
148.95 Кб
Скачать

52 Компьютерлік желілер топологиясы.

Жергілікті және аймақтық – таратылған желілер. Жергілікті желі (LAN) бір ғимарат ішіндегі немесе қатар орналасқан ғимараттардағы дербес компьютерлермен принтерлерді бір-бірімен байланыстырады. Аймақтық таратылған желілер (WAN) географиялық тұрғыдан алғанда бір-бірінен қашықта орналасқан, бірақ бір компанияға немесе фирмаға, мекемеге қатысты бірнеше жергілікті желілерді байланыстырады.Жергілікті желілер деп.-дербес компьютерлерді бір-бірімен немесе оларды желі сервері ролін атқаратын қуатты компьютермен байланыстырып тұратын желінің ең қарапайым түрі.Жергілікті желінің барлық компьютерлері серверде жазылған қолданбалы программаларды және принтер, факс тәрізді штекері құрылғыларды ортақ пайдалана алады. Желідегі әрбір дербес комп’ютер жұмыс станциясы немесе желі түйіні деп. аталады.Аймақтық – таратылған желілер жергілікті желілер жасай алатын барлық жұмыстар өте қашықта орналасқан бір компанія компьютерлері арасында атқра алады. Интернет дегеніміз- дүниенің әр түкпіріндегі тұтынушыларды бір-бірімен мәліметтер қоймасы, бейнелер және дыбыстар жазбалары арқылы жеңіл байланыстыратын ең ауқымды желі түрі.Кез – келген компьютерлік желі жұмысы топология, хаттама, интерфейс, желілік программалық және техникалық құралдар тәрізді сипаттамалармен көрсетіледі.Желі топологиясы оның негізгі функционалдық элементтерінің бір-бірімен байланысу құрылымын анықтайды.Желілік техникалық құралдар- компьютерлерді бір желіге ұйымдастыруды қамтамассыз ететін әртүрлі құрылғылар жиыны.Желілік программалық құралдар – компьютерлік желі жұмысын басқарып, әрбір тұтынушыны қажетті интерфейспен қамтамссыз етеді.Интерфейстер – желінің функционалдық элементтерін бір-бірімен үйлестіру құралдары. Протоколдар –желінің функциональдық элементтерінің бір-бірімен қатнас жасау ережелері. Функциональдық элементтер ролін әртүрлі құрылғылар және де программалық модуль дер атқара алады. Сол себепті ақпараттық және программалық интерфейстер қарастырылады.

Негізгі желілік топологиялар.

Желіні атқаратын қызметіне байланысты топологиялардың үш түрі болуы мүмкін. Шиналық топология. Мұнда жұмыс станциялары желі адаптерлері арқылы жалпы шинаға немесе магистральға (кабельге) қосылады. Жұлдыз тәрізді топология. Мұнда ортақтандырылған коммутациялық түйін – желілік сервер болуы тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізуді жүзеге асырады. Сақиналық топология. Мұнда байланысу арналары тұйықталған сақина бойында орналасады. Жөнелтілген мәлімет біртіндеп барлық жұмыс станцияларын ара лап шығады да, он коректі комп’ютер қабылдған соң жұмыс тоқтатылады. Бұл топологияның кемшілігі-кез-келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысты бұзады.

53 Қазақстан Республикасының электрондық үкіметі. Қолдану мақсаты.

« Электронды үкімет » инфро құрылымы Мақсаты : Студенттерді ҚР-ның « Электрондық үкімет » құру жөніндегі Мемлекеттік бағдарламаның негізгі мақсаты мен міндеттерімен , мемлекеттік органдарда ақпараттандырудың қазіргі жағдайының анализі мен бағдарламаны i ске асыру тет iгі жəне оның негізгі бағыттарымен таныстыру . Оқытудың міндеті : « Электрондық үкімет » даму бағдарламасының негізгі термині мен бағдарламаны іске асыру тетігі жəне « Электрондық үкімет » түсінігіне кіріспе . Ақпараттық –коммуникациялық технология ( АКТ )– Information and Communication Technologies (ICT) – тұтынушының ақпаратты жинау , өңдеу , сақтау , тарату , бейнелеу жəне пайдалану мақсатында біріккен əдістер , программалық-техникалық құрылғылар жəне өндірістік үрдістер жиынтығы. Ақпараттық жəне коммуникациялық технологияның ( бұдан былай - АКТ ) дамуы мен кеңінен қолданылуы бұл соңғы он жылдағы ғылыми -техникалық революция мен əлемдік дамудың ауқымды тенденциясы болып табылады . АКТ пайдалану бəсекелес экономиканы көтеру үшін , əлемдік жүйедегі оның мүмкіндіктерін кеңейтуге , жергілікті басқару мен мемлекеттік басқарудың тиімділігін жоғарылату үшін шешуші роль атқарады . Эксперттердің жобалауынша , мемлекеттік басқаруға ақпараттық-коммуникациялық технологияның (АКТ ) енгізілуі экономиканың дамуын тездетеді , бюрократиялық үрдістер шығыны азаяды , мемлекеттік ведомстволардың еңбек өнімділігі мен жұмыстарының тиімділігін арттырады жəне азаматтық қоғамды қалыптастыруда əртүрлі реттегі ақпараттарды алуда халықтың мүмкіндіктерін кеңейту , мемлекеттік қызметтерді тиімді етіп құру , бюрократиялық барьерлердің əлсіреуіне əкеледі . Мемлекеттік басқарудың функцияланған жүйесінің тиімділігі келесі бағыттар бойынша анықталуы мүмкін : мекемелер мен азаматтар арасындағы өзара қарым -қатынас ; мекемелердің ішкі жұмыстары ; билік ұйымдарының бір -бірімен өзара қарым -қатынасы Ақпараттық коммуникациялық технологияның енуі азаматтар мен мекемелердің мемлекеттік билік ұйымдарымен өзара қарым -қатынасының тиімділігін арттырады. Электрондық үкімет құру тарихы ақпараттық технологияның дамуымен қатар жүріп келеді . «Электрондық үкімет » подразумевает ақпараттық технологияны қолданумен , оның ішінде Интернетті , мемлекеттік ұйымдармен , мемлекет азаматтарымен жəне жеке бизнеспен өзара электронды қажет құрылғы . «Электрондық мемлекет » термині - e-Govern ment ақпаратты өңдеу , жіберу жəне таратудың электронды құралдары негізінде ( Интернет , телефон , факс , кіру орталықтары , желісіз құрылғылары жəне басқа коммуникациялық жүйелер .) мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру , мемлекеттік органдардың барлық салаларының барлық азаматтарға электронды құралдар көмегімен қызмет көрсету , сол құралдар арқылы мемлекеттік органдардың жұмысы туралы азаматтарды ақпараттандыру. Электронды үкіметті қалыптастыру концепциясы келесі негізгі есептермен шешіледі : 1. Интернетте арнайы сайттар құру жəне оны өзекті арнайы ақпараттар мен толтыру . Міндетті ақпараттарға (кейбір мемлекеттердің осындай сайттарының мазмұны сияқты ) жалпы , мемлекеттік мекемелердің анықтамалық жəне байланыс ақпараттары , статистика , мемлекеттегі болып жатқан оқиғалар , заңдар жəне нормативті актілер , үіметтің есе ,бі , мемлекеттік мұрағат мазмұны болады . Сайтта сонымен қатар мыналар болуы мүмкін : ♦ жоғарыда тұрған мекемелердің құжаттарына құжаттар немесе сілтемелер ; ♦ жарияланған мекемелер мен оның функцияларына сəйкес өзекті материалдар ; ♦ типтік жағдайларына байланысты жеке жəне заңды тұлғаларға рекомендация беру ; 2. Мемлекеттік мекемелерге қатысты сұрақтарға тез жəне жылдам жауап алуға, мемлекет пен азаматтар арасында өзара қарым -қатынасты қысқартуға қатысты интерактивті қызметтер құру . Көп мемлекетте дамыған осындай қызметтердің біріне салық декларацияларын құру жəне беру , өтініштер беру , мемлекеттік сатып алулар үшін электронды сауда алаңдарын құру болып табылады . Келесі қызметтер ұйымдастырылуы мүмкін : ♦ мемлекеттік басқару ұйымдары мен азаматтардың өзара қарым -қатынасына қатысты туындайтын əртүрлі жағдайларға қажетті құжаттардың үлгілерін беру ; айыппұл төлеу ; ♦ əлеуметтік жеңілдіктерге қатысты анықтамалар ; ♦ мемлекеттік мекемелерден жұмыс іздеу ; ♦ сертификаттар мен келісімдерді беру , ♦ дəрігердің қабылдауына жазылу ; ♦ қашықтан оқыту қызметтерін беру , ♦ сайлаушыларды тіркеу . Азаматтармен кері байланыспен тиімді жүйе құру . Бұл азаматтар үшін құрылған электронды пошталық жəшіктер деп аталады , ашық жəне жабық интернет -форумдар , дауыс беру жүйесі жəне əлеуметтік сұраныстар . Электронды үкіметті қалыптастыру үшін келесі қағидаларды орындау қажет : Интернетте орналастырылған , кез келген санаттағы азаматтар кіріп оқи алатындай жоғары сапалы ақпараттар ; жоғары деңгейдегі компьютерлік дайындықтағы мемлекеттік қызметкерлер ; мемлекеттік басқару ұйымдарының, мекемелердің қағидаларының қарапайымдылығымен бір -бірімен өзара қарым - қатынасы .

54 Электронды сандық қолтаңба. Қолдану мақсаты.Электрондық сандық қолтаңба (ЭСҚ) – бұл электрондық құжаттың деректемесі, жасанды көшірмеден осы электрондық құжатты қорғау үшін арналған. Электрондық сандық қолтаңба ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын (АҚҚҚ) пайдалануымен ақпаратты қайта жасау нәтижесінде қалыптасады және кілттің қол қою сертификатының иесін сәйкестендіруге, сондай-ақ электрондық құжатта ақпараттың бұрмалануының жоқ болуын белгілеуге рұқсат етеді.Электрондық сандық қолтаңбаның жабық кілті – тіркеу куәлігінің иесіне белгілі электрондық сандық рәміздерінің дәйектілігі және электрондық сандық қолтаңбаның құралдарын пайдалануымен электрондық сандық қолтаңбаны құру үшін арналған.Электрондық сандық қолтаңбаның ашық кілті – электрондық сандық рәміздерінің дәйектілігі, кез келген тұлғаға қол жеткізілімді және электрондық құжатта электрондық сандық қолтаңбаны растау үшін арналған; ашық кілт тек қана жабық кілтпен жұптасып жұмыс жасайды. Ашық кілтке тіркеу куәлігі беріледі, ол автоматты түрде электрондық сандық қолтаңба қол қойылған сіздің хатыңызбен бірге беріледі. Сіз кіммен қол қойылған құжаттарды алмасқыңыз келетініңіздің барлығында өз кілтіңіздің бар болуын қаматамасыз етуіңіз тиіс. Сіз сонымен қатар оның тіркеу куәлігін көріп, сіз алған құжаттың электрондық қолтаңбасымен қол қойған тұлға туралы көз жеткізесіз. Ашық кілттің телнұсқасы куәландырушы орталығына жолданады, онда электрондық сандық қолтаңба ашық кілтінің кітапханасы құрылған. Куәландырушы орталығының кітапханасында жасанды көшірмені жасаудан немесе бұрмалауды енгізуден қашуға ашық кілттердің тіркеуі мен сенімді сақталуы қамтамасыз етіледі. Пайдалану Қолтаңбаны пайдалану өте қарапайым. Ешқандай аранайы білім, дағдылар және икемділік бұл үшін талап етілмейді. Электрондық құжаттарды алмасуға қатысушысы, электрондық сандық қолтаңба әрбір пайдаланушысына бірегей ашық және жабық (құпия) криптографикалық кілттер туындатады. Негізгі элемент құпия кілт болып табылады, оның көмегімен электрондық құжаттардың шифрлеуі жасалады және электрондық сандық қолтаңба қалыптасады. Сонымен қатар құпия кілт пайдаланушыда қалады, оған бөлек тасығышта беріледі, бұл дискета, смарт-карта или touch memory болуы мүмкін. Оны басқадай пайдаланушылардың желісінен құпияда сақтау қажет.Электрондық сандық қолтаңба түпнұсқасын тексеру үшін ашық кілт пайдаланылады. Куәландырушы орталығында ашық кілттің телнұсқасы тұр, ашық кілттердің тіркеу куәліктерінің кітапханасы құрылған. Куәландырушы орталық ашық кілттердің тіркеуін және бұрмалауды енгізуден немесе жасанды көшірмені жасаудан қашуға сенімді сақтауды қамтамасыз етеді.Сіз электрондық құжатқа тиістіге өзіңіздің электрондық сандық қолтаңбаңызды орнатасыз. Бұл ретте электрондық сандық қолтаңба құпия кілтінің және ұсталатын құжаттың негізінде криптографиялық қайта жасау жолымен кейбір үлкен сан қалыптасады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]