Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor-GTK.docx
Скачиваний:
241
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
178.69 Кб
Скачать

13.Діни туризмді дамытуға себеп болатын жағдайларды анықтап, сипаттама беріңіз

Тәуеп ету (діни) туризм нысандары республика аумағында көптеп кездеседі. Оларға түркі әлеміндегі қасиетті Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Иасауи кесенесі, Абаб-Араб мешіті, Гауһар-ана зираты, Әли-Қожа бейіті, т.б. жатады. Адамдар бұл қасиетті жерлерге тәуеп етіп, Аллаға сиыну үшін келеді. Одан басқа Қоғам а. маңында (Отырар ауданы) Арыстан баб кесенесі, Ибраһим-ата бейіті, Қарашаш ана кесенесі, Тұраба ауданыннда – Ысмайыл-ата мазары орналасқан. Жамбыл облысында – Айша бибі кесенесі мен Қарахан кесенесі, Қызылорда облысында – Артық, Айтман кесенелері, Балқаш көлі маңында – Тектау ата, Әуез бақсы, т.б. киелі орындар бар. Қазақ халқының азаттық күресі жолындағы батырларға, қолбасшыларға деген құрмет белгісі мемориалдар мен ескерткіштерде көрсетілді. Бұларға Райымбек пен Қарасай батыр ескерткіштері (Алматы облысы) Қордайдағы (Жамбыл облысы) Өтеген батыр, Ақтөбедегі Есет батыр, Солтүстік Қазақстандағы Ағынтай мен Қарасай ескерткіштері, Астанадағы Қаракерей Қабанбай ескерткіштері, т.б. жатады. Ордабасы мен Аңырақай сағасының жазығы, Ұлытаудағы үш жүздің басын қосқан жер, тарихи орындар ретінде Жошы және Алаша хан кесенелері, Алматыдағы тәуелсіздік монументі, Астанадағы үш би ескерткіштері қастерлі орындар санатында туристік нысандарға қосылады.

14.Қазақстанның емдік және сауықтыру туризм дамытуына қажетті мүмкіндіктерге сипаттама беріңіз

Шығыс Қазақстан облысының аумағы қолайлы және емдік-сауықтыру туризмін дамытудың үлкен әлеуеті бар.

Бүгінгі күні облыста 14 пантымен емдеу орындары бар, соның ішінде 290 орындық 6-уі жыл бойғы, жыл сайын бұл орындар 5,5 мыңнан аса адамды қабылдайды.

5 шипажай-курорт және балшықпен емдеу, радонмен емдеу, сумен емдеу, фитотерапия әдістерін қолданатын 7 сауықтыру кешені бар. Бұл орайда, 165 орындық 3 шипажай-курорт мекемесі келушілерді жыл бойы қабылдайды.Алайда, 2013 жылы емдеу және сауықтыру мақсатында қызмет көрсетілген туристер саны 2011 жылмен салыстырғанда 1,8 есе өскеніне қарамастан (1,8 мың адамнан 3,2 мың адамға), бүгінгі күні емдеу және сауықтыру туризмі төмен деңгейде.

Туристердің жалпы санында емдік туризмнің үлесі 1,0% құрайды.

Емдік туризмді басқа облыстармен салыстырсақ емдік-сауықтыру туризмінің ең жоғары үлесі Алматы облысында – 3,2%, ең төмен Солтүтсік Қазақстанда – 0,1%, Шығыс Қазақстан облысы екінші орында – 1,0%, үшінші орында Астана қ.– 0,4%, төртінші орын - Павлодар облысы – 1,6%.

Емдеу және сауықтыру мақсатында қызмет көрсетілген туристер санының көбі Ұлан ауданына тиесілі – 22,7%, Катонқарағай – 12,2% және Зайсан – 11,1% аудандары және Өскемен қ. – 13,4%.

Катонқарағай ауданы емдік-сауықтыру туризмін дамыту үшін үлкен мүмкіндіктері бар, онда термальды радон көздері негізінде «Рахман қайнарлары» бальнеологиялық шипажай жұмыс істейді (1964 жылдан бастап жұмыс істейді), онда емдік процедуралардың кең спектрі ұсынылған.

Шипажай Катонқарағай мемлекеттік ұлттық саябағы аумағында орналасқан.

Шипажайдың құндылығы – минералды радон көздерінде.

Шипажай жыл бойы істейді, бір жылда орташа алғанда 2-2,5 мың адамды қабылдайды.

2013 жылы келушілер саны 2012 жылмен салыстырғанда 1,3 есе (2012 жылы 2128 адам, 2013 жылы – 2690 адам).

Шипажайдың сыйымдылығы - 80 орын, профилі - бальнеотерапевтік.

Негізгі проблема жетудің қиындығы, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін инфрақұрылымның болмауы, тұрғын үй мен тамақтандырудың төмен сапасы, қызмет көрсету сапасы мен деңгейінің сәйкессіздігі.

Емдік-сауықтыру туризмінің екінші маңызды бағыты пантымен емдеу болып табылады. Бұл бағыт перспективада Шығыс Қазақстан туризмінің халықаралық мамандануын анықтай алады, себебі ел ішінде басқа жерде мұндай қызметтер көрсетілмейді, ал пантымен емдеу үшін аздаған елдердің ғана жеткілікті ресурсы бар.

Емдеудің бұл түрі дамып келеді және Шығыс Қазақстандағы емдік-сауықтыру туризмін одан әрі дамыту үшін үлкен әлеуеті бар.

Туризмнің бұл түрін негізгі және ең ірі ұсынушы Катонқарағай ауданы болып табылады. Мұнда 6 емдік-сауықтыру кешені бар, үшеуінде жыл бойы қызмет көрсетіледі. Пантымен емдеу қызметтерін көрсететін туристік нысандардың жиынтық сыйымдылығы 200 төсек-орын.

Пантымен емдеу маусымнан тамызға дейін жүзеге асырылады, келушілердің ең көбі шілде айына келеді. Осы кезеңде шипажай шамамен 400-500 адамды қабылдайды.

Бұдан басқа, пантымен емдеу Күршім, Жарма, Зайсан, Зырян аудандарында жүзеге асырылады.

Жалпы облыста 14 пантымен емдеу орны бар, соның ішінде 290 орындық жыл бойғы, жыл сайын бұл емдеу орындары 5,5 мың адамнан аса қабылдай алады.

Негізгі проблема халықаралық стандарттарға сәйкес келетін инфрақұрылымның болмауы, тұрғын үй мен тамақтандырудың төмен сапасы, қызмет көрсету сапасы мен деңгейінің сәйкессіздігі.

Үржар ауданы аумағындағы Алакөл және Арасан көлдері балшық және сумен емдейтін негізгі көлдер болып табылады.

Алакөл көлі, аумағы бойынша Қазақстанның ішкі су тоғандары ішіндегі үлкендігі жағынан екінші және республиканың ағынсыз көлдері арасында жалғыз терең көл болып табылады.

Су беттерінің жоғарғы температурасы 24-26 градусқа жетеді.

Арасан көлі Тарбағатай жотасының үстінде жатыр. Теңіз деңгейінен биіктігі 250 ш.. Көлдің ұзындығы 800 м., ені 500 м., ауданы 0,4 шаршы км.

Бұл көлдің негізгі емдік факторлары балшық және минералды су болып табылады.

Көлдің кейбір жерлерінде 3-4 метрге жететін минералды су асты қабатында бүкіл әлемге әйгілі Сақы, Тамбукан (Пятигорск), Муялды көлдерінің емдік балшықтарына ұқсас емдік балшық шөккен.

Арасан-Алакөл курорттық аймағы Үржар ауданы аумағында орналасқан және жыл сайын шілдеден тамызға дейін 3 мыңға дейін туристерді қабылдайды.

Арасан-Алакөл курорттық аймақтарының негізгі проблемасы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін инфрақұрылымның болмауы, тұрғын үй мен тамақтандырудың төмен сапасы, қызмет көрсету сапасы мен деңгейінің сәйкессіздігі, сондай-ақ жағалау аймағының тазалық мәселелері болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]