Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor-GTK.docx
Скачиваний:
241
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
178.69 Кб
Скачать

23. Қазақстан туризмінің тарихи және мәдени мүмкіншіліктері.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы территориясында 24мыңнан астам тарих, археология, архитектура және өнер ескенткішетрі бар. Тарих және мәдениет нысандарының Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын жаңғыртуға үлкен маңызы бар. Олардың ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан Арыстан баб мазары, Қызылорда облысындағы Асан ата және Айқожа ескерткіштері,Алматы облысындағы Жаркент мешіті. Азрет Сұлтан, Жидебай бөрлі Ордабасы тарих қорықтары уникалды орындар болып табылады. Тарихи-мәдени архитектуралық-этнологиялық, археологиялық және басқа ескерткіштер орналасу жағынан туризмге әсері әр түрлі бола алады. Бұл Қазақстанның барлық территориясы көне ескерткіштердің көптігімен сипатталады. Мысал ретінде, Қазақстанның «Ұлы Жібек жолы» бойында орналасқан туристік орталықтарын айтсақ болады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің «Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, туризмнің инфрақұрылымын жасау» атты мемлекеттік бағдарламаға жарғы қабылдауы туризм индустриясын және қонақжайлылықты дамытуға және қалыптастыруға себеп болып отыр. Қазахстанда 9000 аса археологиялық және тарихи мұралар, 118 ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, олардың арасында 11 мемлекеттік ұлттық табиғи парк ашылған. Елдегі ең танымал орындар Алматы облысындағы «Алтын Емел» мен «Іле-Алатау ұлттық паркі», Павлодар облысындағы «Баянауыл», Ақмола облысындағы «Көкшетау» мен «Бурабай» болып табылады. «Тамғалы Тастағы» жартасқа салынған суреттер, Шарын шатқалы, «Сыңғырлауық құмдар» және «Бесшатыр» сақ қорғандары аса көрнекті деп саналады. Экотуризмді көпшілік арасында тарату мақсатымен «Іле-Балхаш Регатасы» және «Ертіс меридианы» секілді шаралар үнемі ұйымдастырылады. Қазақстанда тау шаңғысы спортымен шұғылдануға қажетті барлық жағдай жасалған, бұл тұрғыдан алғанда еліміз биік таулы елдерден кем емес. Әсіресе, Алматыдағы «Шымбұлақ» пен «Медеу» спорт кешендерін, Ақмола облысындағы Щучинск-Бурабай демалыс аумағын атап өтуге болады. Қазақстан тұрақты даму мен беделі көтерілуінің арқасында бүкіл дүние жүзіне танылып отыр және осыған туризм өз үлесін қосады. Бұған дәлел ретінде Дүниежүзілік Туристік Ұйымның 18-ші Бас Ассамблеясы және Азиада-2011 секілді ірі халықаралық шаралардың Қазақстанда өткізілуі деп айтуға болады. Қазақстанның туристік өнімінің сапасын қамтамасыз ету жөнінде мемлекеттік деңгейдегі шараларды іске асыру. Бұл бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі- Қазақстанның мәдени-тарихи және рекрияциялық аймақтарын дамыту және сақтау. Ол үшін мынандай шараларды іске асыру қажеттілігі қарастырылған: - мәдени-тарихи және табиғи рекреациялық ресурстарды сақтау және ұтымды пайдалану; - халық арасында туризмнің құндылықтарын насихаттауды және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қамтамасыз ету; - Ұлы Жібек жолы бойындағы археологиялық, архитектуралық, құрылыстық обьектілерді зерттеу және т.б. Елімізде тарихи-мәдени туризм түрін дамыту үлкен маңызы бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]