Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor-GTK.docx
Скачиваний:
241
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
178.69 Кб
Скачать

47. Қазақстанның бір аймағы бойынша турды құрастырыңыз және калькуляциясын анықтаңыз.

Турөнімнің калькуляциялау карточкасы

Тур түрі: танымдық және қызықты оқиғалық

Тур атауы: Алматы-Шымкент-Ташкент

р/с

Шығын баптары

Есептеу тәсілі

сомасы

1

Шығын түрлері бойынша фирманың шығындары, түрлері:

1. Жолдың құны (бару-келу)

2. Қонақ үйге

3. Тамақтандыру (түскі ас)

4. Экскурсиялар

5. Құрал-жабдықтар

6. Еңбекақы (шетел экскурсоводына)

10 000 х 10

10 х (10 х 4 000)

2000 х 10

2 х 15 000

4825 + 4 200 + 625

100 000

400 000

20 000

30 000

9 650

56 500

2

Фирмадан тыс шығындар түрлері

3

Жалпы шығындар

616 150

4

Шығындар жиынтығы

(жол 1 + жол 2 = жол 3)

616 150

5

Пайда, 15%

(жол 4 х 15%)

92 425

6

Салым

((жол 2 + жол 3 + + жол 5) х 3% / 97%)

20 600

7

ҚҚС- сыз құны

(жол 4 + жол 5 + жол 6)

730 00

8

ҚҚС – мен, 12%

(жол 7 х 12%)

87 500

9

Босату бағасы

(жол7 + жол 8)

820 000

48. Қазақстан туристік рекреациялық ресурстар номенклатурасын құрастыру

1.Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы.Шығыс Қазақстан облысы, Оңтүстік Алтайдың шығысындағы Марқакөл қазаншұңқыры Қорықтың жалпы ауданы 71367 га, оның 26917 га-сын құрғақ жер, ал 44450 га- сын көл алып жатыр.1976 жылы құрылған .

2.Батыс- Алтай мемлекеттік табиғи қорығы. 1992 жылы құрылған .Шығыс Қазақстан облысы, Риддер аумағы Қорықтың ландшафтық кешеніне Иванов (2800 м), Холзун (2500 м), Көксін (2300 м), Тигирецк (2300 м), Линейск (1600 м), Уба (2067 м), Үлбі (2000 м) жоталарының таулы жер бедерлерінің бөлігі қосылады.

3. Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі.Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы Алтай тауларының көп бөлігін алшып жатқан Шығыс Қазақстанда туризмді дамытуға зор мүмкіндік бар. Шөл даладан бастап ну орман алқаптары, биік шыңдардағы альпы шалғындары мен мұздықтарға дейін созылған ландшафтты-климаттық аймақтардың біртұтас жиынтығы.

4. «Шарын шетен тоғайы» табиғи ескерткіші Ұйғыр ауданының жерінде, Шарын өзенінің ортаңғы ағысында орналасқан тоғай. Осыдан 5 млн жыл бұрын қалыптасқан оның аумағы 4885 (5014) га жерді алып жатыр. Мұнда сирек кездесетін реликт өсімдіктер, соғды (шарын) шетені, сондай-ақ жиде, тал, терек өседі.

5. Алматы қорығы,Алматы облысында, Іле Алатауының орталық бөлігінде орналасқан.1961 жылы құрылған .Қорықтың ауданы 73325 мың га. жерді құрайды. Бұл жерде 92 мұздық бар, соның ең қуаттысы Дмитриева мұздығы оның ұзындығы 5,14 км. және ені 18,8 шаршы км.

6. Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы 1998 жылдың 21-ші сәуірінде Алматы және Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы аумағында ұйымдастырылды.Қорық Жоңғар Алатауы мен Алакөл көлінің - Үлкен, Орта, Тасты - аралдарынан бастау алатын Тентек өзенін сақтау мақсатында құрылған. Қорық екі бөліктен тұрады, біріншісі Сасықкөл көлінің оңтүстік жағалауындағы Тентек өзенінің атырауында орналасқан, ал, екінші бөлігі Алакөл көлінің аралдарында орналасқан.

7. Алтын Емел ұлттық саябағы Алматыдан 160 шақырым қашықтықта Жоңғар Алатауының оңтүстік аймағында орналасқан Қазақстан Республикасының ең ірі Ұлттық мемлекеттік табиғи саябағы. 1996 жылы құрылған . Ең әсерлісінің бірі- Бесшатыр қорғаны. Бұл қорғандардың биіктігі 20метр, диаметрі 100метр, б.з.д. VII-IIIғасырлардағы сақ тайпасының ақсүйектері жерленген.

8. Іле-Алатауы ұлттық табиғи саябағы.1996 жылы құрылған .Алматы обл. Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарының аумағында орналасқан. Орт. – Таусамалы а. Ауд. 202 мың га, ол Алматы қ-нан оңт-ке қарай Іле Алатауының (Тянь-Шань) солт. беткейінде, батыста Шамалған өз., шығыста Түрген өз-нің аралығындағы ұз. 120 км, ені 30 – 35 км аймақты алып жатыр.

9. Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы Ақмола облысының Қорғалжын ауданы, Қарағанды облысының Нұра ауданы, ауданы 543171 гектар. 1968 жылы құрылған . Қорықта жоғары сатыдағы өсімдіктердің 331 түрі, атап айтқанда, жусан, көкпек, боз селеу, қызғылт, тобылғы, бидайық, бозшөп, т.б. өседі. Әсіресе, суда өсетін өсімдіктердің 22 түрі мұндағы көлдерге ерекше әсемдік береді.

10. «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркi.Ақмола облысының Зеренді ауданы, Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданы, жер көлемі 182076 гектар.«Көкшетау» — ұлттық табиғи саябағы, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарымен Айыртау мен Зеренді аудандарының ерекше экологиялық, тарихи, ғылыми, эстетикалық және демалыстық бағалы аймағында бірегей табиғи кешенді сақтау және қалпына келтіру мақсатымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 10.04.96 қаулысы негізінде құрылды.

11. "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Щучье ауданы, жер көлемі 83511 гектар.2000 жылы ұйымдастырылған. Саябаққа Қазақ ұсақ шоқылы аймағының (Сарыарқаның) солтүстік-батыс бөлігіндегіКөкшетау қыратыныңшығыс бөлігінде орналасқан Бурабай таулы орман сілемі кіреді. Жер аумағы 83,5 мың га. Саябақ орналасқан аймақта ауа райы континенттік, қысы суық әрі ұзақ, ал жазы қысқа, ыстық.

12. Бурабай көлі. Ақмола облысының Шучье ауданында, Көкше тауының шығыс баурайында, теңіз деңгейінен 320,6 м биіктікте орналасқан. Бурабай – Көкшетау қыратындағы тұйық көл. Ұзындығы 4,5 км, ені 3,9 км, орташа тереңдігі 4,5 м, ең терең жері 7 м, жағалауының ұзындығы 13,6 км, су жиналатын алабы 164 км2. Тектоникалық ойыста жатқан көл дөңгелек пішінді, табаны тегіс, солтүстікке қарай еңістеу келген. Солтүстік, батыс және оңтүстік жағалаулары граниттен түзілген, шығысы – құмдауытты. Бурабайдың суы жұмсақ және мөлдір, түбіне дейін айқын көрінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]