Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor-GTK.docx
Скачиваний:
241
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
178.69 Кб
Скачать

37. Қазақстанның іскерлік туризм географиясы және маңызды орталықтарын сипаттаңыз.

Іскерлік туризм бұл қызмет бабымен іссапар орнында табыс табу мақсатында емес сапарға шығу , яғни съезге, ғылыми конгреске, конференцияларға, симпозиумға, өндірістік семинарға және көрмелерге қатысу. Іскерлік туризм бұл туризмнің ең болашағы зор саласы. Іскерлік туризм — келу туризмінің перспективтік және жоғары пайдалы сараланымының бірі болып табылады.

Қазақстанда іскерлік туризм сізге жаңа елмен танысып, іскерлік қарым-қатынас орнату сияқты жағымды істі қажеттімен біріктіруге мүмкіндік береді.  Бүгінде Қазақстан әлемдік саяси сахнада беделді әріптес болып келе жатқаны белгілі.   Елімізде жыл сайын түрлі халықаралық және аймақтық саммиттер, конференциялар, симпозиумдар мен іскери кездесулер өткізіліп келеді.  

Бұл іс-шараларға барып, сіз қазақстандық бизнесмендермен,  және басқа елдерден келген  іскер адамдармен ұзақ мерзімге қатынас орната аласыз, әлемдегі тамаша елде тұрып жатқан 130 –ден астам ұлттың мәдениетін біле аласыз. Қазақстандағы іскерлік туризмнің басты орталықтары : Алматы және Астана қалалары. 13 мамырда Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын қабылдады. Тұжырымдамада Астана мен Алматы қалалары іскерлік туризм орталығы ретінде қарастырылған. Астанаға әртүрлі көрмелерге, конгрестерге, конференцияларға және басқа шараларға қатысу мақсатында, яғни демалу емес тек іс мақсатында 82,4 мыңнан аса адам келген, бұл келу туризмінің жалпы келу санының 89,3%-ын құрады.

Өзге елдермен туризм төңірегіндегі іскерлік байланысты берік орнықтыру тұрғысында соңғы уақытта мемлекет тарапынан бірқатар маңызды істерге баса назар аударылуда. Әсіресе, елорданың еліміздегі басты туризм орталығы ретіңдегі бет-бейнесін қалыптастыруда түрлі іскерлік қарым-қатынастың әр тарапта жандана бастауы, көп нәрсені аңғартатыңдай. Мемлекеттің негізгі табыс көзі саналатын туризм ісінің жедел түрде дами түскені соншалық, оның қажетті тетіктерін жүйелі түрде іске қосу мәселесі бүгінде мамандардың алдында өткір қойылып отыр. Алдыңғы жылдармен салыстыра қарайтын болсақ, бұл саладан құйылатын қаржы көлемі жыл санап арта түскендіктен, жаңа орталықтардың ашылуы уақыт талабына сай келуде.

Алматыда жыл сайын өткізілетін Ха­лықаралық «KITF» туристік көрмесі туралы да айтып өткім келеді. Биыл бұл көрмеге 42 елдің 550 туристік компаниясы қатысты. Сондай-ақ, Алматы туризмнің өкілдері жыл сайын өткізілетін республикалық «Астана-демалыс» көрмесіне және «Сарқылмас саяхат» көшпелі жәрмеңкесіне тұрақты қатысып тұрады. Аталған шаралардың мақсаты өзі­­­­міз­дің ішкі туризмді дамыту екендігі белгілі.

38.Қазақстанның діни туризм географиясы және маңызды орталықтарын сипаттаңыз.

Діни туризм бүгінгі күні айтарлықтай ауқымды көлемге жетіп отыр. Оған мінәжат ету сапарлары, дін мен діни мәдениет тарихын білу мақсатындағы саяхаттар, діни қызметшілердің саяхаттары жатады. Дiни туризм нысандары республика аумағында көптеп кездеседi. Оларға түркi әлемiндегi қасиеттi Түркiстан қаласы., Қожа Ахмет Иасауи кесенесi, Абаб-Араб мешiтi, Гауһар-ана зираты, Әли-Қожа бейiтi, т.б. жатады. Адамдар бұл қасиеттi жерлерге тәуеп етiп, Аллаға сиыну үшiн келедi. Одан басқа Қоғам а. маңында (Отырар ауд.) Арыстан баб кесенесi, Ибраһим-ата бейiтi, Қарашаш ана кесенесi, Тұраба а-нда — Ысмайыл-ата мазары орналасқан. Жамбыл облысында — Айша бибi кесенесi мен Қарахан кесенесi, Қызылорда облысында — Артық, Айтман кесенелерi, Балқаш қаласы маңында — Тектау ата, Әуез бақсы, т.б. киелi орындар бар. 

Қожа Ахмет Яссауи кесенесі.Түркістан қаласы қазақ хандығының ең бірінші астанасы. Қаланың көне атауы –Яссы. Яссы Ұлы Жібек Жолының сауда орталығы және округі болған. XII ғасырда әсіресе Қ.А Яссауи көшіп келген соң ерекше атаққа ие болған. Оның өлімінен кейін сол жерде кейін киелі жерге айналған үлкен кесене салынды. Алтын Орданы жеңіп алған соң Әмір Темір ақынға арнап үлкен мазар орнатты. Бірінші салған күйінде ол әлі сол қалпында 6 ғасыр сақталған.

Қарашаш-ана кесенесі. Сайрам орталығында орналасқан бұл табиғи ескерткіш XIX ғасырға жатады. Алғашқы кезде кесене XIII ғасырда салынған болатын. Қарашаш-ананың шын аты- Айша-бибі, ол шейх Мұсаның қызы болған. Ол өзінің қарапайымдылығымен, сыпайылығымен ерекше адам болған. Қарашаш-ананы әлемнің барлық түріктері аса құрметтейді. Оны аналық қасиеті белгісімен құрмет тұтады.

Айша-бибі кесенесі. Тараз қаласынан 18 км қашықтықта басқа да діни ескерткіш – Айша-бибі мазары орналасқан. (XI- XIIғғ.) Мазар сырты ерекше қапталған, оны тек Бұхарадағы Исмаил Самани мазарымен ғана салыстыруға болады. Айша –бибі кесенесі Орталық Азиядағы плита түрінде қапталған оюға толы толығымен кесілген терракотамен безендірілген. Кесене безендіруінде бай және әр түрлі геометриялық фигураларымен апталған. Тізбектер терракотамен қапталған жіңішке суреттермен қазақ оюлармен безендірілген. Айша-бибі кесенесі көне орталық-азия түріктер халқының ою-өрнектерінің бай мұражай-сақтаулылардың байлығы болып келеді. Қазіргі кезде бұл ескерткіштерден батыс қабырғасы, ал қалған қабырғалардан – аз ғана суреттер қалған. Мазардың бұрыштарының бірінде көне жазба тақпағы сақталып қалған: «Күз...Қара бұлт.Әлем керемет...» Біздің күнге кесененің тек батыс бөлшегі сақталған. Қазір кесене толығымен жаңартылған. Аумақ жақсы орналастырылған. Қараханидтер сәулет ескерткіштері ішінен бұл ескерткіш кереметі болып саналады. 60 түрлі ою-өрнектері бар эпиграфикалық белдеумен жасалған. Ескерткіш туристтерді тек қана ерекше сәулетімен ғана емес, сонымен қатар сұлу Айша-бибі мен батыр Қарахан арасындағы шексіз махаббаты туралы аңыз да қызықтырады. Айша әйгілі шығыс ақылшысы Зеңгі бабаның қызы болып келеді. Аңыз бойынша Айша өзінің ғашығы Қараханға бара жатқан жолында жыланның шаққанынан қайтыс болған.

Бабаджа-Хатун кесенесі. Айша бибі мазары жанында орналасқан. Бұл кесене де XI- XIIғғ сәулет ескерткіші болып саналады. Кесене ерекше қарапайымдылығымен бағаланады. Соңғы жаңартылуы 2002 жылы болған. Эпиграфикалық жазба бойынша ол жерде жерленген әйел адамның атын оқып білген. Аңыз бойынша ол әйел Айшаның қамқоршысы болған. Ол Айшаны сапар кезінде қасында болған. Айша қайтыс болған соң оның мазары үстінде жағылып тұрған алауды ұстап тұрды. Бұл екі кесене сәулет ескерткіші ретінде және қажылық дәстүрін өткізетін мұсылманның қасиетті жерлері болып есептеледі.

Бекет ата мешіті.Үстірттің және оның жарқабақтау үзілістері, борлы сілемдері мен ұшпалары шын мәнінде жерде кездеспейтін фантастикалық пейзажды ұсынады. Осы жерде сопы Бекет-Атаның атақты жер асты ғимараты орналасқан. Бекет-ата Мырзағұлұлы Батыс Қазақстанда ең құрметті тұлғаның бірі болып есептеледі. 40 жасында сопы атағына ие болып, балаларды оқытуға ден қояды. Оның тәуіпкерлігі болған деп те айтылады. Оның алдына келген қуатсыз және қайғы көрген діншілдер келген екен, ол оларға денсаулық пен жаңа өмірлік қуат береді екен

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]