Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor-GTK.docx
Скачиваний:
241
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
178.69 Кб
Скачать

49. Қазақстан белгілі бір ауданның табиғи рекреациялық ресурстар номенклатурасын құрастыру

Батыс Қазақстан облысының табиғи-рекреациялық номенклатурасы:

1. Ырғыз-Торғай резерваты Ақтөбе облысы, Ырғыз ау-данында орналасқан Ырғыз-Торғай резерваты - Ақтөбе облысы, Ырғыз ау¬данында орналасқан мелекеттік резерват. “Ырғыз-Торғай” табиғи резерватын құ-рудағы негізгі мақсат — киік санын кө¬бей¬ту. Резерват ашылған кезде, яғни 2007 жы¬лы осы аумақта 7 мыңға жуық киік болған.

2. Мұғалжар Тауы – Оралдың оңтүстік жалғасы, Ақтөбе облысы аумағында.Мұғалжар Тауы– Оралдың оңтүстік жалғасы, Ақтөбе облысы аумағында Солтүстіктен оңтүстікке қарай 400 км-ге созылып жатыр. Ені 200 км-дей. Орташа биіктігі 300 м, ең биік жері – Үлкен Боқтыбай тауы (657 м).

3. Шалқар көлі.Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы көл. Жайық алабында.Теңіз деңгейінен биіктігі 16,7 м. Ауд. 205,8 км2, ұз. 18,4 км, ең енді жері 14,7 км.Қазаншұңқыры айқын қалыптасқан. Жағалаулары солтүстік, оңтүстік-батыс бөліктерінде жатық, қалған жерлерінде жарлауытты, биіктігі 3 — 10 м. Шолақаңқаты (Шалқараңқаты), Есенаққаты өзендері құяды, су деңгейі 15,5 м көтерілгенде Солянка өзені ағып шығады.

4. Бударин қорықшасы.Батыс Қазақстан обл. Ақжайық, Теректі, Зеленов аудандарында орналасқан Бударин қорықшасы – Жайықтың табиғи қорларын қорғап, оны молайту мақсатында 1986 ж. ұйымдастырылған қорықша. Батыс Қазақстан обл. Ақжайық, Теректі, Зеленов аудандарында орналасқан. Жер аум. 80 мың га.

5. Үстірт қорығы.Маңғыстау облысыңдағы Ералы ауданы. Үстірт қорығы — Қазақстанның оңтүстік-батысындағы табиғи кешенді қалпында сақтау мақсатымен 1984 жылы құрылған мемлекеттік шаруашылық.Маңғыстау облысыңдағы Ералы ауданы жерінің аумағы 223,3 мың га.

6. Қарақия-Қаракөл қорықшасы. Маңғыстау облысында Ералиев ауданы.Қаракөл қорықшасы – республикалық мәні бар қорықша. 1986 жылы Маңғыстау облысында Ералиев ауданында ұйымдастырылған. Жерінің аумағы 137,5 мың га. Қорықшаны құрудағы мақсат – Қарақия ойпатында сирек кездесетін жануарлар түрлерін сақтау. Қорықша аумағына 9 бұлақ және 3 атпалы су көздері кіреді.

7. Кендірлі шығанағы.Маңғыстау облысы Қарақия ауданында.КЕНДІРЛІ– Каспий теңізінің оңтүстік-шығысындағы шығанақ. Маңғыстау облысы Қарақия ауданында орналасқан. Құрлыққа 22 км шамасында еніп жатыр. Батыс бөлігінде Кендірлі құмқайырымен ұштасады. Шығанақтың теңізге шығар жеріндегі ұзындығы 3 км. Орташа тереңдігі 3,5 м. Солтүстік жағалауға жақын бөліктерінде су асты жартастары су бетіне шығып жатыр. Шығанақтың теңізге шығатын жерінде сүйірлі келген Порсу мүйісі орналасқан. Жағалауында неогеннің құм шөгінділері түзілген. Кезінде Форт-Александровск – Красноводск аралық байланыс бекеті және балықшы ауылдарының мекені болған. Сонымен қатар жаугершілік кезеңнен қалған 7 қыз мұнарасының қирандысы сақталған.

50. Қазақстан әлеуметтік экономикалық ресурстар номенклатурасын құрастыру

1. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі.Атақты шығыс қолбасшысы Ақсақ Темір салғызған. Оның көлемі – 46,5х65,5 метр. Орталық залдың айналасына әртүрлі мақсатқа пайдаланылған үлкенді-кішілі 35 бөлме орналасқан. Тайқазан. Қожа Ахмет Яссауи ғимаратындағы бағалы ескерткіштердің бірі – тайқазан. Өзі екі тонналық қазанға үш тонна су сыяды.

2. Айша бибі мазары. Кесене ХІІ ғасырда салынған. Айша бибі тарихтан белгілі Қараханның әйелі болған. Күмбезді Қарахан салғызған, сәулетші туралы нақты дерек жоқ.

3. Алтын адам. 1960 жылы Есіктен табылған бұл ескерткіштің ерекшелігі: осыдан 2500 жыл бұрын жерленген адамның киімі түгелдей алтынмен апталған. Қазақстанда табылған “Алтын адам” ескерткіштерін. Алматы облысындағы есік қорғанынан «Алтын адам» 1970 жыл табылған. Екінші «Алтын адам» 1999 жылы  Атырау облысының  Аралтөбе қорғанынан табылған.

4. Домбыра. Ғалымдар осыдан кемінде 2 мың жыл бұрынғы бейнелердегі қос ішекті аспаптың қазақ домбырасымен ұқсастығын айта келіп, оның Қазақстан жеріндегі байырғы көшпелілер арасында кең тараған аспаптың бірі болғандығын дәлелдеді.

5. Қабанбай батыр кесенесі. Қабанбай батыр кесенесі Ақмола облысының ауыл аймағында оңтүстікте 20 км. қашықтықта Астана қаласы және солтүстік-шығыста 4 км. қашықтықта Қызылжар ауылында орналасқан. Кесененің ғимараты 2000 жылы салынған болатын. Сол күннен бастап Астана қаласының жерінде Қазақстан халқының жан-жақтан келетін киелі жерінің біріне айналған болатын.

6. Арыстанбаб кесенесі XII ғасыр. Арыстанбаб кесенесі ХІІ ғасырда өмір сүрген белгілі діни мистик Арыстанбаб құрметіне тұрғызылған. Алғашқы жөндеу жұмыстары 14-15 ғасырларда жүргізілген. Содан бері алғашқы салынған ою өрнектер сақталынған. Жер сілкінісінен құлаған мазардың орнына 18-ғасырда екі күмбезді құрылыс салынған. 18-ғасыр ғимараты құлап қирағаннан кейін 1909жылы қайта салынды.Жерасты суының жоғарғы деңгейі салдарынан бүлінген мешіт 1971 жылы қайта салынды.

7. Жамбыл мұражайы.Алматыдан батысқа қарай Жамбыл ауылына дейін – 70 км қашықтықты құрайды. Бағыт Алматы-Ташкент жолымен өтеді. Ғасырлар бұрын Қытайдан жерорта теңізіне және Орта Азияға және қайтадан оралатын түйелер жүктерімен, кішкене қоңырауларымен сыңғырлап, белгілі “Ұлы Жібек жолымен” өтетін, қазір бұрынғы автобустар жедел өтеді.

8. Ақ Орда резиденциясы — Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясы.Астана қаласы Есілдің сол жағалауындағы жаңа әкімшілік орталығының аумағында 2001  ж. қыркүйек айында салына бастады. Ғимараттың жалпы көлемі 36 720 m2. Қазақстан Республикасы Президентінің Ақ ордасының ресми тұсаукесері 2004 ж. желтоқсанның 24 күні өтті.Ғимарат қазіргі заманғы құрылыстың ең таңдаулы әдістерін қолдана отырып, монолит құйматастан салынған.

9. Бейбітшілік пен келісім сарайы – архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Ол Астана қаласының қолдан жасалған жота үстінде орналасқан.Пирамида іспетті етіп тұрғызылған сарай 2006 жылы 2 қыркүйекте салтанатты түрде ашылды. Оның табан қабырғасының ұзындығы 62 м; ауданы 25,5 мың м².

10. Астана – Бәйтерек – Астанадағы архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі.Металлдан, әйнек пен бетоннан жасалған бұл «терек» сәулеттік мағынасы жағынан да, жасалуы жағынан да бірегей: биіктігі 105 метрлік металл құрамасынан, салмағы 1000 тоннадан жоғары бес жүзге жуық қададан тұрады.

11. «Хан Шатыр» - Қазақстанның астанасы Астана қаласындағы ірі ойын-сауық және сауда-саттық орталығы (Астананың жаңа символы) 2010 жылы 6-шілдеде Астана күніне орай ашылған

12. «Қазақстан» - қонақ үйі, Алматы қаласының орталығында орналасқан республикалық дәрежедегі жоғары класты мейманхана. Өзінің ерекше пішінімен бұл қонақ үй — Алматы қаласының символдарының бірі.1000 орындық мейманхана ғимаратының 25 қабатының 21 қабаты (бір, екі, үш бөлмелі) қонақжай бөлмелерінен, төменгі екі қабаты қоғамдық қызмет көрсету жайларынан тұрады.

13. Павлодар қаласындағы басты мешіт. Павлодар қаласында 6 гектар жерді алып жатқан паркі, медресесі, Кутузов, Кривенко, Қайырбаев көшелерінен кіру есіктері бар 1500 орындық Бас Мешіт сәулет ансамблі салынды. Бас мешіттің жобасын «Алматыгипрогор» АҚ жобалау институты әзірледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]