Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor-GTK.docx
Скачиваний:
241
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
178.69 Кб
Скачать

17 Туризм географиясының зерттеу мақсаты мен әдістерін сипаттаңыз

Туризм географиясының зертту мақсаты – аудандардағы туристік қозғалыстың табиғи, экономикалық, әлеуметтік және басқа да аспектілерін ескере отырып,туризмді басқарудың теориялық негіздерін құру.Туристік-географиялық зерттеулері туристік функциялары қалыптасып үлгерген аумақтарымен бірге туристік-рекреациялық ресурстары бар болғанымен туристік қозғалыс әзірше ойдағыдай дамымаған жерлері де бар.

Туризм географиясына кіретін жаратылыстанулық, әлеуметтік-экономикалық салаларының әрқайсысы қорытындыларын дәл қылу үшін математикалық-статистикалық әдістерді қолдануын қажет етеді. Туризм географиясының зерттеу шеңберіне статикалық элементі – туристік кеңістік және динамиаклық элементтер – туристік қозғалыс пен онымен байланысты қызмет көрсету саласы кіреді. Осыған орай туризм географиясы – қарастыратын мәселелердің 3 тақырыптық тобын бөліп атауға болады:

1)географиялық кеңістіктің туристік қозғалыс үшін жарамдылығының мәселелері;

2) әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретіндегі туристік қозғалысқа байланысы бар мәселелер;

3)интегралдық(біріктіруші) критерийлер негізінде туристік құбылыстарды кеңістікте жіктеу мәселелері.

Табиғи орта қасиеттері мен тартымдылығын бағалаудың сандық әдістерінің ішінде аумақтың туристік бонитировка әдісі, яғни баллдар суммасы бойынша баға беру әдісі жиі қолданылады. Бұл әдіс мағынасы мынадай: таңдалған шкалаға сәйкес әрбір аумақ аспектілеріне белгілі балл беріледі, ал аспектілеріне берілген баллдарын қосқан кезде табиғи ортаның тартымдылығын синтетикалық түрде бағалауға мүмкіндік туады. Баллдар суммасы кеңістік бірліктерінің құндылығына толығымен баға бере алмайды, бірақ оларды салыстырмалы түрде бағалауға мүмкіндік береді.

Аумақтың рекреация үшін жарамдылығын анықтау үшін негізгі физикалық-географиялық бірліктердің ірі масштабты картографиялық зерттеулері өте маңызды. Мысалы, физикалық-географиялық және ландшафттық аудандастыру карталары. Табиғи ортаны пайдаланумен байланысты таңы бір маңызды әдістемелік мәселе – оның туристік(рекреациялық) сыйымдылығын анықтау мәселесі. Бұл проблема туристік қозғалыстың асқан көлемде шоғырланған аумақтардағы ыдырауына байланысты туындады.

Туризм географиясы мәселелерінің екінші тобына әлеуметтік-экономикалық мәселелер кіреді. Статистикалық зерттеулердің мәселесі туристік қозғалыстың экономикалық эффектін бөліп көрсету, яғни жалпы табыс суммаларының бөліп есептеу болып тұр. Статистикалық бақылау мен зерттеулердің көптеген әдістері қолданылады. Ең жиі қолданылатын әдістердің бірі қонақ үйдегі тіркеу(локальдық) болып саналады. Бұл әдіс әр түрлі түнеу базалары қабылдайтын туристердің толық тіркеуіне негізделеді. Нақты статистикалық бақылаудың тағы бір негізгі әдісі - шетелдік миграциялар, оның ішінде өз азаматтарының баруы мен келуін тіркейтін шекаралық тіркеу әдісі.

18.Территорияны рекреациялық бағалаудың қағидалары және әдістері.

Рекреациялық ресурстарды тиімді пайдалану және қалпына келтіруде экономикалық бағалауды қажет етеді.

Рекреациялық ресурсарды экономикалық бағалаудың мақсаты – рекреациялық ресурстарды жоюда немесе осы аумақта басқа да халық шаруашылығының көздейтін қызметін пайдалану үшін қолданылатынын көрсету.

Халықшаруашылық – рекреациялық ресурстарды пайдалануы бойынша анықталады. Бағалаудың осы екі түрі бір-бірін қамтамасыз етеді.

Рекреация экономика және әлеуметтік жүйемен тығыз байланыста. Рекреациялық ресурстарды экономикалық мақсат үшін пайдалануда табиғатты қорғау және әлеуметтік жүйені ескеру қажет.

Табиғи рекреациялық ресурстарды экономикалық бағалауда сол ресурстың түріне, сапасына, орналасуы (сұраныс),пайдалану технологиясы, ортаның экологиялық жағдайының сипаттамасымен тығыз байланысты. Сандық сапасына сол аумақта орналасқан демалу және туризм түрлері қол жетерліктей болу керек, бір адамға және бір күнде емдік ресурстың шығысы, суға түсу күндерінің саны және т.б. Сапалық көрсеткіштер баллдық жүйе бойынша есептеліп, туристтік объектінің, жайлылық деңгейі ескеріледі.

Экономикалық бағалау екі түрге бөлінеді:

1. рекреациялық сала

2. халықшаруашылық

Рекреацияның салалық бағалануы сол саланың кірісі және шығысын есептелуінен анықталады

Туристік-рекреациялық ресурстарға баға бергенде бағаланатын объектінің және субъектінің ерекшеліктерін ескері қажет.

Туристік ресурстарға баға берудің негзгі 3 түрі бар:

1.медициналық-биологиялық баға беру – демалысты ұйымдастыру үшін табиғаттың комфорттық дәрежесін табу;

2.психологиялық-эстетикалық баға беру - демалушыларға тиетін табиғат ерекшелігінің эмоциялық әсерлеріне талдау жасау;

3. технологияолық баға беру – мамандандырылған және кешенді ТРЖ қалыптасуының мүмкіндіктерін және туризмнің әр алуан түрлерін ұйымдастыру үшін ресурстардың жарамдылығын анықтау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]