Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor-GTK.docx
Скачиваний:
241
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
178.69 Кб
Скачать

55. Батыс Қазақстанның туристік рекреациялық ресурстар номенклатурасын құрастыру

1. «Иманғали» мешіті – Атырау қаласының орталығы Сәтбаев даңғылында орналасқан. Диаметрі 7 метрлі - үлкен куполды, барабандағы биіктігі 23 метрлі – ғимарат. 1999-2001 ж. 5 мамырда пайдалануға берілді. Жалпы ауданы - 1328,3 шаршы метр. Пайдалы көлемі - 1093,1 шаршы метр, 600 адамға арналған. 2 қабаттан тұрады, екі үлкен зал: бес уақыт намаз оқитын зал, ерлер мен әйелдер намаз оқитын зал, Құран оқитын бөлме, медресе, кітапхана, ерлер мен әйелдер үшін таһарат алатын бөлмелер бар. Мешіт қабырғасының биіктігі - 15 метр. Есік маңдайшаларының жоғарғы жағы батырлар дулығасы іспетті. Мешіттің екі мұнарасы бар. Бас мұнарасының биіктігі - 20,7 метр. Мінбердің биіктігі - 3 метр. Ол жоғарғы сапалы ағаштан жасалған. Үлкен күмбездің диаметрі - 5 метр, қалған 6 кіші күмбездерінің диаметрлері - 1метр. Мешіттің сыртында - 235,2 шаршы метр қосымша ғимарат бар. Онда имам және шаруашылық қызметкерлерінің бөлмелері орналасқан. Бұдан да басқа ерлер мен әйелдерге арналған дәретхана бар.

2. Бекет-Ата. Өте танымал ескерткіштердің бірі-Бекет-Ата мешіті жар тастан шауып жасалған. Мұсылман әлемінде Бекет-Ата дүниенің сыры жайлы білген, көріпкел және пайғамбар ретінде танымал болған.Аңыз бойынша, Бекет-Ата ХVІІІ ғасырдың екінші жарты жылдығында өмір сүрген. Атырау облысының қазіргі Құлсары кентіне жақын жерде туылған, 14 жасында дана Шопан-Ата жатқан жерге бас иіп, сәлемдесіп, батасын алуға келген. Үшінші түні Шопан-Ата бозбалаға оқуға өсиет етеді. Жас жігіт алыс Хиуа медресесіне ғылымды бағындыру үшін аттанады. 40 жасқа жеткенде сопы атанып, балаларды сауаттылыққа оқыта бастайды.Маңғыстауға қайтып келгенше, қасиетті Бекет-Ата өз өмірінде ұзақ жолдардан өтті. Ол адамдарды емдеді, алдына келген мүжәлсіз және бейнет көрген адамдарға денсаулық пен өмірлік күш-қуат сыйлады. Даулы мәселелерді шешкенде ол даналығын көрсетіп, екі жақты бітімшілікке келтіретін. Өзінің уағызында Бекет-Ата діндарларды әділдікке шақырып, жақсылық жасауға насихаттайтын. Қалмақтармен ұрыс кезінде жауынгерлік ерлік көрсеткен ол дана және данышпан ретінде халықтың есінде қалды. Ол өзінің арғы атасы–Есет батыр сияқты батырдың күші мен батылдығына ие болған.Бекет-Ата 4 мешіт тұрғызды: біріншісі Құлсарыда – оны Ақмешіт деп атайды, екіншісі Бейнеу елді-мекенінен 20 шақырым жерде борлы жартаста, төртіншісі – Оғыланды шатқалындағы борлы жартас сілемінен шауып жасалған жер асты мешіті. Ол осы мешіттің жанына жерленген. Бекет-Ата зираты тек Маңғыстаудың ғана емес, бүкіл Қазақстанның рухани, тарихи және сәулет ескерткіші болып табылады.

3. Шалқар көлі.Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы көл. Жайық алабында.Теңіз деңгейінен биіктігі 16,7 м. Ауд. 205,8 км2, ұз. 18,4 км, ең енді жері 14,7 км.Қазаншұңқыры айқын қалыптасқан. Жағалаулары солтүстік, оңтүстік-батыс бөліктерінде жатық, қалған жерлерінде жарлауытты, биіктігі 3 — 10 м. Шолақаңқаты (Шалқараңқаты), Есенаққаты өзендері құяды, су деңгейі 15,5 м көтерілгенде Солянка өзені ағып шығады. Деңгейі көктемде көтеріліп, күзге қарай сабасына түседі. Минералдары көктемде 3 — 4 г/л-ден қысқа қарай 6 — 8 г/л-ге дейін өседі. Көлде аққу, қаз, үйрек, қоқиқаз, шағала, бірқазан мекендейді. Мал суарылады, балық ауланады. Жергілікті тұрғындар Шалқарды “Кіші теңіз” деп те атайды. Орал өңіріндегі көнеден қалған тамаша ескерткіштің бірі, ол – Шалқар көлі.Шалқар көлі айрықша экологиялық, ғылыми, мәдени, рекреациялық және эстетикалық құндылығы бар көл.

4. Бударин қорықшасы.Батыс Қазақстан обл. Ақжайық, Теректі, Зеленов аудандарында орналасқан Бударин қорықшасы – Жайықтың табиғи қорларын қорғап, оны молайту мақсатында 1986 ж. ұйымдастырылған қорықша. Батыс Қазақстан обл. Ақжайық, Теректі, Зеленов аудандарында орналасқан. Жер аум. 80 мың га. Қорықшаның мақсаты аңшылық-кәсіптік маңызы бар құс түрлерін көбейту, сондай-ақ тоғайлар мен даланы мекендейтін аңдарды сақтау болып табылады. Қорықшада жылдан-жылға саны азайып бара жатқан құндыз, бұлан, жабайы шошқа, орман сусары, бірқазан, қалбағай, сұр, аққу, т.б. сүтқоректілер мен құстар қорғалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]