Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor-GTK.docx
Скачиваний:
241
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
178.69 Кб
Скачать

42. Солтүстік Қазақстанның туризмнің даму мүмкіншіліктері мен болашағы

2001 жылғы 13 маусымдағы «Қазақстан Республикасының туристік қызметі туралы» заңы, 2010–2014 жылдарға Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуын жылдамдату бойынша мемлекеттік бағдарламасы, 2011–2015 жылдарға «Салауатты Қазақстан» Қазақстан Республикасының денсаулықты дамыту мемлекеттік бағдарламасы бойынша Солтүстік Қазақстан облысында 2010–2014 жылдарға туристік индустрия бағытын перспективті дамыту бағдарламасына сәйкес туристік сала аясында жұмыс жүргізілуде.

Туризм саласында туристік бизнестің 27 субъектісі тіркелген, оның ішінде 5 туроператор және 20 турагент. 2012 жылдың 1 қаңтарына 12 турагент, 5 туроператор, 2 турорталық жұмыс істейді. Орналастыру саласында 37 туристік-сауықтыру нысандары, 22 балаларды сауықтыру лагерлері, 25 жеке кәсіпкерлер қызмет етеді.

Ішкі туризм туристік облысты дамытуда басымды бағыт болып саналады.

Есіл өзенінің арнасындағы «Абакшино», «Сосновый бор», «Серебряный бор» демалыс орнының, «Пестрое» парк-отелінің, «VIP-Солнечный» және Имантау көліндегі «Акбар» нысандарының құрылысының, Шалқар көліндегі «Тұрпан» демалыс орнын қайта құру туристік инфрақұрылымын дамытуда жеке инвестиция туристер, ағынын арттыруға ықпалын тигізді.

2011 жылдың 9 айында туристік салада көрсетілген қызмет түрінің жалпы көлемі өткен жылмен салыстырғанда 17,5% өсіп, 327,2 млн. теңгені құрады. Кіру, ағыны 21,7%-ға өсті, ішкі туризм 2,3%.

Орналастыру саласында 40 486 адамға және 277,3 млн. теңгеге қызмет көрсетілді.

Петропавл қаласының туристік фирмаларымен өңіріміздің мәдениеті мен табиғатын, тарихи ескерткіштерін аралауға 16 жұмыс істейтін туристік-экскурсиялық бағыттар және де Астана қаласына автобус, теміржол және әуежол турлары әзірленді. Өткен жылы астанада 788 оқушылар, студенттер және ардагерлер болып қайтты.

Балалар-жасөспірімдер туризмін дамыту мақсатында «Менің отаным — Қазақстан» Республикалық туристік экспедиция шегінде аудандық және қалалық кезеңдерде 128 туржорықтар, 912 өлкетану экскурсиялары және «Туризм күні» сабағы ұйымдастырылды, жалпы 24107 адам қамтылды.

«Планета» турорталығымен 27 туристік-спорттық шаралар іске асырылды, 1804 адам қамтылды. Экологиялық тәрбие мақсатында «Мектеп орманшылығы» облыстық слет-байқауы және су қоймаларының жағалауын тазарту бойынша «Таза жағалаулар» акциясы ұйымдастырылды.

Облыстың спорттық туризмі ҚР спорттық туризм федерациясымен, ҚР альпинизм және жартасқа өрмелеу федерациясы филиалымен ұсынылған.

2011 жылы СҚО командасы туристік көпсайыс бойынша ҚР Чемпионатында жақсы өнер көрсетті, жасөспірімдер арасында жалпыкомандалық 1 орынға және ересектер арасында жалпыкомандалық 3 орынға ие болды (шаңғы, Ақмола облысы, Қатаркөл ауылы, 03–06 наурыз); Қазақстан және Ресей командаларының жолдастық кездесулері аясында спорттық бағдарлау жарысы бойынша жеке біріншілікте солтүстікқазақстан спортшысы Александр Попов 2 орынға ие болды (Щучье қаласы, 27 сәуір — 1 мамыр); Солтүстік Қазақстан облысының 9 өкілі Алтай — І санатты қиындық жорығына қатысты (Риддер қ., 07–17 шілде); Экология бойынша ғылыми жобаны қорғауда жас туристер-өлкетанушылар республикалық слетінде СҚО командасы жалпыкомандалық 3 орынға және слет қортындысы бойынша жалпыкомандалық 6 орынға ие болды (Ақтөбе қ., 19–24 қыркүйек).

Солтүстік Қазақстан облысының туристік өнімінің тұсау кесер рәсімі 4 республикалық шаралар өткізу барысында өтті: 11-ші Қазақстан Халықаралық туристік көрмесі «KITF — 2011» Алматы қ., 8-ші Қазақстан Халықаралық көрмесі «ASTANA LEISURE — 2011» Астана қ., Қазақстан туристік жәрмеңкесі «Туризм. Оздоровление. Путешествие». Ақмола туристік жәрмекесі аясында «Үздік туристік жарнамалық-ақпараттық стенд» номинациясында біздің облыс бірінші орынға ие болды.

Туристік әуелетті ұсыну үшін 2,5 бірліктен аса жарнамалық-ақпарат өнімі электронды және қағаз түрінде жасалды.

Экологиялық туризмді дамытуда туристік бизнес саласына жергілікті жұртты тартуға септігін тигізеді. Айыртау және Имантау ауылдарында 7 ауылдық қонақ үйі туристерді (18–20 адам) қабылдау үшін жұмыс істейді, экскурсиялар, экобағыттар және этношоу өткізу бойынша қызмет көрсетеді, салт атқа, түйеге міну, фотосессиялар және шұбат — сусынының дәмін тату ұсынылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]