Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor-GTK.docx
Скачиваний:
241
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
178.69 Кб
Скачать

30. Солтүстік Қазақстан туризм даму ерекшеліктері және географиясы.

Солтүстік Қазақстан облысы – Қазақстанның солтүстігінде орналасып, (Сары-Арқа) Қазақтың ұсақ үстүртінің бір бөлігін және Батыс Сібір ойпатының қиыр оңтүстігін алып жатыр.        Облыстың аумағы 98,04 мың шаршы км. Теңеліп, республика аумағының 3,6 пайызын құрайды. Облыс аумағының көп жері Батыс Сібір ойпатының қиыр оңтүстігінде орналасып, жер деңгейінің биіктігі 200м. аспайды және Тобол мен Ертіс өзендерінің ара алқабының көп кеңістігін Альп, ескі өзен неоген платосына қарайды.       Облыстың әкімшілік орталығы - Петропавл қаласы, ол (Ертіс өзенінің сол саласы) Есіл өзенінің оң жағалауында орналасқан. Қала халқының саны 200 мыңнан асады. Облыстың әкімшілік – аймақтық құрамына 5 қала кіреді: олардың 1-облыстық маңызы, 4-аудандық маңызы бар қалалар және 13-селолық аудандар. Халықтың саны - 653,9 мың адам. Облыс аумағында көптеген көркем жерлер: тау жоталары, сыңсыған ормандар, өсімдік қорықтары, маңызды қарағай тоғайлары, Шалқар көлі және Имантау табиғи аймағы бар. Жүздеген археологиялық тарихи және сәулет ескерткіштері мемлекет қорғауында. Ең ғажайып археологиялық жерлер: Иман-Борлық, Шағала және Есіл өзендерінің аңғарында орналасқан, мысалы энеолит эрасының кездеспейтін тарихи ескерткіші – «Ботай қонысы», ал темір ғасырының археологиялық ескерткіші - «Ақ Ирий» қалашығы болып табылады.         Облыстың солтүстік-шығыс жағында – Селетітеңіз, Теке, Үлкенқарой, Қалыбек деген үлкен тұзды көл-шұңқырлар жиынтығы байқалады. Аймақта минералды тұз бен шипалы су, саздары бар көлдер көп кездеседі. Осындай тамаша су қоймаларының біріне Майбалық көлі жатады.

31. Оңтүстік Қазақстан туризм даму ерекшеліктері және географиясы.

Оңтүстік Қазақстан облысының климаты тынығуға, емделуге, альпинизммен, тау шаңғысы спортымен, аңшылықпен айналысуға өте қолайлы. Бүгінде туризм – Оңтүстік Қазақстан экономикасының ең қарқынды дамып келе жатқан, болашағы зор салаларының бірі. Облыста 802 тарих және мәдениет ескерткіштері бар,  оның ішінде 530-ы арехологиялық, 44-і тарихи, 228-і сәулет өнерінің ескерткіштері. Жібек жолының Оңтүстік Қазақстандық телімі  оның батысынан шығысына қарай жүргенде Шаштан (қазіргі Ташкент) Тұрбат өткелі арқылы Испиджабқа, Сайрамға апарады. Көне қаланың атауы күні бүгінге дейін сақталған. Шымкент іргесінде кент осылайша аталады,  оның орталығында Жібек жолының аса ірі орталықтарының бірі болған ортағасырлық қаланың орны бар. Испиджабтан құлдарды, ақ кездемелер, қару-жарақ, семсер, мыс пен темір тасыған. Испиджабтан шыққан керуендер Шараб және Будухкет шаһарлары арқылы шығыстағы Таразға көш түзеген. Бүкіл Жібек жолының бойындағы керуен жолында Отырар мен Түркістан сияқты бай қалалар, сауда-қолөнер мекендері, керуен-сарайлар бой көтеріп, гүлденді.

«Отырар» – ежелгі атауы Фараб, Қазақстан аумағындағы көне қала. Ұлы ғұлама ғалым, екінші Аристотель атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің туған жері. VIII ғасырдан бастап Отырар Тарбанд атауымен белгілі болған. Бұл атауы ежелгі түркі жазбаларында кездеседі. Отырар шаһары Еуропа мен қытай арасындағы жолдарда орналасқан сауда орталығы болған (10-12 ғғ.). IX-X ғғ. Отырар гүлденген ірі қала, ғылымның орталығына айналды. Мұнда үлкен медреселер, мешіттер, ханакалар, кесенелер орналасқан. Қала қамал қабырғаларымен қоршалып, үш қақпасы болған. Бұл қалада бүкіл дүниежүзіне әйгілі «ұлы Отырар кітапханасы» болған. Қамал қабырғасының, қақпалары мен басқа құрылыстарының қалдықтары біздің заманымызға дейін сақталды. Отырар шаһарының орнында ислам уағыздаушысы, діни мистик, Қ.А.Йасауидың ұстазы әрі рухани тәлімгері, XII ғасырда өмір сүрген Арыстан бабтың кесенесі бар. Кесене – XIV ғ. сәулет өнерінің мұрасы.

2001 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен бүкіл әлем ежелгі Тұран бесігі, тарихы тағдыры Ахмет Йасауидың тағдырымен байланысты Түркістан қаласының 1500 жылдығын тойлады. Бүгінде Түркістан бүкіл мұсылман әлемінің, барша түркі тілдес халықтарының рухани орталығы, рухани мінәжат орны.

Суда жүзуді сүйетіндер үшін Оңтүстік Қазақстанда өзен жеткілікті. Олардың ең үлкендері – Сырдария, Арыс, Бадам, Боралдай, Бөген өзендері. Өзен жағалауларын бойлаған сақырауқұлақ терушілер әрқашан жақсы олжадан кенде қалмайды. Түлкібас, Төле би және Қазығұрт аудандары туризмнің ұйымдасқан және өз бетінше тауға жаяу шығу, салт атты және тағы басқа түрлерін, соның ішінде тынығудың бірқалыпты тыныштығын ұнататындар үшін қызықты. Төле би ауданының табиғи-климаттық жағдайлары мен орналасқан орны қысқы туризмге қолайлы. Мұнда жаңа шаңғы базасы мен арқанды жол салынған. Тынығу лагерьлері қайта құрылып, алуан түрлі қызмет көрсету құрылымдарының желісі дамытылуда.

Солтүстік Созақ ауданының дархан даласында өлкенің маржан көлі – Қызылкөл Қаратау бөктерінде көсіле орналасқан. Көл суының шипалы қасиеттері бар. Туристерді тынығып, шомылуға Шардара мен Бөген су қоймалары шақырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]