Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor-GTK.docx
Скачиваний:
241
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
178.69 Кб
Скачать

33. Шығыс Қазақстан туризм даму ерекшеліктері және географиясы.

Туризмді дамытуда Қазақстанның келешегі мол және тартымды өлкесінің бірі Шығыс Қазақстан облысы болып табылады. Мұнда туристтерді қызықтыратын көптеген нәрселер бар –кең аумақ, керемет ландшафтар, әр-түрлі климаттық аймақ, баға жетпес мәдени және тарихи ескерткіштер, туристік қызметтердің сан алуантүрі. Бүгінгі күнде облысымыздың аумағында туроператорлық және турагенттік қызметтерді жүзеге асыратын 108 туристік ұйым, 16 туризм нұсқаушысы, 117 орналастыру орны, 84 демалыс орындары, 5 демлыс үйі, 34 емдеу-сауықтыру шипажайы, жиынтық көлемі 1723072 га немесе Шығыс Қазақстан облысы аумағының 6,0 % - ын құрайтын 14 республикалық маңызы бар ерекше қорғауға алынған табиғи аумақ тркелген. Облыс аумағында Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Ғалами Экологиялық Қорын (UNDP/GEF) жетілдіру бағдарламасы және Бүкіл әлемдік Жабайы Табиғат Қоры (WWF) бағдарламасындағы Алтайдың Қазақстандық бөлігінің биотүрлігінің сақтау жөніндегі жобасында көрсетілген әлемдік маңызы бар табиғи ескерткіштер орналасқан. Олардың көпшілігі қазіргі бар аумақтарда және жоспардағы ерекше қорғалатын аумақтарда (ЖЕҚА) ораласқан. Облыс шегінде бірнеше рекреациялық аймақтар анықталған: Бухтарма жағалауы, Сібі көлдері, Алакөл көлі, Катон-Қарағай, Глубокий аудандары, Риддер, Өскемен қалаларының маңы. Бұл аумақтарда тек қана Қазақсьан және ТМД елдерінің көптеген туристерін қызықтырып қана қоймай, сонымен қатар алыс шет ел туристерін де тартатын Алтай Рудасының негізі табиғи көрікті жерлері топтастырылған. Тартымды табиғаты, ескерткіштердің жоғары сапада сақталуы, геосаяси жағдайларының үлкен өнеркәсіпті әлеуетімен сәйкестігі, келесі туристік өнімдерді ерекшелеуге мүмкіндік береді: -экологиялық туризм, - жағажайлық туризм, - тау шаңғысы туризм; - емдік - шипалы туризм; - мәдениет-танырлық туризм

Туристік фирмалар әр түрлі туристік сапар желілерін әзірлеп жатыр – «көшпенді»,«Белуханың етегіне»,«Изумруд сақина», «Алтай соқпақтармен» және т.б. турлар. Біздің өлкеміздің керемет табиғи ландшафты, көптеген көлдері, өзендері, балық аулау, айуан аулау және ғылыми турларын, пантемдеу, шипажай-курорттық демалысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. мәдениет-танырлық турлар ескіліктерін, тарихін, халық мәдениетін жақсы көретіндерді қызықтырады,. Олардң қызметіне: қонақ үйлер. Бұл үйлерде халықтың тұрмыспен, салт-дастүрлерімен, ұлттық тағамдарымен, танысу, марал өсіру фермаларын көріп шығу мүмкін. Семей өңірі де қызық. Бұл жердікі бай мадени-тарихи мұрасы таңырлық, ғылыми, этникалық туризм объект ретінде қарау мүмкін.

34. Батыс Қазақстан туризм даму ерекшеліктері және географиясы. Батыс Қазақстан аймағы орталық пен оңтүстік Қазақстан және Орта Азия мемлекеттерінің қақпасы болып табылады. Ол республиканың солтүстік батысында орналасқан. Бай табиғи ресурстар, қолайлы географиялық мекен, Ресей қалалары мен өзге мемлекеттер арасындағы дамыған экономикалық байланыстар сыртқы экономикалық ынтымақтастықтың дамуына көп септігін тигізеді. Батыс Қазақстан құрамына Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе облыстары кіреді. Бұл аймақ Республиканың ең шалғай батысы мен оңтүстік батысында орналасқан. Оның аумағы солтүстіктен оңтүстікке 1200 км-ге дейін, ал батыстан шығысқа 1300 км-ге дейін созылады. Үлкен өзендер – Жайық пен Ембі. Үлкен көлдер – Индер, Аралсор, Қамыс-Самарские. Каспий теңізі бұл аймақта ең маңызды рөл атқарады. Мұнай шығару 100 жылдан бері дамып келеді. Атырау қара уылдырықты дайындау және сақтау орталығы болып табылады. Бұл жердің климаты - қатаң континенталды, құрғақ. 2000 жыл бойы Ұлы Жібек Жолы бүкіл Маңғыстау аймағынан өткен. Қазіргі таңда бұл жол туристердің қызығушылығын туғызуда. Әдемі табиғат көріністері пен Үстірт қорығының әр түрлі жануарлары, Маңғыстау жеріндегі көптеген ерекше тарихи және мәдени ескерткіштер, Каспий жағалауының көркем көріністері туристердің айрықша қызығушылығын туғызатыны сөзсіз. Ақтөбе Облысы Қазақстанның ең маңызды өнеркәсіп ауданы болып табылады. Оның көлемі шамамен 300 мың шаршы км. Ақтөбе облысы солтүстігінде Ресеймен, оңтүстігінде Өзбекстанмен шекараласады. Бұл аймақ шығыс пен батыста әр жағынан үш облыспен шектеседі. Шығыс жағында – Қостанай, Қарағанды және Қызылорда облыстары. Батысында - Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары. Атырау облысы 400 метрлі жыраларға және диаметрі 2 метр болатын аппақ, домаланған тастарға толы. Бұл жерлерді көне заманғы мұхит түбінен қалған әктасты қыраттар құрайды. Каспий және Арал теңіздері осы мұхиттың қалдықтары. Шөлді жазық дала Урал өзенімен (қазақша - Жайық) тоғысады да, кейбір жерлер Флорида саз батпақтарын еске түсіреді. Бұл шынымен де су құстарына жұмақ жер болып табылады. Бұл жерлерде тек ауалық жастықшалы қайықтардың жүруі рұқсат етілген. Каспий теңізі - Қазақстанның батысын жуып-шаятын дүние жүзіндегі ең үлкен жабық су қоймасы. Теңіздің атауы көне заманда жағалауда қоныс тепкен Каспий тайпасымен байланысты. Батыс Қазақстан облысы туризмді дамытудың перспективті аймағы болып табылады. Себебі ол қолайлы географиялық жерде орналасқан, Еуропа мен Азия арасындағы көпір бола тұра үлкен туристік әлеуетке ие. Қызмет көрсету мен демалыс инфрақұрылымы, тамаша табиғи ресурстар мен облыстың тарихи-мәдени объектілері туризмнің көптеген түрлерін дамытуға мүмкіндік береді. Туристер тарихи-мәдени және архитектуралық ескерткіштерге, Көрме залына, Мәдениет және демалыс саябағына, Мұз айдыны сарайына, облыстық тарихи-өлкетану мұражайына, театрлар мен филармонияға қызығушылық танытады. Облыста балалар-жасөспірімдер, танымдық, сауықтыру, экологиялық және т.б. сияқты туризм түрлері дамыған. Ат, су, велосипед, жаяу, экологиялық маршрут, аң аулау мен балық аулау сияқты туризмнің белсенді түрлері ерекше танымалдылыққа ие, сонымен қатар келесідей туристік маршруттар жасақталды: «Бөкей хандығына саяхат», Жайық өзені бойынша су маршруттары: «Шалқар көлі - далалық теңіз», «Жайықта - қалашық, Оралда - қала» және т.б.Туризмнің дамуына Орал өңірінің көптеген мүмкіншіліктері бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]