Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor-GTK.docx
Скачиваний:
241
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
178.69 Кб
Скачать

44. Шығыс Қазақстанның туризмнің мүмкіншіліктері және болашағы

Туризмді дамытуда Қазақстанның келешегі мол және тартымды өлкесінің бірі Шығыс Қазақстан облысы болып табылады. Мұнда туристтерді қызықтыратын көптеген нәрселер бар –кең аумақ, керемет ландшафтар, әр-түрлі климаттық аймақ, баға жетпес мәдени және тарихи ескерткіштер, туристік қызметтердің сан алуантүрі.  Бүгінгі күнде облысымыздың аумағында туроператорлық және турагенттік қызметтерді жүзеге асыратын 108 туристік ұйым, 16 туризм нұсқаушысы, 117 орналастыру орны, 84 демалыс орындары, 5 демлыс үйі, 34 емдеу-сауықтыру шипажайы, жиынтық көлемі 1723072 га немесе Шығыс Қазақстан облысы аумағының 6,0 % - ын құрайтын 14 республикалық маңызы бар ерекше қорғауға алынған табиғи аумақ тркелген.  Облыс аумағында Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Ғалами Экологиялық Қорын (UNDP/GEF) жетілдіру бағдарламасы және Бүкіл әлемдік Жабайы Табиғат Қоры (WWF) бағдарламасындағы Алтайдың Қазақстандық бөлігінің биотүрлігінің сақтау жөніндегі жобасында көрсетілген әлемдік маңызы бар табиғи ескерткіштер орналасқан.  Олардың көпшілігі қазіргі бар аумақтарда және жоспардағы ерекше қорғалатын аумақтарда (ЖЕҚА) ораласқан.  Облыс шегінде бірнеше рекреациялық аймақтар анықталған: Бухтарма жағалауы, Сібі көлдері, Алакөл көлі, Катон-Қарағай, Глубокий аудандары, Риддер, Өскемен қалаларының маңы. 

Тартымды табиғаты, ескерткіштердің жоғары сапада сақталуы, геосаяси жағдайларының үлкен өнеркәсіпті әлеуетімен сәйкестігі, келесі туристік өнімдерді ерекшелеуге мүмкіндік береді: - экологиялық туризм,  - жағажайлық туризм,  - тау шаңғысы туризм; - емдік - шипалы туризм; - мәдениет-танырлық туризм

Туристік фирмалар әр түрлі туристік сапар желілерін әзірлеп жатыр – «көшпенді»,«Белуханың етегіне»,«Изумруд сақина», «Алтай соқпақтармен» және т.б. турлар.  Біздің өлкеміздің керемет табиғи ландшафты, көптеген көлдері, өзендері, балық аулау, айуан аулау және ғылыми турларын, пантемдеу, шипажай-курорттық демалысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. мәдениет-танырлық турлар ескіліктерін, тарихін, халық мәдениетін жақсы көретіндерді қызықтырады,. Олардң қызметіне: қонақ үйлер. Бұл үйлерде халықтың тұрмыспен, салт-дастүрлерімен, ұлттық тағамдарымен, танысу, марал өсіру фермаларын көріп шығу мүмкін. 

Шығыс Қазақстан облысы: алаңы— 283,3 мың шаршы шақырым.  Әкімшілік орталығы— Өскемен қаласы,  тұрғындар— 1 416,4 мың адам. Облыс құрамына 15 аудан,  облыстық маңызы бар 4 қала (Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Глубокое, Жарма, Зайсан, Зырян, Катонқарағай, Көкпекті, Күршім, Тарбағатай, Ұлан, Үржар, Шемонаиха аудандар, Өскемен, Семей, Курчатов, Риддер қалалары) кіреді.

  • Мемлекеттік маңызы бар:

  • Ескерткіштер ( археологиялық, архитектуралық ) – 642

  • Театрлар – 4

  • Мұражайлар – 11

  • Кітапханалар – 324

  • Клуб типтес мәдениет мекемелері - 301

  • Стадиондар, спорттық құрылыстар – 12

  • Қонақ үйлер - 55

45. Батыс Қазақстанның туризмнің мүмкіншіліктері және болашағы

Туризм тек Европаны қана емес, Азия, Африка, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерін қамтыды. Әрине, халықаралық деңгейде туристермен алмасу көбінесе көрші елдердің арасында жүзеге асырылғанмен, алайда соңғы кезде алыстағы шет елдердің мәдениетімен танысу мақсатында қашыққа саяхат жасауға тілек білдіруші адамдар көбейіп келеді. Қазіргі заманғы ұшақтар жолаушыларды әлемнің кез келген нүктесіне жеткізе алады. Бұл мақаланы жазу барысында Батыс Қазақстан территориясындағы тарихи-мәдени және табиғи мұраларды рационалды қолдану арқылы жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік беретін, шетелдік инвестицияны тартудың арқасында республикалық және жергілікті бюджеттің ұлғаюына алып келетін бәсекеге қабілетті туристік кешенді қалыптастыру жолдары қарастырылды. Осы факторлардың барлығы Батыс Қазақстанның табиғи және туристік рекреациялық ресурстарын зерттеуге және санаторий курорттық емделуге арналған түрлі мекемелерді, демалыс үйлерін, пансионаттарды және жалпы туристік инфрақұрылымды дамытуға септігін тигізетіні сөзсіз.

Жоғарыда айтылғандай біздің республиканың басқа елдермен қатар туристік қызметті дамыту үшін үлкен мүмкіндіктері бар. 10 жылдан бері тұңғыш рет біздің еліміз өркениеттік туризмге бет бұра бастады. Қазақстанның туристік имиджін қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Сонымен қатар Батыс Қазақстан облыстарындағы туризмді дамытуға арналған көптеген перспективалық жобалар жасақталды. Тіпті шағын ғана ресурстардың өзімен Батыс Қазақстан территориясында мәдени танымдық туризмді ұйымдастыруға болады. Туристік қызметті дамытудың үлкен болашағы бар, егер де Қазақстан Республикасындағы туризм қарқынды дами бастаса, біздің ойымызша территориясының көлемімен ғана емес, экскурсиялық маршруттарының тартымдылығы және экономикалық тиімділігінің арқасында Батыс Қазақстанның алдыңғы орынға шығары сөзсіз. Көптеген зерттеушілердің еңбектерінің негізінде Маңғыстаудың тарихи-мәдени ескерткіштеріне қатысты мынадай қорытынды жасауға болады. Маңғыстаудың тарихи-мәдени ескерткіштерінің қалыптасуына бірнеше факторлар әсер етті, яғни ол өлкенің тарихи жағдайының өзінділігі, өлкеде әр түрлі тайпалардың өмір сүруі, ескерткіш жасауға ыңғайлы бор тас, ұлы тас, құм тас сияқты шикізат кен орындарының мол болуы, Маңғыстаудың негізгі құрлықтан оқшау жатқандығы т.б.Маңғыстаудың тарихи-мәдени ескерткіштері дегенде ең алдымен өлкенің киелі орындары мен әулиелері еске келеді. Маңғыстау жеріндегі 362 әулиеден басқа да көптеген ескерткіштер өлкенің жерлеу-салттық кешендерінің әр алуандылығын көрсетеді. Оларға ең алдымен кішкентай территорияда шоғырлана орналасу тән. Бұл осы өлкедегі дәстүрлі мәдениеттің оғыз-қыпшақ кезеңінен жаңа заманға дейін үздіксіз жүріп отырғандығының белгісі болып табылады.Ғылыми еңбектердің негізінде жасалған типологиялық классификацияға сәйкес өлкенің жерлеу-салттық ескерткіштерінің көп түрлілігін, архитектуралық формалардың әр алуандылығын көруге болады. Жаңа заманда Маңғыстаудың сәулет өнері дамудың жаңа сатысына көтерілді. Бұл кездегі тас өңдеуші ұсталардың кәсіби шеберлігінің арқасында Маңғыстаудың ескерткіштері өзіндік ерекше белгілерімен өзгешелене бастайды. XIX ғасырдың әлеуметтік-экономикалық өзгерістерінің енуімен байланысты өлкеде сәулет шеберлердің кәсіби артельдерінің пайда болуына жағдай жасады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]