Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor-GTK.docx
Скачиваний:
241
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
178.69 Кб
Скачать

39. Қазақстан қалаларының рекреациялық географиясы.

40. Туризмді жоспарлау түрлері және әдістері

41.Оңтүстік Қазақстанның туризмнің мүмкіншіліктері және болашағы

Туристік сала бүгінгі таңда экономикада басымды саланың бірі болып табылады. Облыста 802 тарихи және мәдени ескерткіштері орналасқан, оның ішінде 530-ы археологиялық, 44-і тарихи, 228-і саулет ескерткіштері болып саналады. Облыста туризмді дамытуда төмендегі басымдық бағыттарда жұмыстар жасалынуда:  -мінажат ету туризмі; - экологиялық туризм; - емдеу-сауықтыру туризмі; - балық, аулау-аң аулау туризмі.

Туристік қызмет аясында 26 ұйым (8- туроператорлық, 18-турагенттік салада қызметпен айналысады) және 3 жеке кәсіпкер айналысады, олар туристік қызмет көрсету көлемін және түсетін салықтардың өсімін ұлғайтуға  жұмыс жасауда. Туристерді орналастыру нысандарының саны 2008-ші жылы 75-ке жетті: оның ішінде 24 қонақ үй, 1 қонақ күтетін үй, 1 демалыс аймағы, 34 жеке кәсіпкер, 14 санаторий, 1 туристік база. Туризм саласында тұрақты жұмыс істейтіндердің саны 465 адамды құрайды.  Туристік қызметті пайдаланғандардың жалпы саны: 

  • келу туризмі – 10,702 мың адам;

  • шығу туризмі – 4,0583 мың адам;

  • ішкі туризм – 934,2 мың адам.

Туристік саланы реттеу облыстық бюджеттен 2009 жылға 5,1 млн теңге бөлінді, басқа облыстармен салыстырғанда, мысалы Астана және Алматы қалаларында, сонымен қатар Ақмола облысында тиісінше 54,3, 19,5 және 22 млн. теңгені құрайды.Соңғы уақыттарда «Тау самалы» аспалы жолы, «Ибрагим-ата», «Қарашаш-ана», «Мариям-ана», «Исқақ - ата», «Исмаил-ата» кесенелерін жөндеу және қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, олар «Жібек жолы орталығының  тарихи дамыту» бағдарламасына енгізілді. Қазіргі заманға сай мейрамхана, турбаза, кемпинг және басқа да орналастыру нысандарының құрылысы мен қайта құрылысына, сонымен қатар туристтерге ұсынылатын түрлі тағам мен демалыс орындары, мейманхана, кафе құрылысына көңіл бөлінуде. 2007 жылы наурыз айында Қазақстан Республикасы туристік Ассоциациясымен бірге  (Жапония, Гонконг, Франция, Германия, Италия және т. б.) 15 шет ел журналистерімен облыста «Ауылдық және экологиялық туризм» бойынша ақпараттық тур (инфотур) өткізілді. «Оңтүстік Қазақстанның туристік мүмкіндіктері» Веб-сайтының ақпараттары тұрақты жаңартылып отырады. «Silk way South.kz» атты каталогы, «Оңтүстік Қазақстанға қош келдіңіздер!» атты бейне таспасы шығарылды.  Облыс делегациясы қазақстандық туристік имидждің құрылуына және әлем рыногіне облыстық туристік өнімдерін алға бастыру мақсатында Алматы қаласында «Туризм және саяхат» атты Халықаралық Қазақстандық туристік жәрмеңкесіне және Токио қаласында «JATO-2007» Халықаралық туристік жәрмеңкесіне, Астана қаласындағы «Астана – Демалыс-2008» Қазақстандық жәрмеңкесіне қатысты. Шымкент қаласында 1-ші «Сарқылмас Саяхат» Қазақстандық жылжымалы жәрмеңкесі өткізілді, сонымен қатар облысымыздың көрнекті орындарына ақпараттық тур өткізілді.Туризмді дамытудың әлеуметтік-экономикалық мақсаттары мен міндеттері Бәсекеге қабілетті қазіргі заманға тиімді туристік салада халықты жұмыспен қамтамасыз ету, ішкі және кіріс туризмінің көлемін көбейту арқылы облыс халықының табысын тұрақты өсіруге ықпал жасау туризм саласының басты мақсаты болып саналады. 

Облыс туризмін дамытудағы сандық көрсеткіштер 2010 жылы облысымызда 2 туристік мекеме ашылуы жоспарлануда                                      (1-туроператорлық, 1-турагенттік мекемелер), ол 2009 жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 107,1% құрайды. Туристерді орналастыру нысандарының саны 15-ке көбеймек (3-қонақүй,             3-меймандар үйі, 1-демалыс аймағы, 3-жеке кәсіпкерлер, 1 –кемпинг, 2-сауықтыру лагерлері, 2- сауықтыру комлекстері, 1 – пансионат, 1-турбаза, 1 санаторий және 1 санаторий-профилакторий). Өсу қарқыны 118,8% құрайды.  2014 жылы туристтік мекемелер саны 43 болады, ол 2009 жылмен салыстырғанда 15 нысанға өседі. Оның ішінде 5 туроператорлық және                              10 турагенттік мекемелер ашылады. Туристерді орналастыру нысандары-128 жетеді, өсу қарқыны 160% құрайды. Оның ішінде туристік объектілерді қалпына келтіру іс-шаралары арқылы – 9 қонақ үй, 10 қонақ күтетін үй, 4 демалыс аймағы, 2 кемпинг, 5 сауықтыру комплексі,                    7 сауықтыру лагері, 3 пансионат, 2 санаторий, 2 профилакторилық санаторий,                  2 турбаза. Туризм саласындағы жұмысшылар саны 5 есеге көбейеді, оның ішінде тұрақты жұмысшылар саны – 1,5 есеге.  Туризмді дамытудағы маңызды және сапалы негізгі көрсеткіштер - шығу, келу және ішкі туризмдер болып табылады. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]