Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor-GTK.docx
Скачиваний:
241
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
178.69 Кб
Скачать

51. Солтүстік Қазақстанның туристік рекреациялық ресурстар номенклатурасын құрастыру

Солтүстік Қазақстан(Қостанай, Солтүстік –Қазақстан және Павлодар облысы) - аймақтың климаттық мүмкіндіктері туризмнің түрлі түрімен айналасуға мүмкіндік береді. Су, автомобилді, велосипедті т.б түрлері бар. Көкшетау, Баян-ауыл, Мұғалжарда курорттар емделуге жақсы болса, Корғалжын және Наурыз қорықтары ғылыми туризммен айналысатын туристерге қолайлы. Көкшетеу тауларының, ормандар мен көлдерінің қайталанбас бедері, Павлодар облысының оңтүстігінде Баянауыл құздары, Қоғалжын қорының өсімдік пен жануарлар әлемінің байлығы - адам баспаған табиғат бөлшегі ретінде өзіңді сезіндіретін қалпы бар.

Бурабай

Қазақстанның солтүстігінде Астана мен Көкшетау қалаларының арасында таңғажайып аудан, нағыз оазис Көкшетау бар. Географиялық тұрғыдан бұл бұрыш Көкшетау қыраты деп аталады, ал жергілікті жол көрсетушілер оны «Қазақстандық Швейцария» деп атайды. Орынның ең жоғары нүктесі - Көкшетау тауы. Одан оңтүстікке қарай Бурабай (690 м) - айрықша панорамалық нүкте орналасқан. Бурабай - бұл түйе. Одан оңтүстікке қарай Шортан төбешіктері орналасқан, оның ішінде ең үлкені Жеке батыр деп аталады (826 м).

Бурабай көлдері туралы айтпай кету мүмкін емес. Олардың саны көп. Ормандардың жасыл бетінде Шортанды, Бурабай, Үлкен және кіші Шабақты, Қотыркөл жарқырап жатыр. Көкшетау қырынан тағы да кіші көлдер: Ашық, Табан, Таулы, Аққулы көлдері көрінеді. Бурабайдың ең көрнекі орны Бурабай атаулы көгілдір шығанақ. Шығанақ суынан сфинксті елестетіп  тікелей Жұмбақтас көтеріледі, орманды қыраттар алдынан Оқ жетпес көтеріледі, оның шыңы пілге ұқсайды.

Баянаул

Павлодар облысы елдің ең бір керемет бұрыштарының бірі орналасқан Баянауыл Ұлттық Табиғи паркімен әйгілі. Ол индустриясы дамыған қала Екібастұздан жүз шақырымдай жерде орналасқан. Осы Ұлттық Паркте өсімдіктердің төрт түрі өседі: ормандар, орманды алқап, дала және шабындық. Павлодар қаласының Солтүстік Батыс шектерінде Ертіс өзенінің оң жағалауында әлемдегі бірегей орындардың бірі, табиғат ескерткіші Қаз қайтуы бар.

Наурызым қорығы

Наурызым қорығы Қостанай облысының Наурызым және Жетікөл аудандарының аумағында, Қостанайдан оңтүстікке қарай 190 шақырым жерде, Торғай жыра өзегінде орналасқан, бұл жерге Терсек, Сыпсың және Наурызым шатқалдары кіреді. Соңғы шатқалдың негізгі бөлігін Наурызым тоғайы алады. Қордың шыршалы ормандарын реликті деп санауға болады, олар үштік немесе төрттік кезең басынан өзгермеген күйде сақталып қалған. Наурызым қайындары Ресейге қарағанда жуанырақ болса да, тұзды көл маңында өскен қайыңдардың өзі әсем. Бұл ерекше түр - Қырғыз қайыңы - Солтүстік Қазақстан эндемигі. Ол шағын аумақта өседі және әлемде басқа еш жерде кездеспейді. Наурызым қорығының эмблемасы - сыңсыма аққу. Бірақ осы қорықтың белгісі - бүркіт бола алады, оның осы жерде 30 жұбы бар.

Қорықтың ең сымбатты аңдары,  Наурызым тоғайының әшекейі - құралайлар.

2. Тәуелсіздік Сарайы - мемлекеттік ресми іс-шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді, съездерді өткізу орны болып табылады. Ғимараттың сыйымдылығы, техникалық жабдықталуы, жайлылығы іс-шараларды жоғары халықаралық деңгейде өткізуге және көрсетуге мүмкіндік береді. Ресми іс-шаралармен қатар концерттерді, көрмелерді, мерекелік жиындарды өткізуге барлық мүмкіндік бар.

3. «Қазақ елі» монументі. Бұл – қазақ халқының асқақ рухының нышаны, мемлекеттіктің қастерлі белгісі. Ескерткіш кешен ниетімізбен түстес ақ мәрмәрдан құйылған колонналардан тұрады. Олардың ортасында биіктігі – 91 метр болатын зәулім мұнара көкпен таласады, бұл Тәуелсіздікке қол жеткізген 1991 жылды меңзейді. Биік тұғырдың ұшар басына азаттық пен мәрттіктің нышаны – самұрық құс қондырылған. Қоладан құйылып, алтын жалатылған құс мүсінінің салмағы 2,5 тоннаны құрайды. Мемориалдық ансамбль бірнеше мүсіндер жиынтығынан, барельефтерден тұрады. «Тұңғыш Президент және халық» барельефінде сан қилы соқпақтан аман келе жатқан халықтың еркіндікке, гүлденген ел болуға деген ұмтылысы көрініс тапқан. Ата Заңға қол қойып жатқан Елбасының анты мен аманаты да сәтті бейнеленген. «Қаһарман», «Жасампаздық», «Болашақ» барельефтері де еліміздің өткені мен жаңа тарихынан сыр шертеді. Кешеннің авторлары — сәулетші Саматбек Бөкебай мен суретші Сембіғали Смағұлов. Астананың төріндегі зәулім мұнараның алды бүгінде мемлекетіміздің ең басты алаңына айналды.

3.Ж. Аймаутов атындағы облыстық драма театры 1990 жылы 1 сәуірде ашылды. Директоры, шығармашылық жетекшісі – ҚазССР еңбегі сіңген әртісі, М.С.Щелкин атындағы Мәскеу театр училищесін бітірген Манап Мұхтархан Сәдуақасұлы. Театрдың ағымдағы репертуары 78 спектакльден тұрады, 2007-2011 жылдар арасында 35 жаңа қойылым жүзеге асты. Театр жылына 7 премьера қояды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]