Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor-GTK.docx
Скачиваний:
241
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
178.69 Кб
Скачать

52. Оңтүстік Қазақстанның туристік рекреациялық ресурстар номенклатурасын құрастыру

1.Отырар қаласы. Ежелгі Отырар шұраты Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында орналасқан. Оның жері Сырдарияның орта ағысы тұсындағы жағаларында орналасқан. Орта Сырдарияның алқабы, Тұран ойпатының бір бөлігі, Қызылқұм-Ортасырдария жазығына кіреді.

2. Арыстанбаб кесенесі XII ғасыр. Арыстанбаб кесенесі ХІІ ғасырда өмір сүрген белгілі діни мистик Арыстанбаб құрметіне тұрғызылған. Алғашқы жөндеу жұмыстары 14-15 ғасырларда жүргізілген. Содан бері алғашқы салынған ою өрнектер сақталынған. Жер сілкінісінен құлаған мазардың орнына 18-ғасырда екі күмбезді құрылыс салынған. 18-ғасыр ғимараты құлап қирағаннан кейін 1909жылы қайта салынды.Жерасты суының жоғарғы деңгейі салдарынан бүлінген мешіт 1971 жылы қайта салынды.

3. Хызыр мұнарасы. Хызыр мұнарасы Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам қаласында орналасқан. Сайрам қалашығы Оңтүстік Қазақстанда орналасқан ежелгі елдімекеннің бірі болып табылады. Сайрамсу өзенінің бойында, Шымкент қаласынан 10 шақырым қашықтықта орналасқан. Ерте орта ғасыр заманында (ІХ – ХІІ ғасырлар) Сайрам қаласының орнында – Испиджаб қаласы болған. Испиджабтың алғаш аталуы, 629 жылы қытай авторы Сюань-Цзяннің географиялық еңбегінде кездеседі.

4. Қ.А. Яссауи кесенесі XIV - XV ғасыр. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі Орта Азия мен Қазақстандағы теңдесіз тарихи жәдігер. Бұл ғажайып сәулет өнерінің туындысы өз бойына ертеден келе жатқан жергілікті және Шығыс мұсылман құрылыс тәжірибесін жинақтаған бірегей ғимарат. Бұл ғажайып ғимарат Әулиелердің Сұлтаны Құл Қожа Ахмет Ясауиге зор құрмет ретінде, оған деген халықтың шексіз сүйіспеншілігіне орай, Әмір Темірдің бұйрығымен 1397 жылы салына бастаған.«Мәдинада – Мұхаммед, Түркістанда – Қожа Ахмет, ...» деп Әзірет Сұлтанды ұлықтаған халқымыздың даналық сөзі Хақ Расулдың сүннетін бекем тұтып тұр .

1.«Әнші құм» табиғи ескерткіші.Іле өзенінің аңғарын бойлай орналасқан Үлкен Қалқан және Кіші Қалқан таулары етегіндегі құмды төбе.Биіктігі 150 м-дей, ұзындығы 8 км, ені 3 км. Қалқан тауларынан соғатын желдің бағыты үнемі өзгеріп отыруы нәтижесінде құм түйіршіктері електеніп, бірегей құм қоспасынан тұратын төбеге айналған. Құм суынып жел әсерінен қозғалысқа келген кезде, одан кәдімгі сырнайдан шыққан таза ән ырғағына ұқсас үн естуге болады; егер жел күшейсе, құмнан шыққан реактивті ұшақтың гүрілі сияқты дауысқа ұласады.

2.«Шарын шетен тоғайы» табиғи ескерткіші.Ұйғыр ауданының жерінде, Шарын өзенінің ортаңғы ағысында орналасқан тоғай. Осыдан 5 млн жыл бұрын қалыптасқан оның аумағы 4885 (5014) га жерді алып жатыр. Мұнда сирек кездесетін реликт өсімдіктер, соғды (шарын) шетені, сондай-ақ жиде, тал, терек өседі.

3.Алтын Емел ұлттық саябағы. 1996 жылы құрылған .Алматыдан 160 шақырым қашықтықта Жоңғар Алатауының оңтүстік аймағында орналасқан Қазақстан Республикасының ең ірі Ұлттық мемлекеттік табиғи саябағы Ең әсерлісінің бірі- Бесшатыр қорғаны. Бұл қорғандардың биіктігі 20метр, диаметрі 100метр, б.з.д. VII-IIIғасырлардағы сақ тайпасының ақсүйектері жерленген. Өсімдік әлемінің 634 түрі бар, оның ішінде 41 сирек кездесетін, ал 29 түрі эндемик болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]