Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor-GTK.docx
Скачиваний:
241
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
178.69 Кб
Скачать

1.Қазақстан туризм географиясы. Пән мақсаты және міндеттері

Қазақстан туризм географиясы – Қазақстан туризмінің аумақтық(кеңістік) ұйымдастырылуын зерттейтін ғылым, оның зерттеу пәні – кеңістіктегі туристік құбылыстар формалары мен қатынастарының және оларға байланысты үрдістердің анализі мен синтезін жасау болып табылады. Туризм географиясы жаратылыс, техникалық, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді қамтитын, кешенді зерттеулерге сүйенетін конструктивті ғылым болып табылады. Қазақстанның туристік-географиялық зерттеулері туристік функциялары қалыптасып үлгерген аумақтарымен бірге туристік-рекреациялық ресурстары бар болғанымен туристік қозғалыс әзірше ойдағыдай дамымаған жерлері де бар. Қазақстан туризм географиясы жас ғылым болғандықтан, оның теориялық зерттеулерінде атау сөздер мен негізгі түсініктеріне көп орын бөлінген. Сонымен, Қазақстан туризм географиясының алдында бірқатар міндет қойылады, олардың ішіндегі ең бастылары – гносеологиялық(танымдық) және конструктивтік (өзгерістер енгізуші). Аумақтың туризммен айналысуға жарамдылығын, оның формалары мен маусымдық сипатын, туризмнің аумаққа тигізетін әсерін ескере тұра, географиялық зерттеу, туристік өнімдердің кеңістікте топтастырылған туристік сұраныс пен ұсынысты зерттеу үлкен маңызға ие. Қазастан туризм географиясының тағы да бір міндеті – Қазасқтан туризмінің аумақты жүйелерін жобалау. Оның басты мақсаты – табиғаттың, халықтың және шаруашылықтың өзара әрекеттесуіне негізделетін туризмнің кеңістіктегі ұйымдастырылуын жетілдіру болып табылады.

2. Қазақстан туризм географиясының зерттелу тарихы

Ұлы Жiбек жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып қорықты жерлер ежелден саяхат және туризм нысандары болып табылған. Қазақстандағы алғашқы туристiк ұйымдар 20 ғ-дың 20 — 30-жылдары пайда болды. 1929 ж. Алматы қаласында тұңғыш туристiк жорық ұйымдастырылды. Оған Г.И. Белоглазов пен Ф.Л. Савин басқарған 17 мектеп мұғалiмдерi қатысты. Жорық Алматы төңiрегiнен басталып Есiк қаласымен (62 км) аяқталды. 1930 жылы Алматы өлкетану мұражайы жанында Пролетарлық туризм және экскурсия қоғамының өлкелiк бөлiмшесi жұмыс iстей бастады. Оның алғашқы төрағасы болып В.Г. Горбунов сайланды. Осы жылы Алматы қалалық телеграф пен пошта қызметкерлерiнен (16 адам) құралған топ (Ф.Л. Савин басқарған) Медеу — Көкжайлау — Үлкен Алматы к. жағалауына дейiн барды.

Қазақстан туризм географиясына В.Зимин, А.Бергрин, Д.Литвинов, Х.Рахимов, Г.Белоглазов, т.б. көп үлес қосты. 1931 жылдың қаңтарында Алматыдан Зиминнiң бастауымен алғаш рет шаңғышылар жорығы ұйымдастырылды. Олар Алматыдан шығып, Ұзынағаштан өтiп Қордай асуы арқылы эстафетаны Қырғызия командасына табыс еттi. Сол жылы Алматыдағы Жетiсу губернатор мұражайдың жанынан Бүкiлодақтық пролетарлық туризм мен экскурсия ерiктi қоғамының 10 мүшесi бар алғашқы ұясы ұйымдастырылды. Ол кейiннен Қазақстан өлкелiк кеңесiне айналды. Әуесқой туристердiң бастауымен Алатау қойнауындағы Күйгенсай (Горельник) шатқалында туристер үшiн шағын үй салынды. 1936 ж. бұл жерде республикадағы ең алғашқы 50 кiсiлiк “Горельник” турбазасының шаңырағы көтерiлдi. 1938 ж. Көкжайлау шатқалында (Алматы маңында) алғаш қазақстандық туристер слетi өттi. Оған 200-дей туристер қатысты. 1943 жылдың басынан “Горельник” турбазасында Кеңес армиясының тау атқыштарын даярлайтын Бүкiлодақтық нұсқаушылар мектебi орналасты.

1950 — 60 ж. Алматы жоғары оқу орындарында тау туризмi, альпинизм (шыңға шығу), спорттық туризм дами бастады. Мұның нәтижесiнде туристiк нұсқаушылар тобы қалыптасты. Осы жылдары С.Күдерин, Ү.Үсенов, Н.Дубицкий, В.Г. Хомулло, т.б. мамандар оқушылар мен студенттер арасында туризмдi дамытуда үлкен үлес қосты.1970 ж. құрылған Туризм және саяхатшылықтың республикалық кеңесi туризмнiң одан әрi дамуына әсер еттi.

Қазақстанда туризмнiң барлық түрлерi (танымдық, ойын-сауық, этн., экол., денсаулық сауықтыру, балалар, спорттық, аң аулау, балық аулау, атпен серуендеу), т.б. бойынша жүргiзiледi. Бұл үшiн Қазақстан аумағы бойынша 700-ден астам саяхаттық маршруттар белгiленген. Оларға Қазақстанда жиынтық сыйымд. 33 мың орынды 372 әр түрлi категориялы қонақ үйлер қызмет көрсетедi. Мыс., Алматы қ-нда қонақтарға “Алатау”, “Қазақстан”, “Достық”, “Есiк”, “Отырар”, “Астана”, “Анкара”, “Hyatt Regency Almaty”, “Интурист”, т.б. қонақ үйлер сервистiк қызмет көрсетедi. Астанада 30 туристiк фирма және 25 қонақ үй орналасқан. Олардың iрiлерi: “Окан — Интерконтиненталь Астана”; “Комформ — Отель Астана”, “Турист”, “Есiл”, “Жiбек жолы”, “Алтын дала”, т.б. Туризм мамандары Туризм және спорт академиясында, Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тiлдерi ун-тiнде, Алматы мемл. ун-тiнде, Қазақ Ұлттық ун-тiнде, “Тұран” ун-тiнде, т.б. жоғары оқу орындарында дайындалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]