Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpor-GTK.docx
Скачиваний:
241
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
178.69 Кб
Скачать

36. Қазақстанның емдік туризм географиясы.

Емдік туризм дегеніміз жұмыстан бос уақытта күнделікті әдетті жерінен тыс жерде белсенді физикалық және психологиялық демалыс арқылы ағзаны қалпына келтіру мақсатында белгілі бір уақытқа өз еркімен саяхат жасау. ( В.Говорецкий, 1997ж) Емдік туризмнің ең басты түрткілері мынадай:Туристің әбден болдырап кетуі, денсаулық күйінің белгілі бір жерде, белгілі бір маусымда дәрігер айтуы бойынша демалыс өткізуді қажет ету.Демалыстың белсенді сипаты, оның формалары туристің жеке дара қабілетіне лайық болуы қажет.Қазақстан емдік-сауықтыру туризмі үшін ерекше жер, себебі, еліміз тек қана емдік табиғи ресурстармен ғана бай емес, сонымен қатар, табиғи өңірлерде орналасқан заманауи санаторийлері де жеткілікті. Емдік-сауықтыру туризмі Қазақстанның барлық территориясына таралған, сондықтан, сіз елдің қай жерінде болсаңыз да, емделумен демалысты қатар қолдана аласыз. Емдік курорттар түрлі ауруларға ем болатын және алдын алатын кымызбен емдеу, минералдық су, бұғы мүйізімен емдеу, емдік климат және басқа  да  емдеу қызметтерді ұсынады. Сарыағаш – Оңтүстік Қазақстанның құрамындағы ең ірі аудандардың бірі, сонымен қатар сол ауданның орталығы болып табылатын қала. Сарыағаш Өзбекстанның астанасы Ташкенттен 15 шақырым жерде орналасқан.Ауданның бiрден-бiр табиғи байлығы жер асты минералды емдiк-ас сулары болып табылады. Қазiргi кезде 55 су ұңғымалары аймақты термальды сумен қамтамасыз етіп отыр.

Оңтүстік Қазақстан облысында бірегей табиғат жағдайлары мен минералды су көздерінің арқасында ондаған шипажайлар мен емдеу-сауықтыру орындары салынды. Жыл бойы мұнда ТМД мен алыс шетелдерден ондаған мың адам келіп, ем қабылдайды.

«Алтын Бұлақ» емдеу-сауықтыру орны әсем көлдің жағалауындағы орманды алқапта, «Сарыағаш» минералды су көздерінің тұсында орналасқан. «Сарыағаш» шипажайы тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл ТМД аумағына танымал. «Сарыағаш» шипажайының тарихы 1946 жылдан бастау алады, сол жылы геологтар ізденіс бұрғылауларын жүргізген кезде 1400 метр тереңдікте ыстың мөлдір су көзін тауып, оның минералды екені анықтады. «Жансая» шипажайы «Сарыағаш» курортының аумағында, қайнарлар мен курорт саябағының қасында орналасқан. «Көктерек Сарыағаш» шипажайы Сарыағаш қаласының табиғаты әсем ауданында орналасқан. Жылы климат жағдайлары, таза ауа, самал жел, күн сәулесінің мол түсуі, минералды су, осының бәрі – шипажайдың аса құнды табиғи және климаттық емдік факторлары. «Арман» шипажайы 1982 жылы КСРО ІІМ қызметкерлері үшін арнайы салынған. Ол – Қазақстанда да, таяу шетелде де белгілі демалыс және сауықтыру орны. Заманның ең жаңа талаптарына сай Aray Deluxe Thermal Resort сауықтыру кешені Сарыағаш қаласында орналасқан. Бұл – медициналық қызметтер көрсетілетін минералды курорт.

«Біркөлік» емдеу-сауықтыру орны Төле би ауданының Біркөлік шатқалында орналасқан. Біркөлік шатқалы Тянь-Шань сілемінің тарамдарында теңіз деңгейінен 1100 метр биіктікте, облыс орталығы Шымкент қаласынан 50 км қашықтықта орналасқан. «Манкент» шипажайы Сайрам ауданында, Шымкент қаласынан 25 км жерде орналасқан. Қазіргі заманғы талаптардың барлығын қанағаттандыратын үш қабатты «Ақ Жайық» шипажайы 2008 жылдан бері емделушілерді қабылдайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]