Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
политология экзамен.docx
Скачиваний:
40
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
133.56 Кб
Скачать

Жаңғырту шарттарындағы саяси социализация және азаматшылықтың құрастырылуы.( н.Назарбаев «Тарих шежіресінде»)

Жеке адамның құқықтары мен бостандықтары Адам құқықтары мен бостандықтары (АҚБ) - жеке тұлғаның әлем қауымдастығы мойындап, халықаралық-құқықтық құжаттарда бекітілген, әлеуметтік және құқықтық тұрғыдан қамтамасыз етілген, ешкім шек қоймайтын немесе тыйым сала алмайтын құқықтары мен бостандықтары. Адамның қандай да бір игіліктерді иеленуін қамтамасыз ететін, өз еркімен іс- әрекет жасауына мүмкіндік беретін мемлекет пен бұқара арақатынасының негізгі принциптері АҚБ-на жатады. Адамзат қоғамында бұл мәселеге ежелден баса назар аударылған. Мысалы, Аристотель адам құқықтарын "табиғи" және "шартты" деп екіге бөледі. Адамның табиғи құқықтарын мемлекет орнатқан шартты құқықтардан жоғары қояды. Орта ғасырда АҚБ жасаған қайырымдылықтар, рақымшылықтар ретінде түсіндірілді

Жергiлiктi басқару және өзiн-өзi басқару органдары туралы ҚР-ның Конституциясы.89-бап 1)Қазақстан Республикасында жергiлiктi маңызы бар мәселелердi тұрғын халықтың өзi шешуiн қамтамасыз ететiн жергiлiктi өзiн-өзi басқару танылады. 2)Жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды тұрғын халық тiкелей сайлау жолымен, сондай-ақ халық топтары жинақы тұратын аумақты қамтитын селолық және қалалық жергiлiктi қауымдастықтардағы сайланбалы және басқа жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары арқылы жүзеге асырады. 3)Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет тәртібiн заңмен белгiленген шекте азаматтардың өздерi белгiлейдi. 4)Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының дербестiгiне олардың заңмен белгiленген өкiлеттiгi шегiнде кепiлдiк берiледi.

Заңға сүйенген мемлекет: ұғым және қағидалар.

Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты.Мемлекетте тұратын адамдар сол елдің азаматы болуы керек. Мысалы, партияға, кәсіподаққа, т.т кірсең де, кірмесең де өз еркінде. Ал мемлекеттің аумағында тұрған соң, сол елде туған соң, сол елдің азаматы боласың. Азаматтығы жок адам(апатридизм) құқықтық жағынан қорғансыз болады.Ал азамат болсаң сол елдің занын орындауға мәжбүрсің. Орындамасаң мемлекеттің күштеу органдары жауапқа тартады.Осы көрсетілген белгілер мемлекетті басқа ұйым, мекеме, бірлестіктерден ерекшеленеді.

Қазiргi американдық политология: р.Даль, г.Алмонд, д.Истон, г.Лассауэлл тағы басқалар.

Дэвид Истон (1917) – канадалық және американдық саясаттанушылардың ішіндегі көрнектілерінің бірі. Оның негізгі еңбектері: «Саяси жүйе» (1953 ж.), «Саяси өмірді жүйелік талдау» (1956 ж.), «Саяси құрылымды талдау» (1990 ж.). Истонның саяси ғылымға қосқан негізгі үлесі саяси жүйенің өмір сүруін зерттеуге, сонымен қатар саяси әлеуметтену мәселесін зерделеуге жүйелік талдаудың принциптері мен әдістерін бейімдеумен және қолданумен байланысты. ХХ ғасырдың 30-50 жылдарында АҚШ-тың саяси ғылымы бихевиоризмге үлкен назар аударды. Бихевиоризмнің классиктері (Ч.Мериэм, Г.Лассауэлл, Дж. Кэтлин және т.б.) саясатты тұлға аралық өзара әрекет тұрғысынан қарастырды.

Олардың түсінігі бойынша, саясат жекелеген индивидтердің өзара әрекеті мен саяси әрекеттердің жиынтығынан құралады, яғни индивидуалдық саяси жүріс-тұрыс векторларының қосындысынан қалыптасады. Индивидтер билік мәселесінде өзара қарым-қатынасқа түседі, олардың индивидуалдық мақсаттары саяси ӛмірдің негізін құрайды. Осы жағдайда саяси сала ең алдымен белгілі бір әрекеттер мен өзара әрекеттерден қалыптасатын («акций», «интеракций») индивидтердің саяси белсенділігінің жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Америка саясаттанушысы Габриэль Алмонд (1911) осы бағыттың көрнекті өкілі болып саналады. Оның негізгі жұмыстары: «Салыстырмалы саясат: даму тұжырымдамасы» (1966 ж.), «Дамушы аймақтардың саясаты» (1968 ж.), «Бүгінгі салыстырмалы саясат» (1988 ж.).

Алмондты саяси жүйе және саяси мәдениет жӛніндегі теориялық зерттеулері танымал етті. Алмонд дайындаған саяси жүйе моделдерінде негізінен «кіру» және «шығу» функцияларына кӛңіл аударылды. Алмонд саяси мәдениеттің мазмұнын құрайтын саяси бағыт-бағдарлардың және саяси жүйенің өмір сүру сипатының арасындағы өзара байланысты көрсетті.

Алмонд пен С.Вербаның бірігіп шығарған «Азаматтық мәдениет. Бес мемлекеттегі саяси қатынастар және демократия» (1963 ж.) атты еңбегінде салыстырмалы саяси талдаудың әдістерін, мысалға АҚШ, Мексика, Италия, Ұлыбритания және Германия сияқты бес ел халықтарының саяси мәдениеттерін салыстыру арқылы паш еткен.